Сценарий Шамдарынды жарқырат, шыршам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» «Гүлдер» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


«шамдарыңды жарқырат,

шыршам!»





Өткізгендер: 2 кіші «Балапан» тобының

тәрбиешілері:К.М.Досмухамбетова

Ф.О. Нургазина

Затобол кенті

2014-2015 оқу жылы

Шамдарыңды жарқырат ,шыршам!

Мақсаты:Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен танысты-ру.Мерекеге сай көніл -күй туғызу.Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру.Жұмбақ жасыру, ән орындау,тақпақ айту арқылы балалардың тілін дамыту.Жақсылыққа, достық қарым-қатынасқа, ептілікке, шапшандыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші

Аяз ата

Ақшақар

Қой

Сайқымазақ

Балалар көңілді жаңа жылдық музыканың сүйемелдеуімен музыка залына кіреді де шыршаның жанына орналасады. Жүргізуші балалармен және қонақтармен амандасады, оларды Жаңа жылмен құттықтайды.

Жүргізуші:

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Бүгін біз көңілдіміз

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді,

Құттықтаймыз ән салып.

Ән: «Аппақ,аппақ жапалақтап»

Жүргізуші шыршаға назар аударады.

Балалар, қараңдаршы, біздің мерекеге қандай сұлу шырша келді! Балалар, ендеше шыршаны айналып, жаңа жылдық ойыншықтарды тамашалайық.

Баяу музыка ойнайды, балалар ойыншықтарды тамашалап, шыршаны айналады.

Балалар, ендеше шыршамызға өлең оқып берейік.

Балалар өлең оқиды.

Айкерім: Жаңа жылда барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді

Ярослав:Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Өлең де әзір ән әзір

Ойын да әзір -бәрі әзір

Дәрия:Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қарасаң

Әділжан: Аяз келіп қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Дарья :Елкаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атамен

Би билеп жүрдік

Нұрайлан: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші: Балалар! Қандай жаңа жыл Аяз атасыз өтеді,кәне Аяз атаны шақырайық.

Ән: «Аяз ата!»

Балалар «Аяз ата! » Әнімен Аяз атаны шақырады, Аяз ата кіріп балалармен және қонақтармен сәлемдеседі.

Аяз ата:Сәлем, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Өнерлі екен ұлдарың,

Өнерлі ару қыздарың,

Жарқын, жарқын жүздерің,

Жайнап өссін, гүлдерің.

Күнбағыстай жайқалып,

Биіктерден өздерің.

Ақ көрпемді жамылып,

Мұзды алқа тағынып,

Әр жыл сайын сендерге

Келіп тұрам сағынып.

Балалар шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші:Қараңдаршы балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер бері, сыйлықты ашып көрейік.(Музыкамен ішінен ойыншық Клоун шығады.)Балалар жаңа жыл ғой ,көзімізді жұмайық, мүмкін Аяз ата сиқырлы таяғымен ойыншықты жандандырып жіберер.

Сайқымазақ:- Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.

Сайқымазақ :Балалар ойын ойнайық:

-Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр......

Балалар: Жаңа жыл.!

Сайқымазақ :-Қызыл мұрын, ақ мұртты, білсең атын тез ата, келді бізге.......

Балалар: Аяз ата!

Сайқымазақ :-Шырша бүгін кәделі, сендер бүгін..............

Балалар:Әдемі!

Сайқымазақ :-Құтты болсын!.............

Балалар: Жаңа жыл!

Сайқымазақ :-Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы аты кім?

Балалар: Ақшақар!

Музыкамен Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым-Ақшақар, мен Аяз атаның немересімін!

-Балалар, ата-аналар жаңа жылдарың құтты болсын! Дендерің сау болсын.

Арсен : Кел билейік сенімен

Дедім тартып жеңінен

Еріп кетпе ақшақар

Адамдарың денімен

Вячеслав: Кел билейік үйренейік

Ол келгенше жаңа жыр

Құтты болсын-3р

Жаңа жыл!

М.Санжар Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда- жаңа жыр!

Адилбек:Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жыл да келеді

Бізге қарай жылыстап.

Жануар

Қош келдің жаңа жыл,

Көп болар жаңа жыл.

Аман ба, Ақшақарым?

Айдан да аппақ жүзің.

Рома

Далада қар борайды,

Ақ мамаыққа орайды,

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Артем

Аяз келіп дағарлы,

Айналаны қар жапты,

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Наталья

Қуантып елді

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.

Аяз ата: Кел, балалар, келіңдер!

Тамашаны көріңдер.

Бірге үріп шыршаның

Шамдарын жағып көріңдер!

Шыршаны айналып былай дейді.

Қане, сиқырлы таяғым,

Бар күшіңді сала түс.

(Таяғын тарсылдатып.)

Бәріміз бір дауыспен,

Дейік енді шыршаға.

Қуан бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

Балалармен және қонақтарымен бірге соңғы сөзді айтады, шырша жанады

Ән: «Шырша жыры» (Тауда туып,тауда өскен)

Ойын:Шыршамен ойнау.-Балалар үрлейді.-шамдар сөнеді, шапалақтайды, тыпырлатады-шамдар жанады.(2-3рет)

Бекрамазан

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Айшуақ

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Нұрсұлтан
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Жүргізуші:Ақшақар қарашы, біздің шыршамыз қандай әдемі! Онда қанша ойыншықтар бар!

