Көркем әдебиет пәнінен Не сыйлау керек? тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көркем әдебиет пәнінен Не сыйлау керек? тақырыбына сабақ жоспарыКөркем әдебиет пәнінен Не сыйлау керек? тақырыбына сабақ жоспарыКөркем әдебиет пәнінен Не сыйлау керек? тақырыбына сабақ жоспарыКөркем әдебиет пәнінен Не сыйлау керек? тақырыбына сабақ жоспарыКөркем әдебиет пәнінен Не сыйлау керек? тақырыбына сабақ жоспары

Білім беру саласы: .

Бөлімдері: Көркем әдебиет .

Тақырыбы: Не сыйлау керек?.

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: сыйлық-подарок.

Әрекет-кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

- Ана- не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!

- Ана деген болашағы өмірдің!

- Ана деген қуанышы көңілдің!

- Өмірде үш қадірлі зат бар, ол - күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың аң сүті!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, аналарына жақсы тілектерін айтады.


Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Педагог:

- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Мерекеде аналарыңа не сыйлағыларың келеді?

Дәптермен жұмыс: Ж. Әлмашевтың «Не сыйлау керек?»

әңгімесін балаларға оқып таныстыру.

- Балғынға көкесі нені ескертті?

- Балғын қайда келді?

- Балғын не ойлады?

- Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?

- Балғын ненің суретін салды?

- Анасына қандай сыйлық беретін болды?

Сергіту сәті:

Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен аналарға сыйлаймыз!

Дидактикалық ойын: «Анаңды таны».

Ойын шарты: Үнтаспаға балалардың аналарының даусы басылған, балалар өз анасының даусын тануы керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады, көз алдарына өздерінің туған аналарын елестетеді. Анамыз аялы алақанымен басымыздан сипайды. Алақаны неткен жұмсақ еді. Көзімізді ашамыз

Сұрақтарға жауап береді



Әңгімені мұқият тыңдайды





(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын ойнайды.

Тыныштық сәтін орындайды.

Рефлексиялық түзету

- Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

- Аналарың нанға жұмсаса, барасыңдар ма?

- Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?

- Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Сұрақтарға толық жауап береді

Күтілетін нәтиже: Әңгімені түсініп мазмұндауды үйрену.Балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту.

Білуі тиіс: сыйлық жайлы түсінік болу.

Түсінігі үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға

Көрсете білуі: сұрақ арқылы алған білімдерін бекітіп,сыйлық жайлы әңгімелей білу.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім: Сурет

Тақырыбы: Шырша

Мақсаты: балаларға шыршаны әртүрлі тәсілмен бейнелеуді, суретте шыршаның өзіне тән ерекшеліктерін беру; пирамида сияқты құрылымы, бұтақтары төмен бағытталған инелері, әртүрлі реңдері, ағаштардың түрлі жасын бере отырып композиция құрастыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

-Қазір жылдың қандай мезгілі?

-Қыс мезгілінде не ай бар?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Ағаштар қысқа қалай дайындайды?

Сұрақтарға жауап беру

Ұйымдастыру-іздестіру

Жұмбақ шешу

Тікен - тікен тік пісте,

Қысы - жазы бір түсте. (шырша)

-Шырша деген не?

-Қыста шыршаның түсі қандай болады?

-Шыршаның жапырақтары қандай болады?

-Шыршаны қандай мереке болғанда әшекелейміз?

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Жел еседі алдымнан

Кіп - кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Бүгін сурет сабағында сендермен шыршаның суретін салып үйренеміз

Бірінші мен сендерге қазір көрсетем сендер мұқият қараңдар.

Жұмбақтың жауабын айту

Сұрақтарға жауап беру


Қимылмен көрсету


Шыршаның суретін салу

Рефлексивті-түзетушілік

Өлең жаттау «Шырша туралы»

Өлең жаттау

а) Күтілетін нәтиже: шыршаның суретін салу

ә) Білу: шырша ағашы туралы білу

б) Игеру: шыршаны салудың жолдарын





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім: Сурет

Тақырыбы: Жұлдызгүлдер

Мақсаты: балаларды негізгі түстермен таныстыру; негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балаларды ң іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Ойын: «Түстер еліне саяхат»

Мақ саты: жылы және суық түстерді естеріне түсіру.

Жылу және суық түстерді ажырату

Ұйымдастыру-іздестіру

Әңгімелесу

Гүлдердің хош иісі бөлменің ауасын әрлендіріп, адамдарға жағымды әсер етеді.

Суретпен жұмыс

-Гүлдерді қарау. Аттарын атау

Сарамандық жұмыс

Бірінші гүлдің сабағын саламыз?

