Сценарий Даярлығым қош енді

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Даярлығым қош енды.

Құрметті ата аналар өздеріңіз білетіндей өткен жұмысты қортындылау керек. Міне бүгін сіздердің алдарыңызда мектепалды даярлық тобының, быржыл бойы оқыған үйренген істерін қортынды жасайық деп отырмыз. Міне бүгін біз «Даярлығым қош енді» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Сіздерге , әр бір отбасына береке бірлік тілей отырып ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса бүлдіршіндерді ортаға шақырайық.

( екі екіден ортаға кіреді)

Ұстаз Айналайын балалар

Алдарыңда мектеп деген ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер даналар.

Өтті қызықта көп күндер

Алтты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер,

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Ал құрметті қонақтар өздеріңізді бүлдіршіндермен таныстырып өтейін.

Әріптерді оқиды,

Айтқанды ойға тоқиды.

Өзі жылдам әрқашан

Ақмаралға арналған.

Анель біздің қашанда,

Жол көрсетіп жүреді

Оқымаған балаларға

Өзі оқып береді.

Әділет ұйықтайды сабақта,

Әлде ойлайма тамақты.

Тамақ ішіп болған соң

Бірақ ойлайма сабақты.

Р ды Л деп айтады.

Айтқанынан қайтпайды.

Азаматты түзетсек,

Р ды сызып тастайды.

3 ті з деп айтады,

З ны 3 деп оқиды.

Түзеткенмен бәрәбір,

Тұрар ойынан қайтпайды.

Апай деп еркелейді,

Қарамасаң өкпелейді.

Ақнұр біздің ерке қыз,

Ол ерекше дара қыз.

Әнші қыздар бар біздерде

Эленора Айнұр Жанаргул

Ән айтқанда майысып,

Барлық бала қарар бір.

Әбзел бізде мазасыз

Көп сөйлейтін тыңдамай.

Сөйлеп сөйлеп сабақта,

Ұйықтап қалар бұртиып.

Би билейтін майысып,

Биші қыз бар Әсемдей

Өнерлі өзі нәзік жан,

Мейрімді сондай адал қыз.

Нұрсұлтан Фархад Азамат

Біздің батыр ұландар.

Отан қорғап болашақта,

Биік ұшар қырандар.

Хор. Атамекен

(балалар орындарына отырады)

Ән салғызып билеткен,

Ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп,

Ойнатады күледі.

Қызық-қызық ертектер,

Біздерге оқып береді.

Жылауықта тентекте,

Сол апайға көнеді.

Бастап бізді далаға,

Серуенге де шығады.

Біз жүгірсек далада,

Байқап бізді тұрады.

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салғызып билеткен.

Таныстырып ең алғаш,

Әріптермен суретпен.

Доспен тату ойнауды

Мерекені тойлауды,

Бойымызға сіңірген,

Көптің қамын ойлауды.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастаймыз.

Көңілді әуен сазымен,

Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Апайымыз қарайды

Аяққа бір қолға бір.

Би билейміз ән салып,

Қол ұстасып жүреміз

Мерекені қарсы алып,

Ойнаймызда күлеміз.

Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып ән шырқап,

Билеп билеп береміз.

Кішкентай емеспін,

Алтыға толдым мен.

Ертпейақ мені ешкім,

Мектепке бардым мен.

Оқимын сөздерді,

Суретте саламын,

Мінезім өзгерді,

Енді ақылды боламын.

Оқудан кейін тағыда,

Үйге қайтып келемін.

Апам менен Атама,

Өлең айтып беремін.

-Ал енді балалар біз қандай сабақтар оқыдық?

-Дұрыс. Сауат ашу ,математика, мүсіндеу, қоршаған орта,имандылық,көркем әдебиет т.б.

-Ал балалар біз сол сабақтарға қысқаша шолу жасап аналарымызға не үйренгенімізді көрсетейк.

Сауат ашу.

-Мынау қандай әріп, А, П, С,О дауысты дауыссыз, қандай сөз білесіңдер?

-Мына тақтада жазылған сөзді кім оқиды?

-Ата, Ана, Отан, Жер. Осы сөздерге сөйлем құрап көрейік?

-Өте жақсы.

Математика

-Балалар біз қаншаға дейін санауды үйрендік?

-Дұрыс, мына тақта берілгег тапсырманы орындап көрейік.

1+2 2-1 4 6

2+3 5-3 8 4

4+4 8-3 9 9

5+1 10-5 5 10

  • Ал балалар шаршадық па? Ондай болса сергіту жаттығуын жасайық.

  • Ал енді көркем әдебиеттен жаттаған тақпақтарымызды айтайық.

Әсем, Ақмарал, Фархад, Әнель,Әсем

-Өте жақсы, енді біз кезекті айтысқа берсек.

(Азамат,Нұрсұлтан)

-Ал балалар енді имандылық сабағы.Кім қандай мақал мәтел жаңылтпаш біледі.

Ақнұр, Әсем, Тұрар Фархад.

-Ал енді біз дене шынықтыру сабағына берсек.

(ұлдар ортаға шығып қимылдарын көрсетсе)

-Ал енді балалар ән күй сабағынан үйренгенімізді көрсетейік.

Эленора Тұрар көбелек

Әсем Ана

Жанаргул Той шашу.

Азамат Қошақан.

Би Қара жорға

Ойын Ата аналар . Берілген әріптерге тез арада сөз немесе сөйлем құрау керек.

Би билеу.

Балалармен ойын Көзді байлап сурет салу.

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер ұшқыш не ғалым.

Саған ыстық сезіммен.

Рақмет саған мұғалім.

Менде өзіңді әрдайым,

Қамқоршы деп ұғамын.

Күліп атқан таңдаймын,

Жарқынсың сен мұғалім.

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге.

Жамандықтан жирентіп

Ақыл болған кім бізге?

Десек ол жан мұғалім.

Тақпақ ертек ән бидің,

Бәрін бойға құйғыздың.

Санамызға сіз біздің,

Бар асылды сиғыздың

Жақтың білім шырағын,

Рақмет саған мұғалім.

Хормен

Сары ақпыз карамыз,бәрімізде баламыз

Бір ауылда тұрамыз,бір мектепке барамыз.

Бір жыл туған төлдерміз,арман қуған ерлерміз.

Әрқашанда бәріміз, биіктерге өрлейміз.

Хор Әрқашан күн сөнбесін.

Ал құрметті ата аналар міне бүгінігі ертеңгілікті тамашаладыңыздар, баларыңыздың қаншалықты жетістікке жеткені жетпегенін көрдіңіздер. Ал өздеріңіз білесіздер біз баға журналға қоймаймыз, бірақта өзіміз бағалаймыз. Міне менім қолымда мақтау қағаздары тұр жалауымыз көк түсті болғанан кейін, үздік оқушыларда көк түспен марапатталады.Екпінді оқушылар қызыл түспен марапатталады.Сіздерге көп көп рақмет келгендеріңізге.







1+ 1-

© 2010-2022