Ересек тобы арналған «Күз кереметтері» мерекесі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ересек тобы арналған «Күз кереметтері» мерекесі

(Кейіпкерлер: жүргізуші, Найзагай, алтын күз ханшайымы, күннің көзі.)

(Балалар жүгізушімен залға кіріп жарты шенбер болып шағын би қимылдарын билеиді колдарында жапырақ.)

Ж-і: Бар бояуы мезгілдің қаныққанда,
Табиғатты өзіңдей жан ұққанба?
Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта,
Қамыққанда, әр күні жарық таңда.
Сарғыш түске боялып, атырап бар.
Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар.
Таңғажайып табиғат алмасуын,
Суретшінің көзімен бақылап қал.
Қарашы, күрең қабақ күзге мынау,
Қынадай қалындапты түзде мынау.
Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып,
Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау.
Қапталған қалың көштей қара ала бұлт,
Шығысқа жер бауырлап, барады ауып.
Қайтарда мұңлы шыққан қаз қанқылы,
Құлақта ғұмыр бойы қалары анық.
Тапжылмай төңірекке қарадым мен.
Селдір бақ сыбдырлайды баяу үнмен.
Сары ала қазыдай боп жатқан күзді.
Басуға батпай тұрмын аяғыммен.

Құрметті қонақтар және балалар, сіздерді Алтын күз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ән:

(муз. сүйемелімен балалар жарты шенберге тұрып)

(музыка оинап ортаға күннің көзі кіреді)

К-і:Сәлеметсіндерме балалар! Мен мына жақтан әдемі әуен естідім. Сіздерде қандай мереке болып жатыр?

Б-р: Алтын күз мерекесі

Ж-і: Сәлеметсінбе күннің көзі! Қош келдің біздің мерекеге. Біз бүгін алтын күн мерекесің тойлап отырмыз

К-і:Олай болса құттықтаймын. Балалар сендер білесіндерме күз мезгіліңде кандай табиғи өзгерістер болады?

Б-р: Жапырактар түседи, күн суытады,табиғат сары түсті жамылады, егін піседі, жемістер піседі.

Ж-і: Біздің балалар өздері жақсы көретің жемістер жайлы өлеңдер даиындапты.Тындап көреиік.

К-і: Арине тыңдасақ тыңдайық.

(тақпақка жемістер бейнеленген маска киіп балалар шығады)

К-і: Қандай керемет өнерлерің өрге өссің. Ал балалар сендер оинағанды жақсы көресіңдерме?

Б-р: Иаааа

Ойын: «Мазайка жинау»

К-і: Ой, балалар, сендерге көптен көп рахмет, өнерлерінде өздерінде керемет балалар екенсіндер, мен өте қуаныштымын..

Сау болыңдар (күн залдан музыкамен шығып кетеді)...

(Барлығын қорқытып ортаға музыкамен найзағай шығады.)

Н-й: Тоқтатыңдар, Бұл неткен көңіл көтерулер, ешқандай мереке болмайды.... Тоқтатыңдар!

Ж-і: Сіз неге ашуланып тұрсыз? Біз не себепті мерекені тоқтатуымыз керек?

Найзағай: Бүгін менің көңіл күйім жоқ, ал сендер болсаңдар көңіл көтеріп жатырсыңда.. Бұл маған мүлдем ұнамайды..

Ж-і: Найзағай, биздің балалар өте өнерлі мүмкін біздің балалар сіздің көңіл күйыңізді көтеріп сізге арнап би орындап берсын.

Би: «Саңырауқұлақ»

Н-й: Көңіл күйім жақсарып келе жаткандай. Балалар мен жұмбақ жасырғанды ұнатамын. Жұмбақ шешкенді ұнатасындар ма?

Б-р: иа

Н-й : онда тыңдаңдар (деп жумбағын жасырыды күз тақырыбында)

Ж-і: найзағай біздін балалар сіздің коңіл күйыңызді жақсартты ма?

Н-й: арине коніл күйым көтеріліп қалды балалар мені кешіріңдер сендердің мерекелеріңді бүлдіргім келгені үшін.

Ж-і: балалар кешіреміз бе?

Б-р: кешіремі

Н-й: Рахмет мен енді жақсы көніл күймен басқалармен болісейын сауболыңдар.

(музыкамен найзағай шығып кетеді)

Ж-і: біздің мерекеге Атын күз ханшайымы келгенше , қонақтарға бір ән айтып берейік.

Ән:

Ән:

(Муз ойнап Алтын күз ханашайымы кіреді)

А-і: Ерінбестен еңбек етіп келетін

Еңбекшіге бар жемісін беретін

Мен, Күз ханшайымы,ынтымақты еліңе

Берекелі ырыс болып енетін

Армысыңдар балалар, қонақтар сендерді көргеніме қуаныштымын.. Бүгін барлығында әдімі көрінесіңдер, сендер менің мерекеме орай осылай адеміленгендерің үшін алғысым шексіз.

Ж-і: Құрметті Ханшайым біздің сізді көргендерімізге қуаныштымыз, біздің балалардың сіздерге арнаған сыйлйқтарын қарсы алыңыздар.

Би: «Саңырау құлақ»

А-ы: Балалар биді керемет билейді екнсіңдер, ал өлең айту білесіңдер ме?

Б-і : Иә

А-ы : онда тыңдайық

(өлең оқу )

А-ы :Балалар өте керемет , енді блалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Б-р: Иа

Ойын: «Жемістерді жыйнап ал»

А-ы: мына доңгелектің ішіндегі жемістерді келесі доңгелекке машинамен тасыйсыңдар біреуден.

А-ы:Өте жақсы недеген жылдамсыңдар тапқырсыңдар.

Ж-і : Иә Атын күз ханшайымы біздің балалрымыз әнші биші тапқыр , ал енді балаларымыз сізбен би билегілері келеді.

А-ы:Әрине билесек билейык

Би : Жалпы

А-күз: мен бүгін керемет уақыт өткіздім балалар сендердің өнерлеріңді тамашаладым ,ал енді мен сендерге сыйлық бергім келіп тұр.

(Алма немесе алмұрт сыйлық)

сонымен Алтын күз ханшайымы қоштаып кетеді.

.

( Муз ойнап балалар жүргізушімен қолдарына жапырықтарын алып 1 шенбер жасап залдан шығып ктеді).



© 2010-2022