Жаңа жыл келді. Көркем әдебиет

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 9

«Балбұлақ» ересек тобы «24» желтоқсан 2014 жыл

Білім беру саласы: ''Қатынас''

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жаңа жыл келді» (өлеңді жаттау)

Мақсаты : өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу; балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету; сөздік қорларын молайту; балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтере отырып жаттату.

Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: жыл мезгілдері ерекшеліктерін қайталайды.

Қостілдік құрам: қыс- зима, қар- снег, жаңа жыл - новый год, шырша - елка.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын арай таратты.

Армысың, алтын Күн!

Армысың, аппақ қыс!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Жақында қандай мереке болады?

-Жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?

Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде тойланады. Жаңа жылда жасыл шыршаны безендіріп, ойыншықтармен сәндейміз. Жаңа жыл мерекесі отбасылық мереке. Әндер айтып, би билейміз.

-Бүгін біз ақын Сағи Жиенбаевтың «Жаңа жыл келді» атты өлеңімен танысамыз.

Жаңа жыл да келеді.

Бізге қарай жылыстап,

Өлең де әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Сұрақ - жауап:

-Өлең қалай аталады?

-Жаңа жылда балалар не істейді?

-Жаңа жылда қонаққа кім келеді?

Сергіту сәті:

Қар борайды оң жақтан,

Қар борайды сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Сурет бойынша әңгімелесу.

Қостілдік құрам:

Қыс - зима

Жаңа жыл - новый год

Шырша - елка

-Қыс мезгілі.

-Жаңа жыл мерекесі.

-Аяз ата келеді, сыйлық аламыз.

Түсіндірмені мұқият тыңдайды.



Өлеңді қайталап жаттайды.



-Жаңа жыл келді.

-Ән жаттап, жаңа жылды, аяз атаны асыға күтеді.

-Аяз ата келеді.

Қимыл арқылы орындайды.



Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды.

Қайталау арқылы меңгереді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: әдемілікке, әсемдікке баулу.

Ойын шарты: екі үлкен шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлініп, шыршаны безендіруі керек. Сол топ жеңімпаз болады.

-Балалар аязатадан қандай жақсы сыйлық күтесіңдер?

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.



-Балалардың өз ойларын достарымен бөлісуі.

Күтілетін нәтиже:

Білу: жаңа жыл мерекесі туралы тақпақ жаттайды.

Үйрену: өлеңді қайталай отырып жаттауды.

Меңгеру: отбасылық мереке екенін меңгерді.

Әдіскер: Тәрбиеші : Сариева К.С

© 2010-2022