Поурочное планирование по ИЗо на казахском языке

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:________________

Білім саласы:шығармашылық

Бөлімі:сурет салу

Тақырыбы: Түстер әлемі

Мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру.

Міндеттері: қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу-тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштар-лықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру; ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз,бояутақта,түрлі қылқаламдар,гуашь,акварель бояу,су құйылған ыдыс,қолорамал.

Бала үшін: қағаз,жұмыс дәптері,жай және түрлі түсті қарындаштар,акварель бояу,гуашь,қылқаламдар, су құйылған ыдыс,қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу.

кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең



Ізденіс ұйымдастыру кезеңі











Рефлексия

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Армысыңдар,балалар

Армысыз .................... .

2.Кіріспе әңгіме:

-Ертеде адамдар суретті жерге, тастың үстіне салған. Себебі оларда сурет салуға арнайы құралдары болмаған. Бояу ретінде сазбалшықты пайдалан-ған. Кейін шөптің бояуы шығаты-нын байқап, оларды бояу орнына қолданды. Қылқаламның орнына саусқтарымен жұмыс жасаған. Кейінірек түрлі түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі түс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады.

3.Жаңа тақырып:

-Балаларды сурет салуға арналған құралдармен таныстыру.

-Жұмыс жасау ережесімен таныстыру.

-Акварель, гуашь, түсті қарындаштармен тәжірибе жасау.

4.Жұмыс ретімен таныстыру.

-Түрлі бояуларды қолдану арқылы сызықтар мен геометриялық пішін-дерді салады.

5.Сергіту сәті: «Сағаттың тіліндей...»

6.Дидактикалық ойын: «Немен салған?»

Шарты: сурет салуда қандай бояу қолданылғанын анықтап айту.

7.Қортынды:

-Бүгін нелер туралы әңгімелестік?

-Сурет салуға арналған құралдарды атаңдар?

-Балалардың жауаптарын мадақтау.

-Балалар қимылмен көрсетеді.



-Зейін қойып тыңдай-ды.



-Өлең жолдарын талдайды.

-Білгендерін ортаға салады.



-Акварель ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың жағылады, қою; қарындаш-тар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі.

-Өткенді еске түсіріп қортындылайды. Жұмыстарына баға береді.

Білу:сурет салуға арналған құралдарды атай алу.

Игеру:бояу құралдарының қасиеттерін игеру.

Меңгеру:бояу құралдарымен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеріп алу.





© 2010-2022