Сабақтың үстінен ортасын сары түспен белгілейміз.

Гүл күлтелерінің орнын крест түрінде белгілеп, таңдап алынған реңктерді пайдаланып,гүлдің суретін саламыз. Содан соң толықтырып, бояп шығамыз.

Сергіту сәті

«Қуырмаш»

Гүлдер туралы айту


Гүлдердің суретін қарау

Нарғызгілдің суретін салу


Сергіту сәтін жасау

Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар өз орнымыз жинастырамыз.

-бір - бірімізге салған гүлдерімізді көрсетейікші.

Өз орындарын жинау

Жұмыстарына баға беру

Күтілетін нәтиже

а) Білу: гүлдердің түрлерін

ә) Игеру: нарғыз гүлді салу




Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты:

1. Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.

2. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Сәлем саған Жер-ана!

Ынталандыру.

Сәлем саған нұрлы күн!

Бәрі бірге қайталап

Сезімді ояту

Аман-есен болайық,

амандасады.

Бейбітшілікті қалайық.

Ізденістер. Ұйымдас-тыру

1. Қазақстанның рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді. Ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік пен байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран кұс ерлікті бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Әр мемлекеттің гимні болады, ол салтанатты жағдайларда орындалады.

2. Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Балалар

түсінгендерін

қайталайды.

Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

3. Дәптермен жұмыс

1. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын әңгімелеп беру.

2. Б. Үсенбаев «Менің туым» және С.Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады.

3. Елордамыз - Астана қаласы жайлы әңгімелеу.

Әліппе - дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қорытын-дылау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар мен тапсырма:

1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата.

2. Гимн қандай жағдайларда орындалады?

3. Мемлекеттік гербті қайдан көруге болады?

4. Біздің еліміздің туының түсі қандай"?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну.

Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.














Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Бағдаршам және көлік түрлері.

Мақсаты:

1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

3. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталан-дыру

Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.

Өлеңді бәрі бірге

Сезімді ояту

қайталайды.

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Ізденістер.

Бағдаршамы бар көше мен

Балалар тыңдайды.

Ұйымдас-тыру

бұрылыстарға саяхат жасату.

Ауыл педагогтері бағдаршамы

бар үлкен даңғыл бейнеленген

плакатты пайдаланады. Балалардың

назарлары бағдаршамның жұмысына,

машиналардың арлы-берлі жүруіне,

Жауабын тыңдау.

жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне

назар аударылады. Жол жүру

ережелерімен таныстырады. Жол

белгілерінің суреттерін көрсетеді,

олардың көлік қозғалысын

Балалар жол

реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу

ережелерін тыңдап,

жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы

қайталап айтып

жөнінде ақпарат беру мақсатында

береді.

көше мен жол бойына қойылатын

арнайы белгілер екенін айтып

түсіндіреді.

Ә.Табылдының «Бағдаршам» деген

өлеңін оқу.

«Көлік түрлері қайда?» дидактикалық

ойыны.

Жол түрлерімен (машина жүретін

Тапсырманы

орындайды.

жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі

бағытқа бөлінетін жол, екі көшенің

түйіскен жерімен) таныстырады,

суреттерін көрсетеді. Егер бағдаршам

Суретке қарап,

жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге

жолда жүру

бағыну қажеттігі айтылады.

ережелерін

Жолда жүру ережелерін сақтау,

құрастырады.

үйрену арқылы бала өзінің өмірін

және денсаулығын сақтайтындығы

түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс:

1. Сурет бойынша жолда жүру

Жолда жүру

ережелерін еске түсірту, қайталату.

2. Суреттегі көлік түрлерін үш топқа

ережелерін қайталайды,

(ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау.

3. «Суретте не артық?» дидактикалық

сұрақтарға жауап береді,

ойынын жүргізу.

тапсырмаларды

4. Суреттегі көлік түрлерін бір-

орындайды.

бірімен салыстырту.

Қорытын-дылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта

Сұрақтарға жауап

Өзін-өзі бағалау

алған білімдерін қорытындылайды.

береді, өздері

Сұрақтар:

қорытынды пікір

1. Жаяу жүргіншілер қай жермен

жасайды. Мысалы:

жүру керек?

Жолда жүру

2. Жаяу жүргіншілер көшенің қай

ережесін сақтау

жерінен қиып өте алады?

керек. Сонда көлік

3. Өзін тұратын жерде қандай көлік

қозғалысына да,

түрлері жүреді?

көлік жүргізушіге

де кедергі

жасамайсың.

Өміріңді

сақтайсың.








Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Байланыс құралдары.

Мақсаты: 1. Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.

2. Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.

3. Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Байланыс құралдары жайлы түсінік беру:

- Телефон, факс, хат, құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер мен балабақшалар да компьютермен толық қамтамасыз етілген.

Пошта - хат, телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері - хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы - операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді.

2. Сергіту сәтін өткізу.

Балаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.

Компьютер, телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.

Біздер тату баламыз

Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасайық,

Жақсы сергіп қаламыз.

Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.

3. Әліппе - дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша

Суреттегі байланыс құралдарын

байланыс

ататып, олардың атқаратын

құралдарының

жұмыстары жөнінде әңгімелету.

атқаратын

Мысалы:

қызметін

Факс - фотокөшірмелерді

әңгімелейді.

телефон желілері арқылы беру

құралы.

Сәлемдеме - пошта арқылы

жіберілген сәлем-сауқат.

4. «Телефон» дидактикалық

ойыны. Шарты: екі бала ойыншық

телефон тұтқасымен бір-бірімен

Балалар бір-

сөйлеседі. Мысалы:

бірімен

- Сәлеметсің бе, Алма?

ойыншық телефон

- Сәлеметсің бе, Аружан?

арқылы сөйлеседі.

- Ертең мен анаммен

хайуанаттар багына барамын.

Сен бізбен барасың ба?

Сұрақтарға

- Анам рұқсат берсе, барамын...

жауап береді, тапсырмаларды

5. Дәптердегі тапсырмаларды

орындайды.

орындату.

6. Сабақты қорытындылау.

Қорытындылау

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Балалар байланыс

Өзін-өзі бағалау

1. Байланыс қызметінің түрлерін ата

құралдары мен оның

2. Компьютер байланыс құралына жата ма?

қажеттілігін айтады.

3. Сәлемдемемен не жіберуге болады?

4. Құттықтау хаттарын кімдерге

және не үшін жазады?

Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен танысу.

Білуі тиіс: әрбір байланыс құралдарының қызметін білу.

Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау, оларға құрметпен қарау.

Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.











Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар). Мақсаты:

1. Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімдіктер туралы түсінік беру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.

3. Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.

Сөздік жұмыс: табиғат бұрышы, атжалман, қоректендіру.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді

Ояту

Біздер тату баламыз

Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасайық

Жақсы сергіп қаламыз

Балалар шеңбер болып жаттығу жасайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Педагог балабақша, мектептегі табиғат мүйісі (бұрышы) туралы төмендегідей мағлұмат береді:

- Табиғат бұрышы - мектеп, балабақшада тірі хайуанаттар орналастырылған мүйіс. Мұнда өсімдіктердің түрлерін де өсіреді. Табиғат бұрышында аквариумда балықтар, торда үй қояндары, кірпі, тасбақа, атжалман, тотықұстарды ұстайды. Оларды арнайы педагог маман күтіп-баптайды. Оған балалар көмектеседі.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Балалар сұрақтарға белсенді жауап беруге әрекет жасайды.

Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды, сұрақтар қояды.

Түсінгендерін қайталап айтып береді.

Атжалман - жоны күрең, бүйірі қызғылт тышқан. Қоректендіру - тамақтандыру.

Тыңдайды.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Біз гүлдер ше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалған.

4. Әліппе - дәптердегі тапсырмаларды

орындау.

1. Сурет бойынша әңгіме жүргізеді. Бұл жерде табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарлар туралы және оларға жасалынатын қамқорлық туралы айтылады.

2. Құмыраға гүлді отырғызудың әдісін сурет бойынша түсіндіреді.

3. А. Мишаринаның бөлме гүлі туралы өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Өлең жолдарын қайталап, би қимылдарын жасайды.

Суреттен табиғат

бұрышында

тіршілік ететін

жануарларды

атайды.

Балалардың

іс-әрекетін

баяндайды.

Мазмұнын түсіндіреді.

4. Үлгі бойынша құмыраны қалай бояу керектігін, қағаздан гүлді қалай жасау керектігін баяндайды.

Өлеңнің мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Құмыраны бояйды, қағаздан гүл жасайды.

Қорытын-дылау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады. Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Табиғат бұрышындағы өсімдіктермен жануарларға қандай қамқорлық қажет?

2. Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің атын ата.

3. Аквариумдағы балықтарды қалай күтеді?

Балалар табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекеттерін айтады.

Күтілетін нәтиже: табиғат мүйісіндегі жануарлар мен өсімдіктерді күтіп-баптау.

Білуі тиіс: жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы.

Көрсете білуі: сабақ барысында тапсырмаларды орындай білуі











Білім беру саласы: Таным

Бөлім: Қарапайым түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: Фигуралар

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы білім деңгейлерін анықтау. Салыстыру машықтарын дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты

Жарқырады қаламыз.

