Ересек топтарға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық жоспары. Тақырыбы: Су-өмір нәрі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Бұланды ауданы

Макинск қаласы

«Балдырған» мектеп- балабақшасы

Нургалиева Зейни Құттыбекқызы

Әдіскер.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру: Қатынас. Қоршаған орта. Шығармашылық. Денсаулық

Тақырыбы: «Су-өмір нәрі»

Бағдарлама бөлімі: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, Айналамен танысу.

Мақсаты: 1. Су туралы толық түсініктерін қалыптастыру, судың сұйық, қатты,

бу түрінде болатынын түсіндіру.

2. Балалардың сөздік қорын дамыту,

3. Суды үнемдеуге, ластамауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, тыңдау, дидактикалық ойындар, сергіту сәті, көркем сөз.

Көрнекіліктер: кейіпкерлер маскалары, атрибуттар, үнтаспа, теледидар, суреттер.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылықтарын ояту


Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкендермен

Тәрбиенің басығой

Кәне бәріміз «Сәлеметсіз бе» дейік

Шаттық шеңберді қайталайды. Бәрімен амандасады.

Ұйымдастыру кезеңі


















Шығармашылық жұмыс











Қорытынды

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемнің неше айы бар?

Көктем келгенін қалай білдіңдер?

Енді балалар назарларынызды теледидарға аударайық.

(«Көктемгі әуен» мультфильмі)

Мультфильмге сұхбат:

-Қар еріп су ағады, құстар ұшып келді, барлық табиғат тіршілік етеді. Су барына барлығы қуанады т.б.

-Бүгінгі іс әрекетте біз су туралы білетін боламыз.

Балалар сендер қандай баласындар?

-Жарайсыңдар!

-Судың қандай тағы пайдасы бар?

-Балалар табиғаттың бізге сыйлаған сыйының бірі су. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр, су көк түсті. (ғаламшарды көрсету.)

-Балалар су дегеніміз үш күйде болады екен:

-сұйық

-қатты

-бу

Сұйық су дегеніміз біздер күнде пайдаланып жүрген суымыз. Тәжірбие жасау: 1 ыдыстан ыдысқа суды құйып көрсету.

Ал су, мұзға айналғанда қатты күйде болады. Оны мұз деп атаймыз.

Тәжірибе жасау: мұздың су болатының бақылау. Қар ерігенін бақылау.

Су бу түрінде болады. Тәжірибе жасау: ыстық суды қақпақпен жауып оны ашық буына тақтайшаны ұстап, онда су тамшылары пайда болғанын көрсету.

Тәжірбие жасау: су құйылған ыдысты иіскету, ішкізу.

-Балалар не байқадындар? Судың иісі барма, дәмі барма?

-Балалар су ащы және тұщы болады . Ащы су теңіздерде, көлдерде, мұхиттарда болады. Ащы суды адамдар ішуге, тамақ пісіруге болмайды. Ондай сумен бау бақшаларды суаруға болады. Тұщы су өзендерде, құдықтың суы, жаңбырдың су, бүлақтың суы болады. Тұшы суды ішуге, тамақ пісіруге болады.

(Сурет бойынша көрсету)

Сергіту сәті

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Аппақ бетін маңдайын

Табиғаттың досы-су дегенім осы

-Қазір біз жаңбырдың суретін саламыз. Суретті ерекше түрде саламыз. (Суретін саусақтарымен салады).

Көлді балықтар түрлерімен толтыру. (Балықтарды қияды, жапсырады). Қауіпсіздік ережесін еске салу.

-Ал енді су туралы мақал-мәтелдерді айтып берейік.

Анна бізге айтып береді.

Бану айтып береді.

Ділшат айтып береді.

-Еңді суға байланысты тиым сөздерді еске түсірейік:

Нұрасыл айтады.

Абдулла айтады.

Жантілек айтады.

-Жұмбақтарды еске алайық.

Ксения жұмбақ айтады.

Айсәуле жұмбақ айтады.

-Балалар суды дұрыс пайдалану керек, суды сақтау керек. Суды сақтау үшін не істеу керек?

-Балабақшада, үйде крандарды жауып қою керек сумен ойнамау керек.

Ойын:

Дамытушылық, танымдық ойын «Су». Шарты: суды қажет ететін

нәрселерді тауып көрсету, дәлелдеу.

Мысалы: гүлді- сумен суарамыз.

Көрініс көрсету: «Су-өмір нәрі»

(Көрініске балалар маскаларын киіп, ортаға шығады)

Көктем

3 айы бар

Қар ериді, құстар ұшып келеді т.б.

Балалар мультфильмді көреді



Ерте тұрып жуынған Тазалықты қуынған

Судай мөлдір тазамыз

Суды сүйген баламыз

Сумен жуынамыз, ішеміз, ыдыс жуамыз, тамақ істейміз, гүлге су құямыз т.б.

Ғаламшарға қарайды.



2 бала шығады тәжірибе жасайды.

2 бала шығады тәжірбиені бақылайды.

2 бала шығады тәжірбиені бақылайды.

2 бала шығады тәжірбие жасайды.

Судың иісі жоқ, дәмі жоқ.

Балалар өз ойларын айтады.

Суреттерге қарайды.





Балалар сурет салуға кіріседі.

Балалар қияды, жапсырады.

Анна:

Су бар жерде ырыс бар.

Бану:

Таза болсаң, судай бол,

Бәрін жуып кетірген.

Ділшат:

Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

Нұрасыл:

Су ішкен құдығына түкірме

Абдулла:

Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды. Үнемдеу керек.

Жантілек: Су шашып ойнама.

Ксения:

Тіршіліктің нәрі,

Тазалықтың әрі. (су)

Айсәуле:

Жылт жылт етеді,

Жырадан өтеді. (су)

-Суды үнемдеу керек

Ойынды ойнау

Балалар көріністі көрсетеді.

Қоштасу: (орындарына келіп, бәрі қосылып)

Қош бол, досым көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Ертең тағы келеміз,

Аман сау бол ендеше!

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Судың пайдасы туралы біледі. Судың түрлерін біледі.

Талапты болу: Сұрақтарға жауап беру

Қолынан келуі: Көрініс көрсету, тәжірбие жасау.



© 2010-2022