Өзін-өзі тану пәнінен сабақ үлгісі Мен әдепті баламын

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЕН ӘДЕПТІ БАЛАМЫН

Әдепті бала- жақсы бала.

Мақал.

Мақсаты: «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;

  • Жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту;

  • Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балалар ортаға жиналып, Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір - бірімен амандасады.

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалекум!», - деп

Алдан әже жолықса,

Бөгелемін әдейілеп:

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей»,- деп.

Кім кезіксе көшеде

Аға, тәте, көкеге,

«Сәлеметсіз бе!», - деймін.

  • Балалар, әліппе дәптерде берілген картаның келесі аялдамасын әдемілеп боятып, суреттің мазмұнын ашып, әдептілік әлеміне шақырып, онда ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, адал, еңбекқор балалар туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу.

  • Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?

  • Әдепті балалар қандай болады?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауаптарды тыңдау, қорытындылау:

  • Әдепті сөздер - сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, т.с.с. Әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі қолданады. Әдептілік - адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Ата - анасының айтқанын орындайды. Әдепті бала айналасындағылармен жақсы қарым - қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады. Өзіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді.

Әңгімелеу:

В. Осееваның «Сиқырлы сөз» атты әңгімесін оқып, талдау.

  • Қария Павликке қандай сиқырлы сөз айтты?

  • Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма? Неліктен?

  • Павликке қария кездеспесе не болар еді деп ойлайсыңдар?

  • Сендерге осындай жағдайлар болды ма?

Жауаптарды тыңдап, қорытындылау:

  • Қария Павликке өтінемін деген сиқырлы сөз айтты. Павликті әдепсіз деп айтуға болмайды. Өйткені ол өз қатесін түсініп, қарияның тілін алып, сиқырлы сөзді айту арқылы өзінің отбасымен табысты. Егер қария кездеспесе, онда Павлик ешкіммен жылы сөйлесе алмайтын еді. Әдепті балалар үлкендерді тыңдап, айтқандарын екі етпей орындап, жылы сөйлеседі. Әдепті балалар біреуден бір нәрсе сұрағысы келсе, Павлик сияқты тура қарап, ақырын, жайлап сұрағын жеткізеді және өтінемін деген сөзді айтуды ұмытпайды.

Ойын «Әдепті сөздер»

Балалар шеңберге тұрып, допты лақтырып - қағып алу арқылы бір - біріне әдепті сөздер айтады.

  • Рақмет.

  • Сәлем!

  • Қалың қалай?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Амансыз ба?

  • Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын!

  • Кешіріңіз! Өтінемін.

  • Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше!

Үйден жаттап келген әдептілік ережелерін айтып беру:

  • Әдепті бала қашанда сәлемедеседі.

  • Әрқашан сыпайы болу керек.

  • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

  • Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

  • Ескертусіз үйден, мектептен кетіп қалмайды.

Дәйексөз.

  • Бүгінгі сабақтың дәйексөзі - халық мақалы «Әдепті бала - жақсы бала».

Ғажайып сөздер:

  • Біз - әдепті, сыпайы баламыз.

  • Әдепті бала-жақсы бала.

Қорытындылау.

  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызды әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік.

Жүректен жүрекке.

Балалардың есте сақтауларын дамыту мақсатында Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен қайталату.

© 2010-2022