Планирование урока в 1ой младшей группе детского сада Қыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көңілді қыс

Мақсаты: Жылы киініп,шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру, тақырыпқа сәйкес жұмбақ шешкізіп, балалардың зейінін дамыту, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:. Қыс мезгілінің бірнеше суреті, үлестірмелі материал.

Сабақтың әрекеті: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Ұйымдастыру:

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

Балалар дөңгеленіп тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектерін тілейді.Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

Ол не? (Қар)

Шеңбер бойына тұрып, бір-біріне тілектерін білдіреді.

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар, барлығымыз терезеден далаға қарайықшы.Қазір жылдың қай мезгілі?

-Оны қайдан білдік?

-Қыс айлары:желтоқсанғ қаңтар, ақпан.

2.Суретпен жұмыс.

-Қыс мезгілі.Даланы аппақ қар басты.Қыс мезгілінде ауа райы суық болады.Қыста адамдар қалай киінеді?

Кәне, қысқы киімдерді атайық?

-Тоң, тымақ,етік,қолғап және т.б.

3.Сергіту сәті.Ә.Табылдының «Ақ боран» немесе басқа да ақындардың қыс туралы өлеңімен орындалады.

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.Төрт мезгіл бейнеленген суреттердің ішінен қыс мезгілін тапқызып, оны сызып көрсеткізу.

5. «Қар жинау» ойыны. Шарты: екі топа бөлініп, мақтадан жасалған қарды жинап, себетке салудан жарысу.

Қыс мезгілі.

Дала аппақ.

Күн суық.

Қыста адамдар киінеді.

Қайталап айту.

Педагогтің көмегімен бірге орындайды.

3.Рефлекциялық-түзеушілік

Сұрақ-жауап арқылы

не үйренгендерін пысықтау.




Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің айдарың біледі, 2-3 сөйлем құрай білу дағдыларын игереді,қыс мезгілінің ерекшеліктерін және қысқы ойын түрлерін туралы білімдерін меңгереді.



© 2010-2022