Жаңа технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Шалқан ертегісін драмтизациялау»

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.

Бөлім: Тіл дамыту

Мақсаты: ТРИЗ бойынша «морфологиялық жәшік» әдісін қолдана отырып,

сөйлем құрау және сөздік қорын молайту тиімділігін арттыру. Қазақ

тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру. Ертегіге деген

қызығушылықтарын арттыра отыра, балаларды ертегіні сахналауға

тәрбиелеу. Кейіпкерлердің сөздерін жатқа айта білуге жаттықтыру.

Сөздік жұмыс: иттің денесі, мысықтың құлағы, тышқанның құйрығы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сахналық қойылым, ТРИЗ

әдісі «Морфологиялық жәшік», ертегілерді араластыру.

Қажетті құралдар: Ертегінің мазмұнына байланысты суреттер, слайд,

сахналық қойылымға әзірлеген киімдер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Психологиялық сәт:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем куанамын!

«Көңілді амандасу»

Суретте ерін, мұрын, ауыз, құлақ, қол суреттері бейнеленген.

Балалар дөңгелене тұрады.

Суретті көрсете отырып амандасу.

Ұйымдастыру-іздестіру

Саяхат кезінде алдарынан жабық қақпа кездеседі, құлыптарды ашу үшін жұмбақтарды шешу керек.

Жұмбақ:

Ағаш көрсе қышынар,

Сояу-сояу тiсi бар. (Ара)

Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді. (Су)

Сайқымазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар.

Бұл қандай аң?

Ұғып ал. (Түлкi)

Жұмбақтардың шешуін тапқан соң, қақпа ашылады.

-Балалар, міне ғажайып орманға келіп жеттік. Автобустан түсіп, алаңқайға жайғасыңдар.

ТРИЗ-морфологиялық жәшік: экранда жануарлардың дене мүшелері көрсетіледі, балаларға сұрақтар қойылады:

-Ненің басы?

-Балалар, осы сөздермен сөйлем құраңдар.

Мысалы: Бұл иттің құлағы. Мысық пеште көп ұйықтайды. Тышқан мысықтан қашады.

-Балалар, өздеріңе ұнаған үй жануарларына сипаттама беріңдерші.

Мысалы: Тышқан кішкентай. Ит адамның досы.

Ойын: «Не артық?»

-Балалар, суретте не артық екенін және неліктен артық екенін айтыңдаршы.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. «Қарбыз» суреті артық.

-Қалғанын бір сөзбен қалай айтамыз.

-Отбасы.

Музыка әуенімен сиқыршы келеді.

-Менің ғажайып орманыма қош келдіңдер!

-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше менің сиқырлы таяғымның кереметімен көріңдер.

Балалар жасырылған жұмбақтардың шешуін табу керек.




Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. (аяғы, құйрығы, құлағы)

Балалар сөйлем құрайды.

Балалардың жауабы.


Суретте не артық екенін айтады.

Балалармен амандасу.

Сиқырлы таяқпен ертегіні жандандырады.

Рефлексивті-түзетушілік

Үстел үсті театрының қойылымы: «Шалқан»

-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Олай болса, сиқыршыға алғысымызды айтайық.

Ата мен әже: Қымбатты балалар! Сендерді біздің дастарғанға дәм татуға шақырамыз.

Ертегіні тамашалау.

Жаңа технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақ

Балалар дастархан басына жайғасады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: балалар үй жануарларының атын, дене мүшелері атауларын,

ерекшеліктерін, қимыл-қозғалыстарын.

Болуы тиіс: үй жануарлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар

екені жайлы ұғым.

Қолынан келуі тиіс: жалпы сурет ішінен артық суретті айыра білу, үстел

үсті театрының қойылымы кезінде мәнерлеп айта білу тиіс.


© 2010-2022