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң, достарым!

Ойын: "Ұқсасын тап"

Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарындағы геометриялық фигураларды көрсетеді мысалы, мұғалім балаларға кітап көрсетеді балалар алдарындағы геометриялық фигуралар ішінен tік төртбұрышты көрсетеді

Ойынның мақсаты балалардың естерінде геометриялық фигураны қалыптастыру.

Көтеріңкі көңіл күймен айту


Көрсетілген затты дұрыс атау.

Сәйкес пішінді көрсету.

Ұйымдастыру-іздестіру

Фигураларды атау


-Қандай фигураларды көріп тұрсыңдар?

- шаршының неше қабырғасы бар?

-тіктөртбұрыштың сопақшадан қандай айырмашылығы бар?

Дәптермен жұмыс

1 тапсырма Сурет бойынша жұмыс

-Суретте берілген заттарды ата.

-Суреттегі геометриялық фигураларды ата

-Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.

2 тапсырма сызба бойынша жұмыс істеу дағдыларын бекіту

3 тапсырма кеңістік туралы білімдерін бекіту

4 тапсырма -Суретте қандай геометриялық фигуралар бар? Үлгі бойынша бояу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық.

Қолды бірге қояйық

бір отырып, бір тұрып.

Біз дем алып алайық.

Фигураларды атау

Сұрақтарға жауап беру


Дәптердегі тапсырмаларды орындау




Өлең машығына қарай қимыл - қозғалыс жасау

Рефлексивті-түзетушілік

Ойын: Таяқшалардан пішіндер құрастыр

Шаттық шеңбер

-Шеңберіміз қандай фигураға ұқсайды?

-шеңберде тұрып басқа фигураларды жасау.

Таяқшалар көмегімен пішіндерді жасау

Шеңберде тұрып фигуралар жасау

а) Күтілетін нәтиже: Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

ә) Білу: пішіндердің айырмашылығын айта білу

б) Игеру: тапсырмаларды орындау арқылы пішіндерді қайталау.














.

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Математика

Тақырыбы: Ауыр-жеңіл.

Мақсаты:Балаларда әр түрлі заттар мен материалдардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалыптастыру. Олардың салмағын анықтау үшін заттарды өлшеу тәсілдерімен таныстыру..

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Балалардың заттың салмағы, көлемі туралы тұрмыстық түсініктерін анықтап алу:

-Не ауыр? Не женңіл? (мысалы: үлкен қарбыз-кішкентай қауын, үлкен текше- кішкентай текше)

-Заттардың салмағын ненің көмегімен анықтауға болады?

-Сендер таразының қандай болатынын білесіңдер ме?


Балалар сұрақтарға жауап береді. «үлкен-қішкентай» ұғымдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру




Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Әр үстелде түсі,өлшемі бірдей 3 қапшық жатады.

-Сенлердің алдарыңда 3 қапшық жатыр.

-Олар қай жағынан ұқсас?

-оларды қолдарыңа алыңдар. Енді олардың қай жағынан ұқсамайтынын біле алыңдар ма?

-Қапшықтардың қайсысы ауыр?

-Қане,ауыр қапшықтың ішіне қарап көрейікші. Оның ішінде не бар?

Сергіту сәті:

Бір, екі - еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.

Дәптермен жұмыс:

№1тап(ауызша)Суретке қараңдар. Суреттен қандай ауыр, жеңіл көріп тұрсындар?

№3 тап: Балалар өз беттерінше орындап, артынан тексеріледі.

№4 тап: Торқөзді санына сәйкес бөлшектерді бояу қажет. Мысалы: бір торкөздің бөлшегі- 1 цифрымен қатар бейнеленген қарындаш, екі торкөздің бөлшегі -2 цифрымен қатар бейнелеген қарындаш, т.б.

Ой қабілетін ояту.

Түсі, өлшемі


Балалар басқа қапшықтарды осылай қарап шығады.

Балалар шеңберге тұрады, қимылдарды жасайды.

Балалар дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Дид/ойын: «Не ауыр болады? Не жеңіл болады?»

Шарты: Балалар суретке қарап ауыр, жеңіл заттарды анықтайды. Айналаны қоршаған ортадан ауыр, жеңіл заттарды тауып көрсетеді.

Балалармен ойын ойнау.


Мақтау, мадақтау арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

а) Күтілетін нәтиже: «Ауыр, жеңіл» ұғымын түсіну, және оларды анықтауға үйрету.

ә) Білу:Ауыр және жеңіл заттарды ажырату.

б) Игеру: Тапсырмаларды дұрыс орындау.












© 2010-2022