Аралар биі (5-6 жас)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« АРАЛАР БИІ »

Аралар биі (5-6 жас)

( музыкалық мөлшері 2/4 )

Бидің негізгі қимылдары:

І. Майда жеңіл басып жүгіру. Қол белдің тұсында, аздап арқаға таман көтеріп ( аралардың желбезегі секілденіп ), алақан төмен қаратылады. Аздап еңкейген қалпында, алға қарай, аяқтың ұшымен басып жүгіру керек.

ІІ. Оңға қарай бұрылыңқырап, оң аяқпен кеңірек қадам жасап, одан кейін солға қарай бұрылыңқырап, сол аяқпен тағы да кеңірек қадам жасалады. Қол аралардың желбезегін бейнелегендей, артқа таман жайыла созылады.

ІІІ. Бір орында тұрып, оңға қарай майда басып жүру керек. Дене бірінші қимылдағыдай аздап алға еңкейіңкірей, қолдары артқа таман жайыла көтеріледі.

ІV. Аяқтың ұшымен басып «ауыспалы жүрісті » орындайды.

Биге жұп санды қыздар қатысады - 6, 8, 10, 12. Бидің құрылысы: І бөлшек

8 такт. Бөлменің төр жақ бұрыштарына қыздар алты-алтыдан бірінің артынан бірі тұрған қалпымен қарама - қарсы, бөлменің алдыңғы бұрышына қарай қиғаштай 8 « ауыспалы жүріспен » келіп, бөлменің екі жақ шетінде қарама -қарсы сап құрып тұрады. Бастарын бөлменің алдыңғы жағына қарсы бұра қарап, орындаушылар қиғаштап, келе жатқандардың алдыңғы жағынан ( қолдың саусақтарын айқастырғандай ) өтіп отырады.

8 такт. Екі жақтағы қыздар сол «ауыспалы жүріспен » қарама-қарсы жүріп, ортада бірінің араларынан бірі өтіп, орындарын ауыстырады .

І бөлшек

Бірінші бөлшектің музыкасы бойынша қайталамасы:

16 такт. Екі жақта тұрған қыздар бірінің артынан бірі бөлменің ортасына қарай жүріп келіп, бірінші қимылмен екі жақ өз алдына шеңбер жасай жүрген қалыптарымен алға қарап төрт сап құрап тоқтайды .

ІІ бөлшек

2 такт. Барлығы кеңірек оңға аттап, сонан соң солға аттап, екінші қимылды орындайды .

2 такт. Оң жағына қарай, бірінші қимылмен тұрған орында бір рет айналып шығады .

2 такт. Оңға және солға кең қадам жасайды.

2 такт. Алдыңғы төрт тактінің қимылын солға қарай бастап, толығымен орындайды.

Музыка толығымен тағы қайталанады.

І бөлшек

8 такт. Қыздар ортадан екі топқа бөлініп екі шеңбер жасап, бір топ - сағат тілінің бағытымен (сол жақтағысы ), екіншісі - керісінше бағытта жүгіреді.

8 такт. Қыздар кері бұрылып, шеңбермен қарсы бағытта жүгіреді. І Бөлшектің қайталамасы:

16 такт. Бірінші қимылды орындау арқылы екі шеңбердегі қыздар шеткі жақтағы қыздардың соңынан екі жағы арқылы төрге қарай жүгіріп, сол жақтағылары төрдегі бірінші қатардың сапына барып тоқтайды.

ІІ бөлшек

2 такт. Қыздар оңға, солға кеңірек екі аттап бұрылады. 2 такт. Қыздар сол аяқтан бастап, екінші қимылды жасайды. 2 такт. Қыздар тағы да (екінші қимыл ) оңға, солға кеңірек басып бұрылады. 2 такт. Екі сап та оң жақтарына қарай айналып, беттерін бөлменің сол жағына қарай бұрып, қайтадан екі сап құрып тоқтайды. Алдыңғы саптағы қыздар денелерін тік ұстап, оң аяқтарымен тізерлеп отырады. Артқы қатардағылар сол аяғымен кең адымдап бұрылып тұрады.



© 2010-2022