Қыстайтын құстар Тіл дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыстайтын құстар Тіл дамытуМКҚК «№1Балабақша»























Тәрбиешілер: Жетписова Г.М.,

Ержанова А.К.,

Тилеген А.

Ақкөл-2014жыл.

Жобаның ұзақтығы: қысқа мерзімдік

Жобаның деңгейлері:

1 деңгей - дайындық жүргізу

  • Мақсаты мен міндеттерін тәрбиешілермен, балалармен, ата-аналармен талқылау,

  • Жобаны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау,

  • Жобаны күнтізбелік жоспарлау,

2 деңгей - негізгі (тәжірибелік)

  • Балалардың қыстап қалатын құстар туралы білім деңгейін тақырыпқа сәйкес әдістер бойынша тәрбиелеу-оқыту процессінде жүзеге асыру,

  • Балалардың тәжірибелік іс-әрекеті

3 деңгей -қорытынды

  • Жобаның презентациясы

Жобаны жүзеге асыру.

1 деңгей

Мақсаты:1. қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін тереңдету және молайту және қыстап қалатын құстарға адамның рөлі туралы білімдерін бекіту

2. тәрбиеленушілердің шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту

3. қысқы ауыр жағдайларындағы құстар үшін ата-аналар мен балалардың қамқорлық жасауға қатыстыруға баулу

2 деңгей негізгі (тәжірибелік)

Іс-шаралар

Міндеттер

«Қыстайтын құстар» суреті арқылы балалардың әлем туралы толық бейнені қалыптастыру, Б.Брехттың шығармасымен таныстыру

Құстарға қамқорлы болуға тәрбиелеу. Құстардың қысқы мезгіліне үйренуі туралы білімдерін бекіту. Құстар өмірі мен табиғат құбылыстары арасындағы қарым-қатынасын анықтауға үйрету.

Торғайларға бақылау жасау. Ж.Смақов «Торғай ағаш қорғайды» өлеңін оқу.

Торғайлардың жүріс-тұрысы туралы балалардың көзқарастарын анықтау, торғайлардың қай уақытта жемсауытқа келгенін, қандай тағам таңдағанын, қанша уақыт жейтінін бақылап белгілеу. «Торғайдың жүні үрпиіп тұрса - аязға, жүні жаланып тұрса - жылуға» атты ырым-тыйым сөзінің дұрыстығын балаларға анықтауға ұсыну. Торғайдың жүні аязда үрпиіп тұрған себебін балалармен талқылау.

Әңгімелеу «Құстардың асханасы»

Құстардың тамақтандырудың өте маңызды екенін балалармен әңгімелеу; барлық тіршілікке қатысты болуын сезінуге үйрету; құстарға қамқорлық , жауапкершілік, қыста құстарға көмек беруге тәрбиелеу;

Еңбек іс-әрекеті: құстарға тамақ беру

Жемсауытты тазалау мен толтыруға, қандай құстар ұшып келетініне байланысты қорегін таңдауға балаларға ұсыну;

Үйірме жұмысында «Сиқырлы ермексаз»: «Бұтақтағы құстар»

Балаларға қыстап қалатын құстар жайлы және қыстап қалатын құстарға адамның рөлі туралы білімдерін бекіту. Өздерінің тірі табиғаттағы бақылауларын шығармашылық-бейнелеу іс-әрекетінде бейнелеуге үйрету; композиция жасау дағдыларын дамыту.


Құрастыру: «Көгершіндер» (оригами)

Балалардың құстарға деген қармқорлы қарым-қатынасын тәрбиелеу. Балалардың құстар туралы білімдерін бекіту. Оригами техникасында көгершінді жасауға талпындыру. Балаларды қағазбен жұмыс жасауға, қағазды әр-түрлі бағытта бүктеу арқылы білімдерін бекіту.

М.Әлімбаев «Сауысқан» өлеңін, «Құстар қалай қыстайды» ертегісін оқу

Балаларды жаңа әдеби шығармаларымен таныстыру, әңгіменің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу, балаларды айналадағыларға махаббатын, құстарға көмек көрсетуге ынталандыру.

Сурет салу «Біз құстарды қалай тамақтандырдық»

Балалардың құстарға деген қармқорлы қарым-қатынасын тәрбиелеу. Құстардың қыс мезгіліне үйрену туралы білімін бекіту. Өздігінен бейнелеу заттарын таңдауын дамыту.(түрлі-түсті қарындаштар, бояулар) ; композиция жасау дағдыларын дамыту.

Үстел үсті ойындары «Қыстайтын құстар», «Суретті жина», лото «Құстар»

Қыстайтын құстар туралы, олардың сырт әлпеті туралы түсінігін бекіту.

Қимылды ойындар: «Торғай мен мысық», «Ұшты-ұшты», «Ұядағы құстар»

Құстар және олардың жүріс-тұрысы туралы түсінігін қалыптастыру. Екі аяқты қосып секіруге жаттықтыру. Алаңда қимылдап жүріп, қимыл координациясын дамыту.

Дидактикалық ойын «Не жақсы, не жаман»

Балалардың құстарға деген қармқорлы қарым-қатынасын тәрбиелеу. Құстардың қыс мезгіліне үйрену туралы білімін бекіту, оларға көмек беруге ынталандыру.



Ата-аналармен жұмыс:

«Құстарды қыста тамақтандыр!», «Құстарға көмектес» тақырыбына буклет пен плакаттар жасау

«Құстарға арналған ең жақсы жемсауыт» атты көрмені ұйыматсыру.

3 деңгей қорытынды.

  • Жобаның қорытындысын презентация түрінде көрсету,



© 2010-2022