Планирование детский сад Алтын жұмыртқа

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлімі : Тіл дамыту

Тақырыбы : "Алтын жұмыртқа"

Мақсаты : Балаларға үстел үсті театры арқылы баяндап айту , сұрақ жауап арқылы балалардың сөйлеуін , тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету . Ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекеттеріне назар аудара отырып , ертегіні түсінуге , қабылдауға , сезінуге , мейірімділікке , адамгершілікке тәрбиелеу .

Дамытушылық : Балалардың ойлау қабілетін дамыту , қызығушылығын дамыту .

Тәрбиелік : Мейірімділікке , адамгершілікке тәрбиелеу .

Көрнекілік : Ертегі кейіпкерлерінің суреті , макеті .

Әдіс - тәсілдері : Ғажайып сәт , ой - қозғау , әңгімелесу , түсіндіру , көрсету , үйрету , сұрақ - жауап , сергіту сәті , қорыту , мадақтау .

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз . Қане бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы .

Күніміз жарық болсын !

Аспанымыз ашық болсын !

Деніміз сау болсын !

Еліміз тыныш болсын !

"Балабақшамыз жайнап тұрсын!

Нанымыз көп болсын !"

Жарайсыңдар балалар .

Балалар бір - біріне тілектерін айтып қайталайды .

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Күз мезгілі неше айдан тұрады ?

Жарайсыңдар ! Күз басталысымен ауа - райы салқындай түседі . Күн тұман болып , жел есіп , ағаштың жапырақтары сарғайып , жердің беті сары кілем жайғандай . Құстар жылы жаққа ұшып , суықта мекендейтін құстар қалып қояды . Балалар сендер үй құстарын білесіңдер ме ?

Дұрыс айтасыңдар ! Тауық , әтеш , үйрек , қаз үй құстарына жатады . Ендеше мен сендерге "Алтын жұмыртқа" ертегісін айтып берейін .

Ертеде атай мен әжей болыпты . Олардың тарғыл тауығы болыпты . Атай мен әжей тарғыл тауыққа жем беріп , күтіп бағады . Бір күні тарғыл тауық алтын жұмыртқа басып шығарады . Атай алтын жұмыртқаны қолына алып әрі ұрады , бері ұрады сынбайды . Әжей де алтын жұмыртқаны алып сындыра алмайды . Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді . Сол кезде алтын жұмыртқа жарылып қалады . Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп , жылап , қайғырады .

Содан кейін тарғыл тауық , ақ жұмыртқа басып шығарады . Оған атай мен әжей қуанады . Сөйтіп олар ұзақ өмір сүреді .

Балалар ертегі ұнады ма ?

Балалар бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар ?

Тарғыл тауық қандай жұмыртқа тауып берді ?

Жұмыртқаның түсі қандай ?

Жұмыртқаның пішіні қандай ?

Сергіту сәті .

Қанатымызды қағайық ,

Мойнымызды созайық .

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі .

Балалар тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі .

Тауық : қыт-қыт-қыт. Сәлеметсіздерме балалар ! Қандай әдемі балалар !

Тәрбиеші : Балалар біздің ертегіміздегі тауық емес пе ?

Тауық : Менің жұмыртқамды тышқан жарып кетті . Мына жұмыртқаларымды құрастыруға көмектесесіңдер ме ?

Рақмет балалар , мен қуанып қалдым .

Тәрбиеші : Тауық сізде бізбен бірге ойын ойнаңыз , көп қонақтың бірі болыңыз .

Дидактикалық ойын :

"Өз орныңды тап"

Шарты : Көлдің бетіндегі аққудың , үйректің , қаздың балапандары көлдің жағасындағы батпақта батып қалыпты . Сол балапандарды аналарының қастарына орын - орнымен орналастыруымыз керек .

Тауық : Балалар сендер өте білімпаз , ұқыпты екенсіңдер . Сендер ер жеткен кезде , үй құрастырушы , сәулетші балалар боласыңдар ! Мені балапандарым іздеп қалар , көп - көп рақмет сау болыңдар !

Күз мезгілі .

Үш айдан тұрады . Қыркүйек , қазан , қараша .


Әтеш , үйрек , қаз , тауық , балапан жатады .

Балалар ертегіні қызыға тыңдайды .





Иә , ертегі бізге ұнады .

Ата , әже , тауық , тышқан .

Алтын жұмыртқа , ақ жұмыртқа .

Түсі ақ .

Сопақша .

Балалар қимыл - қозғалыс жасайды .

Балалар таңырқап қарайды .

Тауықпен амандасады .

Иә .

Иә , құрастыруға көмектесеміз .

Балалар жұмыртқаны құрастырады .

Балалар балапандарды өз аналарының қастарына орналастырады .


Балалар тауықпен қоштасады .

Рефлексивті түзетушілік

Балалар тауық сендерге риза болып қалды . Сендер өздеріңнің жақсы , ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер . Сонымен ертегіміздің аты қалай болды?

Ондағы кейіпкерлерді атап жіберейікші ?

Дұрыс айтасыңдар !

Бізге қонаққа кім келді ?

Бүгінгі оқу іс - әрекетіне барлықтарың жақсы қатыстыңдар . Жарайсыңдар балалар !

Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады .

Күтілетін нәтиже

Біледі : Ертегі кейіпкерлері туралы

Игереді : Ертегі мазмұны және күз мезгілі туралы түсінеді .

Меңгерді : Жұмыртқа құрастыруды және ойынды бірлесе ойнауды меңгерді .



© 2010-2022