Тақырыбы: Ойыншықтар әлеміне саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» бақшасы КМҚК









Тіл дамыту

«Ойыншықтар әлеміне саяхат»





Сабақтың тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат »

Сабақтың мақсаты: Балалардың сөздік дыбыстарын дұрыс,

анық айту, сөйлеу мүшелерін дұрыс

қолдана білуге жаттықтыруды, сөздік

қорын дамыту, ойыншықтар туралы

алған білімдерін ойын- жаттығу арқылы

тиянақтау, ойыншықтарды атай білу,

түсін, дене мүшелері айырмасын

ажырату, олармен ұқыпты ойнап,

қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әртүрлі ойыншықтар.

Сабақтың жүрісі: Балаларды ұйымдастыру.

Таңғы шеңбер: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң балалар.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз

  • Күз айларын атаңдаршы?

  • Қыркүйек, қазан, қараша.

  • Балалар, біз ойыншықтарды білеміз бе?

  • Білеміз.

  • Қазір бәріміз ойыншықтар әлеміне саяхатқа барайық.

  • Қараңдаршы, қандай әдемі, әсем ойыншықтар.

  • Барлығы да бізге қарап қуанып отыр.

  • Балалар, кімге қандай ойыншықтар ұнайды?

Балалардың жауаптары.

  • Ойыншықтардың дене мүшелерін атайықшы?

  • Қоянның неше құлағы бар? (екі)

  • Құлағы қандай?(ұзын)

  • Мұнау қуыршақ (ерекшеліктерін сұрау)

  • Ойыншықтарының атын атау.

Ойыншықтар пласстмассадан, резинадан жасалады.

Қатты, жұмсақ болып бөлінеді.

  • Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

  • Ия

  • Кәне ойыншықтар туралы тақпақ айтайықшы

Дильназ: Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Бақтияр: Добым, добым домалақ

Қайда кеттің домалап,

Үстел үстін бүлдірдің

Тарелкені сындырдың

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім геп.

Ақжүніс: Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, қуыршақ

Ойыншықтар ұқпайды

Ақыл айтсақ, бұйырсақ

Осылары дұрыс па?

Тұрғызамыз бұрышқа.

Тәрбиеші: - өте жақсы балалар, ойыншықтар туралы тақпақты

көп білесіңдер екен.

- Енді балалар барлығымыз мына қуыршақты ұйықтатайықшы.

Тойдырдың бөкпенге

Үйреттің төкпеуге,

Төсек дайын бөпем

Демал енді көкем

Ұйықтай қойшы қуыршағым.

  • Кәне, барлығымыз бірге айтып, бөпемізді ұйықтатайық.

Қорытындылау.

Мадақтау



© 2010-2022