Оқу іс-әрекеті: Жапсыру. Тақырыбы: Аю

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Аю

Мақсаты: Құмды қолдана отырып, аюдың бейнесін жасау.

  1. Білімділік: Балалардың аңдар туралы білімдерін толықтыру.

  2. Дамытушылық: Тілдік қорын жетілдіру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Аңдарды қорғауға, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.

Көрнекіліктер: Аюдың суреттері, ойыншық аю.

Керекті құралдар: Құм, желім, аю салынған суреттер.




Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық

қозғаушы

Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Балалар шеңберде тұрып, амандасады:

Сәлем деймін мен күнге,

Сәлем деймін мен саған,

Сәлем деймін апайға,

Және біздің қонақтарға.



Ұйымдастырушы-ізденушілік

Тосын сәт:

-Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, кім келгенін көрейік.

Ойыншық аюды кіргізеді.

-Балалар сендер танисыңдар ма бұл не? Аю, сен не үшін келдің?

Аю: мен сендердің сабақтарына қонаққа келдім.

Тәрбиеші: -Балалар, қане, онда біз қандай ақылды балалар екенімізді көрсетейік. Қазір бізде жапсыру сабағы, бүгін біз құмды қолдана отырып, аюдың бейнесін жапсырамыз. Суретке назар аударайық. Бұл - аю, оның құлақтары, басы, денесі аяқтары бар. Оның түсі қоңыр, ол орманда өмір сүреді. Қыста олар ұйқыға жатады, ал көктемде індерінен шығады. Көктемде барлық табиғат ұйқыдан оянады. Ағаштар бүршік жарып, жапырақтар шыға бастайды.

Дидактикалық ойын: «Аюды тап». Берілген аңдардың ішінен аюды табады.

Орталықтармен жұмыс:

-жапсыру орталығы: берілген суретке желім жағып, үстінен құм себу.

-құрастыру орталығы: қиылған аюдың суретін құрастырып жинау.

-Балалар, біздің аюдың қарны ашып қалды, біз оған жеміс-жидек теріп берейік.

Сергіту сәті:



-Балалар, аюдың орманына қайтатын уақыты болды, оны шығарып салайық.


-Иә.

-Бұл- Аю.


Суретке назар аударып, тәрбиешіні тыңдайды.


Ойын ойнайды.

Орталықтарда жұмыс жасайды.



Сергіту сәтін орындайды.

Орталықтарда жұмыс жасайды.





Ормандағы аюдың,

Құлпынай көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Себетімізге салайық.

Орталықтардағы балалар ауысады.



Қорытындылау

Бүгін біз сабақта не істедік?

-құмнан аюдың бейнесін жасадық.

Менің сендерге берер сыйлығым бар.(кобдишаның ішінен жапырақтар беру)

Осы жапырақтарды ағашқа жапсырамыз.

Сұраққа жауап береді.

Жапыратарды ағашқа жапсырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі: аюды басқа аңдардан ажырата білу.

Меңгеруі: құмнан аюдың бейнесін жапсыруға үйренеді.

© 2010-2022