Ж дыбысы және әрпі ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Білім беру аясы: Қатынас

Білім облысы: Сауат ашу

Тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстарының ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу, т.б.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, текшелер

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

І.-Балалар, бүгін ауа райы қандай?

-Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

-Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?

-Көңіл күйіміз қалай?

-Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық.

-Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыспен таныстық.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Қандай болып екіге бөлінеді?

-Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін, оларды айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты болса қызыл текшелеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріңдер.

-Ал, бүгін оқу іс-әрекетін

Ойын: «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді.





Ойын ойнайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Дид/ойын: «Алма жинау»

-Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерді буынға бөлу.

2. Тіл ұстарту жаттығуы.

Жа-жа-жа

Менің атым-Қожа.

Ж әрпін көрсетіп, тақтаға ілу.

3. Дәптермен жұмыс.

а) сөздерге дыбыстық талдау жасау.

ә) буындарды, сөздерді хормен, жекеше оқу.

б) ж дыбысының кіші және үлкен әрпін жазу.

4. Жұмбақ жасыру.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

5. Ойын: «Кім жылдам?»

Тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату. Буынға бөлгізу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту.

Суреттер: жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

-Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап ұру арқылы осы сөздерді буынға бөлейік.

6. Ойын: «Біз зерекпіз»

Шарты: Сөздерді ретімен айту. Балалар осы сөздерден Ж дыбысы бар дыбыс, буын сөз кездескенде қолдарын шапалақтайды.

Мысалы:

  1. П, б, с, ж; л, ж, қ, ә, т.б. (дыбыс)

  2. На, са, жа, ла, за, жу, т.б. (буын)

  3. Таға, саға, жаға, алға (сөз)

Сергіту сәті

Топ-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

«Менің көжегім» тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Тіл ұстарту жаттығуын 3-4 рет хормен қайталап айтады.

Дәптердегі тапсырмаларды орындыйды.

Дәптерлеріне Ж әрпінін баспа түрін жазады

Жұмбақты шешуге тырысады.

-Жұлдыз

-Жұмыртқа









Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Өлеңнен ж дыбысы кездесетін сөздерді тауып атайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

ІІІҮстел үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншықтар алдын ала матамен жабылып қойылады.

-Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіңдер. Сол ойыншықтардың ішінен Ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік).

-Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Ж дыбысы қандай дыбыс?

-Өте жақсы, балалар.

Мақтау-мадақтау.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

-Ждыбысымен таныстық.

-Ж дауыссыз дыбыс.

Хормен ән айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Ж дыбысының әріп таңбасын

Түсінігі: Дауыссыз дыбыс туралы түсінігі болу

Көрсете білуі: Ж дыбысы бар суретті көрсету.





© 2010-2022