Балаларды тәрбиелеу мақсатында халық ауыз әдебиеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балаларды тәрбиелеу мақсатында халық ауыз әдебиеті


Бесік жырлары.

Бесік жырының басты қызметі - бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 - 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін Бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр.(С.Сейфулин)

Балаларды тәрбиелеу мақсатында халық ауыз әдебиеті



АНАНЫҢ ӘЛДИІ

Мамық төсек салайын,
Құшағыма алайын.
Қозым менің ұйықтасын,
Арқасынан қағайын.

ӘЛДИ-ӘЛДИ

Әлди-әлди бөпесі,
Ояу жатыр көкесі.
Үй артында апаң бар,
Тоңсаң саған шапан бар.

Әлди.

Әл-әл бөпем,әл-әл-ай,

Жылама,бөпем,жылама,

Жілік шағып берейін.

Қойға кеткен апаңды,

Қайдан тауып берейін.

«қой» дегенде қоя ғой,

Қойдан бағлан сояйын.

Құйырығына тойғызып,

Ұйықтатып сені қояйын.

Әже әлдиі.

Әлди, әлди, немерем,

Мен өзіңмен көгерем.

Жалықпаймын күн бойы,

Қызығыңа кенелем.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Келіншектің бесік жыры

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Көк ала иттің құйрығын

Жіпке тағып берейін!

Әлди-әлди, жанашым!

Алдыма алып шабайын,

Тойға кеткен әкеңді

Кайдан іздеп табайын?

Әлди-әлди, аппағым!

Жылама, менің жүрегім,

Әкең малда тұр шығар

Таяныш қып күрегін.

Әлди, менің бөбегім,

Әкең жүр ғой малменен!

Жүрген шығар алысып

Шұна қаяз қарменен.

Қартайғанда күтетін

Әкесі мен шешесін,

Кандай жігіт өскенде

Болар екен бөпешім?

Өңкей біздей зарлыға,

Кемдіктегі жарлыға,

Жаным менің ержетіп

Көсем болар ма екенсің?

Тақылдаған таңдайы,

Кере қарыс маңдайы.

Алмас тілді немесе,

Шешен болар ма екенсің?

Бұлбұлдай боп тілінен

Тәтті айтқанда бал тамған,

Ащы айтқанда қан тамған

Ақын болар ма екенсің?

Не болмаса жүректі,

Күш, қайратты, білекті,

Кемшілікке көнбейтін

Батыр болар ма екенсің?

Омырауы есіктей,

Ақ балтыры бесіктей,

Егінші боп, өзгеге

Нұсқа болар ма екенсің?

Отқа темір қайнаткан,

Бұт балғаны ойнатқан,

Нанша илейтін темірді

Ұста болар ма екенсің?

Не болмаса жұмыскер,

Не өнерлі мініскер,

Саусақтары сүйріктей

Зергер болар ма екенсің?

Не қасқа атты Қамбардай,

Аш қылмайтын аң барда,

Құралайды көзге атар

Мерген болар ма екенсің?

Жақсы болып ержетсе

Балапаны бөпесі,

Бағы ашылып, анасы

Көкке тиер төбесі.

Бақытсыз боп ержетсе,

Бар үміті - қарағы,

Михнат шеккен сорлы ана

Ашпағаны қабағын.

Әлди-әлди, балашын!

Ұйықтатайын тербетіп...

Тілегім сен, құлыным,

Үміт ақта ержетіп!..

БЕСІК ЖЫРЫ

Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын,бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем...

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгіден

Озып келер тай ме екен?

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектр қайда екен?

Қара қарға қарда екен.

Жапалақтар жарда екен.

Балпаң-балпаң басатын

Балапандар қайда екен.

Әй бөпем-әй бөпем,

Ұыйқтадың ба, бал бөпем?..

Алдағанға көнетін

Аңқау бөпе қайда екен?

Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Үйкың да келді.

Жұмсак бесік,
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым.
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Үйықта, жұм көзің.

Құлынщактар,
Қозы, лақтар -
Бәрі де уйқыда.
Сен - жұлдызым,
Сен - көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.

Сая жаным,
Балапаным,
Соқсын дауыл, жел,
Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл.

Бәу-бәу, бөпем,
Бәу-бәу, бөпем,
Әлди, әлди-ай!
Сәулем, еркем,
Кұні ертең
Толарсың сен-ай.

Пісіп алмам,
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.
Сұлу сүйрік,
Жорға, жүйрік
Тайға мінерсің.

Қара жарғақ,
Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің.
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,
Қысып сүйермін.

Мініп тұлпар,
Алып сүңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сөзім,
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.

Қызық іздеп,
Қыздар көздеп,
Елдер кезерсің.
Тарлан шүйіп,
Сүлу сүйіп,
Үйден безерсің.

