Экология негіздері тақырыбына - Киімдер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы: Киімдер.

Мақсаты: Білімділік.Балалар қыстың суықтығын, қыс мезгіліне жылы киіну керектігін айту.

Дамытушылық. Адамдар мен табиғат арасындағы өзгерістерді сәйкестендіре білуге үйрету.

Тәрбиелік:Маусымдық өзгерістерге байланысты киімдерді сараптай білуді үйрету, тиянақтылықты, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Қыс мезгілінің суреті,жылы киінген балалардың бейнесі.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мативациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты

Гүлдене қарсы алайық.

Балалар шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырушы-қозғаушы.

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Ауа райы қандай?

-Далада не жауып тұр?

-Сендер жылы киім киіп жүрсіңдер ме әлде жеңіл киім киіп жүрсіңдер ме?

-Не үшін жылы киініп жүрсіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар балалар,дала суық сондықтан жылы киімдерімізді киіп жүруіміз керек.

-Балалар қандай жылы киімдерді білесіңдер?

-Ия балала,дұрыс айтасыңдар!

-Басымызға бас киім,Кеудемізге күртеше, аяғымызға пима,қолымызға қолғап киіп жүруіміз керек.

-Бас киім кимесек басымыз тонады,күртеше кимесек денеміз тонады,пима кимесек аяғымыз тонады.содан біз ауыра бастаймыз ия,балалар?

-Балалар әр мезгілдің өз киімдері болады екен,ия балалар?

-Көкте айында жеңілдеу киім киеміз,

-Жаз айында жуқа киім киеміз,

-Күз айында қалындау киім киеміз,

-Ал қыс айында өте қалын болып киінеді екенбіз.

Сергіту сәті:

Ал балалар келіңдер,

бой жазайық бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Аяқтармен топ-топ басып орнымызға тұрамыз.

Д/О:Киімдердің орнын тап.

Мақсаты:Әр түрлі мезгілдің киімдерін балалар өз орнына қоюы керек.

-Қыс

-суық

-Қар

-Жылы

-себебід,дала суық.


Балалардың жауабы тындалады.



-Ия

-Ия

Балалар тыңдайды.



Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындады.

Балалар ойынды ойнады.

Рефлексивті-түзетуші

-Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?

-Қандай түрлері бар екен?

-Қандай киім қыста киеміз,жуқа ма әлде қалын ба?

-Өте жақсы!

-Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

-Маған да өте ұнады,рахмет сендерге!

-Сау болыңдар!

Балалардың жауабы тындалады.



Қоштасу.

Біледі: Қысқы киімдер жайлы, оның түрлері.

Меңгереді: Әр айдың өзіне тән киімдерін олардың ерекшеліктерін меңгереді.

Игереді: Киімдердің түрлерін, оның сипатын, түрлерін игереді.


© 2010-2022