Разроботка внекласного мероприятие «Қош бол, даярлық топ!»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қош бол, даярлық топ!»

Сабақтың мақсаты:

1. Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерін,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.

2. Оқушылардың сөздік қорын,тілін,ойын дамыту,ой-өрісін кеңейту,өнерді сүйюге тәрбиелеу.

3. Оқушыларды бауырмалдыққа,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

4. Көрнекіліктер:шармен безендіру,қанатты сөздер,сурет салынған плакаттар,гүлдер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сыныпты дайындау,безендіру.

ә) Оқушыларды даярлау.

ІІ.Кіріспе бөлімі:

Мұғалімнің сөздері:

Құрметті әріптестер,аяулыда,ардақты ата-аналар және бүлдіршіндер.Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының "Қош бол,даярлық топ!" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер,бүгін саналы оқушы болып,1-сыныпқа қадам басқалы тұр.Білім кемесіне мініп, білім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы.Қазір бір жыл бойы алған білімдерін көрсетіп,өнерлерімізді ортаға саламыз.

Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.Құрметті көрермендер "Қош бол,даярлық топ!" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Сіздер үшін бүгін үлкен мереке,мерекелеріңіз құтты болсын!Отбастарыңызға береке-бірлік,жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Жүргізушінің сөзі:

Ұстаздар шығарады кеменгерді,

Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.

Ду қол шапалақпен қарсы алайық,

Бүгінгі салтанат иелерін.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Даярлықпен қоштаспақ!

II. бөлім. Біз білімді баламыз.

Құрметті оқушылар сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсету үшін "саяхат сабағын" бастаймыз. Поезга мініп саяхат жасаймыз.

Біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді оқып білім алдық. Қане барлығымыз айтып көрейікші. (балалар пән аттарын айтып шығады)

Осы пәндерді бекеттерге пайдалана отырып пәндерден алған білімдеріңді корсете білейік. Әр бекетте бір кейіпкерден тұрады.

1. Сауат ашу бекеті

(Ортаға әуенмен Жалқаубек келеді.)

Жалқаубек: Мен сендердің көлеңкелеріңмін. Мен әрқашан да сендердің қастарыңнан табыламын. Мен сендерге көмек беруге әрқашан дайынмын. Кез келген істеріңді ертеңге қалдыруға көмектесемін.

(Ішінен бірдене айтып жастығын алып ұйықтап қалады.)

Жүргізуші: Балалар мынау кім екен? Келіп неге ұйықтап қалды? Мұндай баланы қандай бала деп атауға болады?

Балалар: Жалқау бала. Бұл - Жалқаубек

Жүргізуші: Балалар бізге Жалқаубек керек пе?

Балалар: жоқ!

Залдан Жалқаубекті шығарып тастайды.

Сауат ашуда нелерді оқып үйрендіндер?

- Әріптерді,дыбыстарды,буындарды,сөздерді, сөйлемдерді,дауысты,дауыссыз дыбыстарды, сөздер жазып үйрендік.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

- Дауыссыз дыбыстар ше?

- Тақтаға өз атын кім жазып береді?

- Тақтаға сөз,сөйлемдерді жазу,(Ана,Ата,Отан,Әже,Бала т.б)

- Сөздерге сөйлем құрау,сызықша аркылы жазу.

2. Математика бекеті. Тапқышбек: Математика ең қажетті ғылым. Ал, ол үшін цифрларды білу керек. Және олармен дос болу керек. Балалар, сендер сандармен доссыңдар ма?

- Балалар сендер математика пәнінен нелерді оқып үйрендіңдер?

\0-ден 20-ға дейін санап,жазып үйрендік,есептер шығарып үйрендік.><.=.+.-.таңбаларын үйрендік. Геометриялық пішіндерді үйрендік (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)\

- Сандарды ретімен орналастыр (3, 2, 7, 5, 4, 6, 9, 10, 8, 1)

- Берілген фигураларды атаңдар.

Есептер шығару.Мәселе есептер.

3. Көркем әдебиет бекеті. Қонжық

Көркем әдебиеттен нелерді оқып үйрендіндер (Өткен ертегілерді еске түсіру)

4. Қоршаған орта бекеті. Қоян

Айналаны қоршаған ортадан нені үйрендіндер?

(Табиғатты ,су,жер,күн,жанды,жансыз,жәндіктерді,жануарларды,құстарды оқып үйренейік)

1. Оқушыларға түрлі сұрақтар беру.

5. Тіл дамыту бекеті. Жасырынбақ

Тіл дамытудан нелерді оқып үйрендіндер?

(Әңгіме,диолог сөздер,мақал-мәтелдер,жумбақтар,тақпақтар)

Менің сендерге арнайы жасырынған жұмбақтарым бар соны шешуге дайынсыңдар ма?

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар Бидай

Бұрап қойған сағаттай

Айғалайды таң атпай Әтеш

Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айғай да шу Түлкі

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады Қоян

Өте дұрыс айтасыңдар:

ІІІ. бөлім "Біз өнерпаз баламыз"атты концерттік бағдарлама.

Олай болса бүгінгі мереке арналған концерттік бағдарламаны ашуға рұқсат етіңіздер.

(оқушылардың жаттаған таппақтарын айтады).

Нұрсұлтан: Жеті жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата - ананы,

Мектепке кетіп барамыз

Айжан: Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып,ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

Аслан: Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз,

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Ақсұңқар: Мектепке енді барамыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Нұрасыл: Мектепке мен барамын.

Кілең бестік аламын.

Ата - анамды қуантам,

Үлкен азамат боламын.

Мақсат: Мен қайырымды баламын.

Тек жақсылық ойламын.

Кішілерге қамқормын,

Біріншіге дайынмын.

Айша: Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз

Ән: «Ертегілер»

ІVбөлім«Ата-ана және мен»сайысы

(қоржын ішінде сұрақтар берілген)

  1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

  2. Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?

  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

  4. Төзімділікке әр уақытта төзесіз бе?

  5. Сериал көріп жатасыз ба?

  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

  9. Бала үшін балаларды ұрасыз ба?

  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Би: «Шығыс биі» Айжан, Ақсұңқар.

Жүргүзуші: Құрметті балалар сендерді енді даярлықпен қоштасып 1-ші сынып оқушысы боласыңдар,сендер тәртіпті,жақсы оқушы болу үшін маған қандай уәде бере аласыңдар?

Ендеше балалар, ойын ойнайық! Ойынның аты «Иә, жоқ» деп аталады.

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Таңертен ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

Жүргүзуші: Құшағында жарқалдап

Өтті сәби күндерім

Мектепке барам мен енді

Даярлық топ қош енді

Би: Корей биі

1)Батаңды бер Ата-ана

Елдің атын жазамыз,

Жердің атын жазамыз.

Туған тілге тазамыз

Біз 1-ші сыныпқа барамыз

Батаңды бер Ата-ана (улкен кісіден бата сұрау)

Ән: Нұрын төккен маған...

Би: флешмоб

IV бөлім қорытынды. Оқушының сөзі.

Міне құрметті Ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!Біздің бүлдіршіндеріміздің білімдерімен,өнерлерімен таныстыңыздар,сіздерге рахмет айта отырып,біздің бүлдіршіндерімізге өз тілектеріңіз болса білдіріңіздер!

Құттықтау сөздер алғыс хаттар тапсыру.

© 2010-2022