Қуып бақыт,
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Жүрек жара,
Мен бейшара
Жастар төгермін.

Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.
Сен еріме -
Жас бөріме
Қарсы кім түрар!

Алмас қылыш,
Найза құрыш
Белге буарсың.
Сен, сырттаным,
Арыстаным,
Жауды қуарсың.

Туған жерден,
Өскен елден
Ерге не қымбат!
Жас жолбарыс,
Жаумен алыс,
Шаңға, қанға бат.

Айбатыңды,
Қайратыңды
Көріп карт анаң,
Төгіп жасын,
Жайып шашын,
Тілер: «Бол аман!»

Кұтем, кұйем,
Көрсет, Ием,
Сол алтын күнін.
Үйқың тәтті,
Үйқың қатты,
Қозым, кұлыным.

Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай!
Әлди,бөпем,
Әлди,бопем,
Әлди, әлди, әлди-ай!

Әлди

Әлди,әлди,әлди,аппағым,

Қозының жүні қалпағым.

Жұрт сүймесе сүймесін,

Өзім сүйген аппағым.

Әлди,әлди,алаңға,

Жел қонады далаға.

Сүт пісіріп берейін,

Нұрланжан деген балаға.

Ақбесік.

Әшекейлі ақ бесік-

Әлдиіме баң бесік.

Шүмегінді табайын,

Түбегіңді салайын.

Сылдырмағың салайын,

Жібек көрпе жабайын.

Бауың-барқыт,пүліштен,

Балдақтарың күмістен.

Жабдығыңмен сайлысың,

Жатса бөпем,жайлысың,

Бөпем сенде өседі,

Құтты болсын төсегі.

Бесік жыры

I

Әлди, әлди, әлпешім!

Ұйықта деймін, ұйықтайсың.

«Мә-мә» берсем қайтесің,

Ұйықта десем, ұқпайсың.

Жоқсың бүгін көз ілген,

Көп ісімнен бөгедің.

Жаудыраған көзіңнен!..

Ұйықтай қойшы, бөбегім.

Әлди,әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды

II

Ұйықта десем, күлесің,

Айналайын күлкіңнен!

Ер жеткен соң білесің,

«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.

«Кешіктің, - деп, - сабақтан»,

Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,

«Жоқ қой әлі таң атқан», -

Деп жүрмеші бұртындап.

Әлди, әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

III

Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой

Ұйықтайтын бұл шағыңда.

Қызық өмір - думан той

Тұр ғой күтіп алдыңда.

Ұйықтап өткен не табар

Бұл өмірге бекер кеп?

Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,

Ер жеткен соң бол сергек!

Әлди, бөпем, бөпемсің,

Кім боп шығар екенсің?

IV

Күлімдейсің - күнімсің,

Батар дағы күн шығар.

Уілдейсің - күйімсің,

Күй де бір кез тыншығар.

Сен де тынық бір мезгіл,

Толқып кана жат, бөпем.

Аспанымда жүзе біл,

Айым менің - ақ бөпем!

Әлди, өлди, әлдиім,

Назды, нәзік ән-күйім!

Келіншектің
бесік жыры
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін!
Әлди-әлди, жанашым!
Алдыма алып шабайын,
Тойға кеткен әкеңді
Кайдан іздеп табайын?
Әлди-әлди, аппағым!
Жылама, менің жүрегім,
Әкең малда тұр шығар
Таяныш қып күрегін.
Әлди, менің бөбегім,
Әкең жүр ғой малменен!
Жүрген шығар алысып
Шұнақ аяз қарменен.
Қартайғанда күтетін
Әкесі мен шешесін,
Кандай жігіт өскенде
Болар екен бөпешім?
Өңкей біздей зарлыға,
Кемдіктегі жарлыға,
Жаным менің ержетіп
Көсем болар ма екенсің?
Тақылдаған таңдайы,
Кере қарыс маңдайы.
Алмас тілді немесе,
Шешен болар ма екенсің?
Бұлбұлдай боп тілінен
Тәтті айтқанда бал тамған,
Ащы айтқанда қан тамған
Ақын болар ма екенсің?
Не болмаса жүректі,
Күш, қайратты, білекті,
Кемшілікке көнбейтін
Батыр болар ма екенсің?
Омырауы есіктей,
Ақ балтыры бесіктей,
Егінші боп, өзгеге
Нұсқа болар ма екенсің?
Отқа темір қайнаткан,
Бұт балғаны ойнатқан,
Нанша илейтін темірді
Ұста болар ма екенсің?
Не болмаса жұмыскер,
Не өнерлі мініскер,
Саусақтары сүйріктей
Зергер болар ма екенсің?
Не қасқа атты Қамбардай,
Аш қылмайтын аң барда,
Құралайды көзге атар
Мерген болар ма екенсің?
Жақсы болып ержетсе
Балапаны бөпесі,
Бағы ашылып, анасы
Көкке тиер төбесі.
Бақытсыз боп ержетсе,
Бар үміті - қарағы,
Михнат шеккен сорлы ана
Ашпағаны қабағын.
Әлди-әлди, балашын!
Ұйықтатайын тербетіп...
Тілегім сен, құлыным,
Үміт ақта ержетіп!..