Сайқымазақ:

Сендерге қатты асықтым,

Дорбамды алуға ұмыттым.

Онда сылдырмақтарым бар еді.

Балалар, енді қайттім!?

Ақшақар:Сайқымазақ, сенің қабыңдаңда не бар? Мүмкін мұздай қарлар шығар?

Сайқымазақ: Жоқ!

Жүргізуші: Мүмкін тәтті кәмпиттер?

Сайқымазақ:Жоқ! Таба алмадыңдар, қазір балалар өздері табады.

Сайқымазақ балаларға жақындайды.

Қаптың түбін қараңдар,

Түбіндегіні алыңдар!

Би де билеп, көңіл көтеріп,

Әсем әнді шырқаңдар!

Би:Сылдырмақтармен би-ойын

Аяз ата: Жарайсыңдар, балақайлар! Ал мен туралы ән, тақпақ білесіңдер ме?

Аяз ата балаларды мақтап ,дем алуға отырады.

Айару: Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді

Таир: Шыршаға бардым

Әсем ән салдым

Аяз атадан

Сыйлықтар алдым

Яна: Қала нұр, дала нұр

Билеп барлық бала жүр

Шырша жаңа көңілді

Құтты болсын жаңа жыл!

Елжас:Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Диляра:Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Глеб:Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Виталина: Құтты болсын-3р

Жаңа жыл!

Аделина: Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтарын тізген

Шыршаны да көрдік

Аяз ата:Балалар қандай өнерлі,тақпақты жақсы айтады екен.

Ән: «Шырша тауда туыпты...

Тақпақтар:

Мадина: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Даниил: Тілеймін мен бар әлемде

Дос көп болсын жанашыр

Ата,әже! Ата,әже!

Құтты болсын жаңа жыл!

Арслан: Көрікті бөрікті

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып

Алма,анар, өрікті.

Ақшақар: Аяз ата, ал сіз қар кесегін алуды ұмытқан жоқсыз ба?

Аяз ата: Мен қалай ұмытамын, міне олар!(Ішінде қар кесектері бар қорапты көрсетіп)

Ақшақар: Қолымызға қар кесектерін алып, бірге билеуге шығамыз.!(Ақшақар»-әнінің фонограммасы)

Би: «Ұлпақарлар»

Ақшақар: Балалар, жақсы биледіңдер!

Аяз ата: Ал, енді қар кесектерімен ойнайық!

Ойын:«Қар кесектері» ойын бір-бірін қуып, қар лақтырады.

Ақшақар:Ал енді балалар маған қар кесектерін жинауға көмектеседі.

«Қар жинау» ойыны.-қарды қорапқа жинайды.

Аяз ата: Ал, балалар жаңа жылды шақырайық.

Балалар: Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Аяз ата.-Кел, келе ғой, Жаңа жыл,ұялма төрлет.

Қой:Мен Жаңа жыл қоймын

Жаңа келіп таныстым.

Еңбек еткен жандарға

Көл-көсіршен табыспын.

Жақсылыққа бөлеймін

Тыныштықты тілеймін,

Береке мен ырысты

Мен жыл боламын табысты!

Жүргізуші:Көңілді ойындар ойнап,шыршамызды безендіреміз.

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Ортаға кішкентай жасанды шырша қояды, 5-6 балаға шар таратады.,көңілді музыка ойнайды, балалар шыршаны безендіреді.2-3 рет ойнатады.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар,балалар! Сендер шыршаны қалай керемет безендірдіңдер.

Ақшақар:Ақ көрпесін жамылып,

Ұйықтап жатқан дала нұр.

Балаларды сағынып,

Келді міне жаңа жыл!

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің,

Береке,ырыс сыйлашы.

Ән: «Кішкентай шыршаны» Айкерім,Айшуақ, Нұрайлан

Аружан: Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ

Жүргізуші:

Төрлет,төрлет, Жаңа жыл!

Айтамыз тебіренте Жаңа жыр!

Б.Санжар: Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді

Мерей: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Әке,ана!Әке,ана!

Құтты болсын жаңа жыл!

Жүргізуші: Ал шыршаны айналып тұрайық.

Би: «Утята»

Аяз ата: Ой, балалар,өнерлі екенсіңдер, менің сиқырлы орманға қайтатын уақытым жетті.....

Ақшақар: Аяз ата ,сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?

Аяз ата:(ойланып) Аяз ата балалармен ойнады?

Балалар: Ойнады.

Аяз ата:(ойланып)Шыршаның жанында биледі.

Балалар: Биледі.

Аяз ата:Күлдірді балаларды?

Балалар:Күлдірді.

Аяз ата: Нені ұмыттым тағы?

Балалар: Сыйлықтарды.

Аяз ата:Ештеңені ұмытпадым,

Сыйлықтарды салдым.

Боран соғып, жел соқты,

Сыйлықтарды қайда түсіріп алдым.

Ештеңе етпейді, біздің сыйқырлы шаналарымыз бар ғой! Менің көмекшілерім қайда?

Қане,Қой мен Сайқымазақ сыйлықты тауып ,алып келіңдер.

Аяз ата:

Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Үнемі көңілді жүріңдер.

Ақшақар:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпымасын жүректерді мұн лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі.

Қой мен Сайқымазақ ішіне сыйлықтар салынған сиқырлы шаналарды алып келеді.Аяз ата балаларға сыйлықты таратады.

Жүргізуші:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймын әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Балалар шыршаны ойналып, суретке түседі.













© 2010-2022