Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Әлеуметтік ортаЖанұяның тірегу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы. Ересек топ: «Көбелек»
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Жанұяның тірегі»
Мақсаты:Отбаcындағы және қоғамдағы ер адамдар мен әйелдердің
тәртібіндегі әрекшеліктері туралы түсіндіру.
Балаларды ұқыпты және тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Билингвальдіқ компоненті: Жанұя-семья,
Ата-дедушка,
Кереге-стуменька

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Жылулық шеңбері

Бас бармағым-атам,үй данасы.

Балаң үйрек-әжем,ошақ анасы.

Ортан терек-әкем,отау панасы.

Шылдыр шүмек-шешем, шанырақ ажары.Кішкентай бөбек-мен, бәрінің базары.

Жұмбақ
Бір үйде бар,

Атасы мен әжесі,

Қосқанда оған,

Әкесі мен шешесін,

Асан мен үсен бәрі бірге

Нені құрайды?

Балалар бірге қимыл әрекеті арқылы орындайды.

Балаладың жауаптары.

Отбасы (жанұя)

Ұйымдастырушылық

Ізденіс.

-Бүгін біз оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз. Бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.
Бұл сурете кімдер бейнеленген?

Әр қайсысының отбасында неше мүше бар?

Әкеңнің,шешеңнің,атаңның,

Әжеңнің есімдері кім?

Отбасы

Анаң-үнің,жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансын,

Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков)

Сергіту сәті

Атам шалқан егіпті,

Шалқан үп-үлкен болып өсіпті.

Ары-бері тартып еді,

тартылмады.

Алақай,тартып жұлып алдық!

Мақал-мәтел

Отбасы ала болса,

Кереге сайын пәле болады.

Мазмұнын әңгімелеу.

«Кім жоқ?»ойынын ойнату.

Тәрбиеші тақтаға отбасы суретін іліп қояды.Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесін алып тастайды.Балалар көздерін ашып,мұқият қарап,кімнің суреті жоқ екенің табады.

Ұжымдық жұмыс «Менің жанұям» газет шығару.

Отбасының суреттерін іріктеп әкеліп жапсыру.

Ата,әже,әке,ана,аға,іні,

қарындас.





Балалар,өлең шумақтарды зер салып тындайды.





Ым-арқылы апаның,итің,қыздың, мысық пен тышқанның

келуін көрсетеді.

Балалар мазмұнын әңгімелейді.



Балалардың жауаптары.

Олар:ата, әже, шеше, әке, бала.

Рефлекстік түзету

Балалардың білімдерін бекіту.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалап, мадақтау.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Отбасы мүшелерің атау.Үлкен мен кішіні ажырату.
Түсінеді: Кішіге көмек, ал үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Қолданады:Отбасы бейнеленген сүрет үлгісі.Оқулық,музыка.




© 2010-2022