Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гаухар Баяновна Тайшикова

№ 16 «Балдаурен» бөбектер

бақшасының психологы,

Екібастұз қаласы, Павлодар облысы


Қызықты тренинг «Ғажайып алаң»

(Дайындық тобына арналған)

Мақсаты: Балаларды жаңашыл ойын - жаттығу түрлерімен таныстыру сол арқылы балалардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын, ой-қиялдарын дамыту. Шығармашылық кабілеттерін арттыру. Жылдамдығын, шапшаңдығын әрі қарай дамыту.

Қатысушылар: дайындық тобының балалары.

Жұмыс түрі: топтық.

Көрнекілігі: бала саны бойынша шеңберлер және бір үлкен шеңбер, түрлі-түсті матадан тігілген үлкен дөңгелек-парашют (жасыл, қызыл, сары, көк, қызғылт-сары), түрлі-түсті жіптер, тастар, таяқшалар, моншақтардың тастары, түрлі-түсті құм, жағымды әуен жазбасы.

Тренинг барысы: Балалар, сіздермен кездескеніме қуаныштымын және сіздердің көтеріңкі көңіл-күймен келгендеріңізге сенімдімін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өзімізге сенімді болуға, әрі қиялдауға үйренетін боламыз. Сабағымыздың тақырыбы: «Ғажайып алаң».

1 жаттығу.«Шеңбер бойымен күлкінді жібер»

Олай болса жаттығуды жасайық. Бүгін менің де көңіл күйім жақсы, шеңбер бойынша мен өзімнің жағымды көңіл-күйіммен сендермен бөлісемін (психолог жанында тұрған балаға қарап жымияды, ол бала өзінің көршісіне қарап жымияды т.с.с.). "Шеңбер бойынша жағымды көңіл-күймен бөлісу".

Психолог: Қандай сезімде болдыңыздар?

2 жаттығу. «Дәстүрлі емес сәлемдесу»

Сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жәй сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. ал қазір біз сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Мұрнымызбен, иығымызбен, тіземізбен, арқаларыңызбен...

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Психолог: Рахмет, балалар, міне біз тек «сәлеметсізбе!», «сәлем» деп ауызша амандасып қана қоймай, қимыл-қозғалыспен амандасуға болатынын білдік.

3 жаттығу. «Сиқырлы туннель»

Психолог: Балалар, биыл сіздерді көп жаңалықтар, саяхаттар, қызықты оқиғалар, ойындар күтіп тұр. Ең алдымен бізге қай жерге, нені зерттейтінімізді білу үшін мына туннельден өту керек. Туннельден өткен сон осы бөлме «Ғажайып алаңға» айналады.

Әуен ойнап тұрады. (Классикалық әуен).

Дыбыстарды естіп тұрсыздарма? «Ғажайып алаң» біздерді шақырып тұр. Бірақ туннелге байқампаз, өзінің, құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей білетін және жаңа дос тапқысы келетін балалар ғана өте алады. Ойланып көріңдерші, ондай балалар біздің арамызда бар ма?

(Балалардың жауаптары) Олай болса өтіңіздер!

Ойын: «Жер, аспан, от, су»

Психолог: Ғажайып алаңға келдік, саяхатымызды бастайық. Біз жермен келеміз. Жер де сиқырлы, ол да өзгеріп отырады. Міне біз жасыл жұмсақ шөппен келеміз. (Балалар жасыл матаның үстімен өтеді)

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Ал қазір теңіздін жағасымен өтеміз аяғымыздын астында жылы құм (сары мата)

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Мына жақта жанар тау ыстық отын шашып жатыр күйіп қалмаңдар, айналып өтіңдер (қызыл мата)

Мінеки, сиқырлы өзенге де жеттік. Өзеннің суы мөп-мөлдір. (Балалар қолдарын салқын суға салып көреді, көк мата.)

Ойын «Өз орнынды тап»

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Психолог: Міне балалар ғажайып алаңда біз серуендеп жүрміз. Ал енді бір шеңберді алып өздеріңізге ең ыңғайлы жерге орналастырыңыздар, айналып өтіңіздер, жан-жағыңызға қараңыз. Көзіңізді жабыңыздар, дөңгелектен екі қадамға шегініңіздер және қайта оралыңыздар. Көздеріңізді ашыңыздар, шеңбердін дәл ортасын табыңыздар және сол жерге отырыңыздар. Жайғасып, жайланып отырыңыздар.

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Ойын: «Өз үйінді әшекейле»

Психолог: Елестетіңдерші, осы шеңбер - ол сіздің үйіңіз. Сол туралы айтып беріңіздерші. (Балалар кезекпен өз үйлері туралы айтады. Ол қайда орналасқанын, өзін қалай сезінетінін.)

Өте жақсы! Үйлеріңіздің қандай болатынын енді біз білетін боламыз.

Орнымыздан тұрамыз, үстелдің қасына жақынданыздар. Үйлеріңізді сәндеуге бұл жерде әр-түрлі заттар бар. (Әр-түрлі бұршақтар, үшбұрыш, шаршы, сопақшалар, түйме,тастар, моншақтар т.б.)

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналғанҚызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Дөнгелек кілемшелерге құрастырады. (балалар үйлерін сәндеуге кіріскенде психолог әр «шеңбер-үйге» орама жіп байлайды)

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Қызықты тренинг Ғажайып алаң дайындық тобына арналған

Психолог: Жарайсыңдар! Қандай әдемі кілемшелер! Мен сіздердің үйлеріңізге барғым келіп тұр. Ал сіздер ше? (балалардың жауаптары)

Ойын «Бір үйден бір үйге дейін достық жолы»

Ал енді үйлеріміздің қасына барайық. Қай үйге дейін «жол» салғыларың келеді, сол «жолды» мына сиқырлы жіп арқылы саласыздар, соңында «жолды» ортада жатқан үлкен шеңберге апарасыңдар және өз үйлеріңе қайтасыңдар.

Балалар! Мынау ортада жатқан үлкен шеңбер - біздің ортақ үйіміз, онда бәріміз бірге жиналамыз. Ортасына май шам қойылады. Біздің ортақ үйіміз жылынып, жарыққа толды! Ал енді Ғажайып алаңға сырттан қарайықшы. Қараңыздаршы қанша «Жол» салынған! Қанша достық жолдарымыз бар, қанша жолдарды әлі салуымыз керек! Біз керемет жұмыс жасадық!

Ортақ шеңберге тұрамыз, барлығымыз бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз. Жарық майшам деген жақсы нәрсені білдіреді. Жарықсыз өмір жоқ. Болашақтарыңыз ашық, жарқын болсын!

Сіздермен бірге «Ғажайып алаңда» болғаныма ризамын!

Сау болыңыздар!



© 2010-2022