Менің ақ көжегім Мектепке дейінгі тәрбие

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№2 Қашар орта мектебі» КММ


Тақырыбы:


Ашық сабақ

Менің ақ көжегім


Тәрбиеші : М.М.Муратова





2015-2016 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Менің ақ көжегім»

Мақсаты: Балаларды түрлі бейнелеу материалдарын \жапсыру мен сурет салу\ үйлестіріп жапсыруға үйрету.Шығармашылықпен қиялын таныта отырып,бейне құрастыруға дағдыландыру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоян туралы өлеңдер жаттату, оның дене бөліктерін қарастыру.

Қос тілді компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт:

Шеңберде тұрған балалардың жанына қос аяқтап секіріп қоян келіп былай дейді:

Қайырлы күн, достар!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Армысың, шапағатты Күн-ана!

Армысың, шапағатты Аспан-ана!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Шеңберге тұрып, Тәрбиешінің іс-әрекетін орындайды.

Балалар қоянмен амандасады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ал, қыстыгүні менің қайда мекендейтінімді кім айтады?

-Қыстыгүні далада мекен ететін тағы қандай жануарларды білесіңдер?

-Қоянның түсі, құлағы қандай болады?

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

-Балалар, өздеріңнің көжектерің болғанын қалайсыңдарма?

-Балалар ұзын құлақ ақ қоянды жапсыруды үйренгілерің келе ме?

Негізгі бетке ( фонға) қоянның денесін жапсырамыз. Одан кейін басын және ұзын құлағын жапсырамыз.

-Балалар, қоянның құйрығы қандай екен?

Құйрығын жапсырамыз.

-Көжектің аяқтары ұзын ба, әлде қысқа ма?

-Иә, аяқтары қысқа болады. Енді аяқтарын жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Көжегім, тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші.

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

Жұмыс барысында қиналып отырған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.

-Қыс мезгілі.

-Қыста далада, қардың үстінде жүресің.

-Қасқыр, түлкі.

-Құлағы ұзын, түсі ақ, сұр болады.

Қайталайды: ұзын құлақ.

-Иә, қалаймыз.

-Үйренгіміз келеді.

Балалар мұқият тыңдап, жапсырады.

-Кішкентай, түсі ақ болады.

-Аяқтары қысқа болады.



Балалар сергіту сәтін бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар қоянды көрсетілген реттілікпен жапсырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, қоян қалай секіреді, бәріміз бірге қоян

Сияқты секіріп көрейік.

  • Немен қоректенеді?

  • Балаларды марапаттау.

Балалар бәрі бірге қос аяқтап секіреді.

Сәбізбен.

Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Болжамды нәтиже:

Қабылдайды: қоянның дене мүшелерін, оларды рет-ретімен жапсыруды;

Түсінеді: жыл мезгіліне байланысты қоянның түсінің өзгеретінін;

Қолданады: қыстыгүні даланы мекендейтін жануарды жапсыруды.







© 2010-2022