АНАНЫҢ ӘЛДИІ

Мамық төсек салайын,
Құшағыма алайын.
Қозым менің ұйықтасын,
Арқасынан қағайын.

Бөпем менің қалғыды,
Тербетті оны ән-жыры.
Бота, қозы, құлыншақ -
Ұйықтап қалды барлығы.

Ай арбамен жетіпті,
Күн ұйқыға кетіпті.
Жұлдыз кіріп кетер деп,
Қақпаларын бекітті.

Ормандар да қалғыды,
Қорғандар да қалғыды.
Сен де ұйықтап қала ғой,
Анасының жан нұры!

Күнім ұйықтап қалыпты,
Анасы әнге салыпты.
Ол түсінде ғажайып
Ертек-елге барыпты,
Алтын алқа тағыпты.

ӘЖЕ ӘЛДИІ.

Әлди, әлди, немерем,

Мен өзіңмен көгерем.

Жалықпаймын күн бойы,

Қызығыңа кенелем.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Ақ бесікті тербетіп,

Бір өзіңді жыр етіп,

Әжең тыным таппайды,

Өссін деп сен ержетіп.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Құшайын мен иісіңді,

Ақ жүзіңнен сүйкімді.

Тыныш үйде, бесікте,

Қандырып ал ұйқыңды.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Бейбіт өмір қыраны,

Солдат ағаң қырағы,

Шекараны күзетін,

Кірпік қақпай тұр әне,

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Астық жиған еңіске,

Әкең кетті егіске.

Күліп-ойнап жата ғой,

Тамағыңды сен іш те,

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Шешең қазір келеді,

Аймалайды, өбеді.

Мазаламай тыныш жат,

Шаруасы көп еді.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

Сүйеу болар тірегім,

Соғып тұрған жүрегім,

Арналады өзіңе,

Бар арманым, тілегім.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!


ХАЛЫҚ БЕСІК ЖЫРЛАРЫ.

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні - қалпағың.
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.

Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!..

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын күн бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар үйінде,
Ақылбайдың үйіне
Бұрала барып түс, бөпем,
Қымызынан іш, бөпем!

* * *
Қолымыздан іс алып,
Мойынына күш алып,
Бізді бағар ма екенсің?
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Кең балағың түріскен,
Ұлы топта күрескен

Палуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан,
Түре қуар ма екенсің?
Қуып ойдың жетігін,
Біліп ғылым тетігін,
Ғалым болар ма екенсің?
Еңбек етіп бар елге,
Өнеріңмен әлемге
Мәлім болар ма екенсің?
Көп қиыннан өтерсің,
Мақсатыңа жетерсің.
Ұйықтай қойшы, бөпешім!

Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның,
Сақылдап сен де күлерсің.
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңды білерсің,
Әлди, балам, әлди-ай,
Апаң айтқан ән-күй-ай.

Бесік жырын апаңның
Кішкенеңнен жаттай бер.
Қаз-қаз тұрып өмірге,
Басып табан аттай бер.
Өзіңе арнап, бөпешім,
Тау суындай сарқырап,
Толқып аққан жыр қалсын.

Жеңілтек болма, бөпешім,
Салмақты бол ерлердей.
Жүгіре берме далаңдап,
Құр бекерге ербеңдей.
Жылама, балам, жылама,
Атасы айтқан бұл сөзді,
Бөпешім менің ұға ма?
Әлди, балам, әлди-ай!
Жетіге қашан келесің?
Суын әкеп шешеңнің
Ержеткен соң берерсің,
Құрығын ұстап әкеңнің
Соңына сен де ерерсің.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!
Әкең сенің қуансын,
Шешең сенің қуансын.
***
***
Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, әлди қақ,
Ержеткенде жылқы бақ.
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Су бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де,
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Бесікті аластау.
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!

Бесікке бөлеу.
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.

Бесіктен шешіп аларда
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын.

ӨС-ӨС!

(балдырғанның қол-аяғын созу)

Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол - балуан білекті,
Батыл бол - таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным

Айналайын айдан,
Су алайын сайдан.
Жігіт болып, бөпешім,
Тисін елге пайдаң!
Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Ұйықтай қойшы тезірек,
Толықсыған қырмызым!









© 2010-2022