Эколого-дидактикалық панно арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік сөйлеу байланысының белсенділігін арттыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлібекова Гүлмира Сүлейменқызы

«МҚКК - № 3»

Тәрбиеші, 2 санат.

«Эколого-дидактикалық панно арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік сөйлеу байланысының белсенділігін арттыру.


Мектепке дейінгі жас-адамның өзіндік логикасы мен ерекшелігі бар даму кезеңі, бұл өзінің тілі, ойлау түрі, әрекеттері бар ерекше әлем. Біз мектепке дейінгі балалық шақтың әлемін қалайша танимыз? Ал бала айнала қоршаған ортаны қалай таниды? Баланың дамуына әсер етуін қалай танимыз? Ең алдымен, түрлі балалар ойыны арқылы, баланың экологиялық тәрбиесін жоғарлатуға болады, өйткені экологиялық тәрбиені, мектепке дейінгі балалардан бастау керек. Себебі, ойын - балалар табиғатына үйлесімді келетін, саған жақын құбылыс.

Біздің балабақшаның міндеттерінін бірі, инновациялық технология бойынша айнала қоршаған орта туралы балалардың экологиялық тәрбиесін белсендіру. Неге десек, ойын барысында бала өзі біле алмағанын танып, істей алмағанын істеуге дағдыланады.

Ойын - тек көңіл көтеру ғана емес, ол сондай-ақ балдырғанның шығармашылығы, шабытты еңбегі, оның өмірі болып саналады. Ойын кезінде бүлдіршін айналадағы әлемді танып қоймай, өз-өзін танып, бұл әлемде өзінің орнын табуға тырысады. Бала ойнап өз білімін жетілдіреді, ойлау мен елестету қабілетін дамытады, сонымен бірге туған тілін меңгеріп, қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Сөз сөйлеудің дамуы баланың ойлау, не елестету қабілеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Сөз сөйлеудің белсенділігін арттыру маған балаларды ойын әрекетіне тартуға көмектеседі. Кез келген ойынды өткізуде балалардың қызметін ұйымдастыру мен басқарудың басты ережесін естен шығармау керек екенін ерекше атап өткім келеді.

Бұл - балаға ыңғайлы және қызықты болғаны шарт. «Эколого-дидактикалық панно арқылы мектепке дейінгі балалардың сөз сөйлеу белсенділігін арттыру» тақырыбын алған себебім, балалардың сөз сөйлеу қабілетін дамытуға өте маңызды.

Өзектілігі: Мектепке дейінгі балаларды айнала қоршаған ортаны қалыптастыру есі табиғат тәрбиеден басталады. Адамзаттың болашағы экологиялық мәселені шешу міндеттерінін бірі.

Тақырыптың жаңалығы: Эколого-дидактикалық панно арқылы, білім беру тиімділігінде үздіксіз дамытуы жүргізіледі, экологиялық мәселелерді шешу үшін, қызықты жолдар балалармен бірге іздестіріледі.

Мақсаты: Балалардың сөз сөйлеу сапасын белсендіру. Экологиялық мәселелердін шешу жолдарын іздестіру.

Міндеттер:

  1. Сөз сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, грамматикалық тізбегін қалыптастыру, сөздік қорды толықтыру.

  2. Экологиялық тәрбиесін жоғарлату, экология бойынша білімділігін кеңейту

  3. Табиғатты сүйюге және айнала қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру.

Гипотеза: Егер дидактикалық панноны белсенді ойнау әрекетінде қолданса, сол мезгілінде ойындарға және сабақтарға балалардың қызығушылығы өседі, сөздік қоры байыйды.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыру

Көрнекі құралдар топтамасын жасау.

Танымдық материал жинақтау.

Дайындаған құралдарды әр сабақта қолдану.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыру үшін сабақта тыс жұмыстарды жүргізу.

Білімдену жоспары

Кәсіби біліктілікті дамытудың бірден-бір жолы оқытудың жаңа технологияларын игеру:
2011-2012 жылы: Авторлық технологиялар бойынша міндетті білім сатысынан өту.
2012-2013 жылы: Оқыту мен тәрбие үрдісіне енгізу. Жыл сайын жұмыс нәтижесін шығарып, мониторинг жасау.
2013-2014 жылы: Семинарлар, педагогикалық оқу, конференциялар арқылы тәжірибе алмасу, шығармашылық орта қалыптастыруға тырысу, жекелеген бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар, баспа жұмыстарын басып шығару мен жүзеге асыруға қатысу.

Әр балабақшада фланелеграф деген әдістемелік құрал бар, мен балалардың іс әрекетін бақылап өз ойымнан осы «дидактикалық панноны» шығардым, төрт рет қыйылған сәйкес келген суреттерден құрастырдым, неліктен осы суреттерді мен қыйдым? Себебі осы әдіс суретті ұзартады және суреттің ішіне кіргендей боласын.

