Алғашқы қадам бағдарламасы бойынша балалар білу қажет

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І-ші кіші топ балалары білу керек: (2 жастан бастап-3 жасқа келген шағында)

Өзіндік еркін іс-әрекеттердің қалыптасуы:

  • Жүру және басқа да негізгі қимыл түрлерін(еңбектеу, өрмелеу, допты лақтыру, жүгіру және жоғары секіру және т.б.) жүру барысында тепе-теңдікті сақтай білуі,

  • Ересектердің көрчсетуімен жалпы қимыл-қозғалыстарды жасай білуі

  • Балаларға араналған орындыққа өз еркімен отырып, болған соң өз орнына ысырып қоя алуы,

  • Баланың қолдарын өз бетімен жууып, киімдерін киіп және шешіп, бәтеңкесінің бауын байлауын, киімінің түймесін ағытуын, бас киімін шеше алуы мүмкіндігінше,

  • Барлық кір, лас нәрсеге жағымсыз қарым-қатынасты тәрбиелеу: бет-аузының тазалығына назар аударуға, жуынуға, сүртінуге, су болған киімдерін шешуді білуі;

Тамақтануда:

  • Үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру.Орындыққа өзі отырып, тұру

  • Тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру), тамақтан соң алғыс айта білуі

Жуынуда:

  • Қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жуу;

  • Ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүртуі

Киініп-шешіну барысында:

  • Бас киімін, шалбарын, түймелері ағытылған жейдесін, бәтеңкесін белгілі ретпен шешуі;

  • Шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін киюі.

  • Баланың түбекке сұрануы, өз түбегінің орнын білуі, өзінің ғана түбегіне отыра білуі

  • тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдана алуы, астан соң алғыс айтуы,

І-ші кіші топ балалары білу керек: (2 жастан бастап-3 жасқа келген шағында)

Танымдық, білімділік процесстері:

  • Тегі, аты, әкесінің аты

  • Жынысы (ұл бала, қыз бала) жасын білуі,

  • Туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.)

  • Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» - «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»).

  • 3 жаста балада өзін қоршаған орта туралы түрлі ұғымдар мен түсініктер қалыптасады. Бала тұрмыстық заттардың қасиеттері мен қолданылуын біледі, оларды ажыратып қана қоймай, түрін, түсін, өлшемін атайды, негізгі кеңістіктік және уақыттық қатынастарда бағдарлана алады. Балада сан (көп, аз, артық, кем, бір) туралы алғашқы түсініктерін білуі,

  • Өзінің киімдерінің аталуын (мойынорағыш, кеудеше, пальто, қолғап, жейде, көйлек, кофта, камзол, шалбар, шұлық. Бас киім - бөрік, орамал. Аяқ киім - бәтеңке, етік, туфли) атауларын білулері,

  • Ыдыс-аяқ - шыныаяқ, табақ, қасық, шайнек, қазан, құмыра, кесе. Тамақтың аттарын дұрыс атау: сорпа, ботқа, шырын, кеспе, бауырсақ; азық-түлік: сүзбе, сүт, ірімшік, қаймақ, айран, қымыз, балық, ет, жұмыртқа, күріш, картоп, макарон, бұршақ, қарақұмық.

  • Заттар туралы қойылатын сұрақтарғажауап бере алуы:: «Бұл кім?», «Бұл не?» (қозы, орындық) және күрделірек «Не жүгірді?» (ит), «Мысық қайда ұйықтайды?» (кілем үстінде).

  • Балаларды педагогтің ауызша сөзбен көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып әкелуі («Қызыл кубикті алып кел», «Кішкентай қонжыққа ән айтып берші»), олардың орналасқан жерін ажыратуға («Ойыншық жоғары сөреде (биікте) тұр», «Жанына қой», адамдардың әрекеттері мен жануарлардың қимылына еліктеуге («Суды қалай құятынын көрсет», «Қонжыққа ұқсап жүр»)



  • транспорт құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек),

  • заттардың көлемін, түсін, дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы) білдіретін сын есімдермен таныс болуы,

  • Бағдарлай алуы-қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу,

  • Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажырата білу,

  • Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындай білуі,

  • Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша,), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға алуы,

  • Адамның ң ерекшеліктері (әр адамның басы, қолдары, аяқтары, беті; бетінде - көзі, мұрны, аузы бар)білуі,

  • Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, Балалардың зейінін ағаштың негізгі бөліктерін (діңі, бұтағы, жапырағы)білуі,күтіп-баптауға ынталығы

  • Балаларды ересектермен, құрдастарымен сәлемдесуге, қоштасуға, өтініш пен алғыс білдіретін сөздерді (рақмет, өтінемін) қолдана білуі,

  • Көшеде және бөлмеде өзін-өзі ұстау мәдениетінің қарапайым ережелерін орындай алуы жасыл шөпті таптамау, қоқысты арнаулы орындарға тастау, дәретхана мен қол жуғышты ұқыпты қолдану, тамақты тауыспай жатып үстел басынан тұрып кетпеу, тамақтанып болған соң «рақмет» айтуы,

  • Халық тақпақтары: «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Әлди-әлди, әлди-ай» (үзінді), «Өс-өс», «Қаз-қаз бас», «Тәй-тәй».Қазақ жазушыларының өлеңдері: Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», «Құлын», «Жаңбыр», Ш. Смаханұлы «Шыбық ектім аулаға», А. Торғаев «Шөжелерім», Р. Қунақова «Күн күркірегенде», М. Әлімбаев «Қозы», Қ. Толыбаев «Сені өсірген баптап кім?», А. Сопыбеков «Қораз», Т. Шаханов «Түйе». Ертегі мен әңгімелер: «Торғай мен түлкі», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?», «Шалқан», «Әке мен бала және ескі құмыра» және т.б.




-

© 2010-2022