Открытый урок Баптары бар айнымыайтын батадан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баптары бар айнымайтын батадан,

Барша заңның қайнар көзі- Ата заң!

Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарына тоқтала отырып, балаларды шыншылдыққа, әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Отананын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу. Ата заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тарихи танымын кеңейту.

Әдіс- тәсілдері: айтып түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап алу, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан рәміздері, альбомдар, ҚР картасы, ҚР Презибенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті.

Батыржан: Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім - сағынарым,

Мәңгі - бақы шырқалады,

Республика әнұраны.

Әнұран орындалады.

Жүргізішуі: Құрметті балалар, бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата Заң күнін атап өтеміз. Заң дегеніміз- қоғамның ізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз- мына біздер, ал Ата Заңымыз-еліміздің рәміздерінің бірі.

Н.Ә. Назарбаев «Ата Заң-бұл да рәміздердің бірі Сондықтан негізгі заңды, елдің туын, әнұранын және елтаңбасын қадірлеу, құрметтеу- біздің парызымыз» деген.

Назанин: Көкбайрағы бабамның-

Бүгінгі ұрпақ жалауы.

Тірегі әке-баланың-

Қазақстан жалауы.

Диербек: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көлемнің

Ортасы аспан әлемі.

Сардор: Ата-бабам тұлпар мініп, айқасқан

Әрбір сөзге кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел президенті сайланды,

Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.

«Өз елім» әні.

Жүргізуші: Әрбір азамат заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті орындауы өз елінің Ата Заңын, халқын құрметтеуі деп білеміз. Ата-Заң- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

Чарос: Ата Заңым-бабалардың лебізі,

Ата Заңым- барлық Заңның негізгі.

Арқа сүйер Ата Заң да адамды,

Артық санау, кемсітудің жоқ ізгі.

Хадя: Еркін елдің Ата - Заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам құқы, бостандығы теңдігі-

Барлығын да қарастырған жан-жақты.

Ханталаппай ойыны ойналады.

«Қаражорға» биі орындалады.

Жүргізуші: Біздің Ата Заңымыз-дүние жүзіндегі ең әулетті заң. Ол республикадағы халықтардың мүдделеріне лайықты жасалған.

«Артық болмас білгенің...» (Сұрақ-жауап)

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан Республикасында.

- Қазақстан қандай Республика?

- Егеменді, тәуелсіз Республика.

- Қазақстан республикасының елбасы кім?

- Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-ҚРның мемлекеттік тілі қалай аталады?

- Қазақ тілі.

- ҚРның елордасы қай қала?

-Астана

-ҚРның негізгі нишандарын атау.

-Ту, елтаңба, әнұран.

-ҚР ның мемлекеттік әнұранының авторлары кім?

- Н. Назарбаев, Ж.. Нәжімединов, Ш. Қалдаяқов.

-ҚР ның елтаңбасының авторлары кім?

- Авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.

-ҚР ның мемлекеттік туының авторы кім?

-ҚР ның мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков.

-Біз қай облысқа қараймыз?

- Шымкент облысына қараймыз.

- Біз ауданымыз қалай аталады?

- Сайрам.

- Біз қай ауылда тұрамыз?

- Карабұлақ, Ақсуабад, Шапрашты.

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Отан деген отбасым, елім, жерім, ауылым, үйім, әнім күйім, атамекен.

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады.

Жүргізуші: Балалар, сендер өнерлі, білімді екенсіңдер. Ал енді тақырыбымызға оралсақ, Ата Заңда әрбір азаматтың борышы басқа азаматтардың мемлекеттегі ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп көрсетілген.

Алишер: Ынтымақ , достық, тыныштық,

Туыстық бізге тым ыстық.

Бейбіт өмір белгісі-

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

Жүргізуші: Күні бүгін ата-бабаларымыздың асыл-арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік, біртұтас, жалпыға бірдей Ата Заңымыздың болуы.

Осы Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз.






Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі

------------ Ж. Татишбаева

«28» 08. 2013 жыл



«Баптары бар айнымайтын батадан,

Барша заңның қайнар көзі - Ата Заң!»

атты ертеңгілік сценариі















Музыка жетекшісі: Абдираимова Х

© 2010-2022