Панно қолдануда өте оңай және жеңіл панноны айнала қоршаған ортада, математика, тіл дамыту сабағында және мониторинг өткізген кезде жиі қолданамын.

Панно театралдық іс әрекетінде өте қолайлы. Айнала қоршаған ортада, ойындар барысында, баланың ойлау қабілетін қалыптасуына, топтасуына шексіз көмектеседі.

Сабақтарда дидактикалық ойындарды қолдануда мен осы міндеттерге сүйеніп отырамын:

Бүкіл ойындарды бір неше топқа бөлдім, себебі ойындағы бір басты мәселені шешу бағытымен, бірақ осы мәселелер шешумен басқа міндеттер де атқарылып отырады. Төменде мен ойлау қабілетін белсендіруге бағытталған сөз ойындар мен жаттығулардың жүйесін ұсынамын.

«Егер мен..»

Балалар әр түрлі жәндіктерге, аңдарға, құстарға сиқыр бойынша айналады. Мысалы егер мен жауын құрт болсам, мен жердің астын терең қазушы едім, құстардан және адамдардан қорғану үшін.

«Өлі табиғат, тірі табиғатқа қалай көмектеседі?»

Балаларға судың, тастын, күннің суреттерін ұсыну.

«Осылай болама?»

Балалармен әңгімелесу осы саңырауқұлақтар, жидектер ағаштың үстіне қалай түскенін анықтау, мүмкін тиын сол жерде ұмытып кетті.

Тіл дамыту, айнала қоршаған орта әрекетінде қалай осы панноны қолдануға болады? Қарапайым, ой жүктемелі, мазмұнды, қызықты әңгімелерді құруына сөздерді грамматикалық және байланыстыра сөйлеуін үйренуіне жол ашады.

«Керісінше айт»

Ересек адам панноға нұсқау объектіні атайды, ал бала бұған антонимді тауып айтуы керек.

Мысалы; жуан бұтақ -жіңішке бұтақ, жұмсақ тері- тікенек инелер.

«Аз-көп»

(Біреу -бірнешеу) айтады.

Балабақшаның міңдетіне сүйене отырып , айнала қоршаған орта туралы экологиялық тәрбиесін жоғарылату үшін, біз экология пәнінен мониторинг құрдық. Мониторинг балабақшаның әр тобына арналған. Мысалы 2-ші сәби тобында диагностиканың ішіне кіреді: су, тас, қар, құм, балшықтардың түрлерін бала біледі, таниды. Тәулік уақытың ажыраталады және өсімдіктердің, ағаштың, шөптің, бұтақтардың түрлерін анықтай алады, 2-3 жәндіктің, құстың, аңдардың түрлерін таниды, қарапайым табиғи құбылыстар бойынша ұғымдары бар. Жеміс, көкөністің түрлерін біледі және дәмінен ажырата алады. Бағалау критериясы бойынша, балалардың ұғымы үш критерияға бөлінеді: Жоғары: біледі, таниды қарапайым табиғат құбылыстарды. Шөп, бұтақ, ағаш, көкөніс сөздерді еркін пайдаланады, өз еркімен белсенді тәжірибелік, бақылау жұмыстарына қатысады тәртіпті табиғат ауласында бұзбайды, сақтайды. Ортанғы: тәрбиешінің бақылауы бойынша бала бақылау жұмыстарына қатысады, табиғатты сүйеді бірақ тәртіпті кейбір кезде бұзады. Тәжірибелік жұмыстарына тәрбиешінің көмегін айналысады. Ағаштардын, шөптердің, бұтақтардың, жеміс, көкөністердің түрлерін таниды. Еңбек процессінде үлкендердің ұсынысы бойынша қатысады. Төмен: жасына сай білімі жоқ.

2011 жылдан бастап балалармен мониторинг тексеру өткізілді. Бірінші көрсеткіштер бойынша нәтижесі төмен болды 38%, бірақ жылдың аяғында 49% өсті, динамика 11% жыл сайын үздіксіз жұмыс арқылы балалардың көрсеткіші өсті 2012 жылда төмені 42%- жоғарысы 67% дейін өсті, динамика 25% өсті, 2013-2014 жылдарыңда өткізілген мониторинг бойынша төмен 47% болды, жоғары 78% дейін динамика 31% өсті.

Ұйымдастырылған оқу әрекетінде дидактикалық панноны қолдануда, балалардың бір белгілі білім- дағдыларының қалыптасуына себепші болды; ол заттарды бір-бірімен салыстырып- теңестіруі, талдау жасау білуі. Дидактикалық панноны өз жұмысыма қолданғанда балалардың сөйлеу барысында көрінеді, балалар тапсырманы қызықты және мазмұнды өз ойларын айтып, қуанып және уақытта тез жылдам өтеді. Көңілсіз сабақтар қызықты сабақтарға айналады.

© 2010-2022