Тіл дамытудан Елордасы -Астана тақырыбына ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Астана арман қала

Мақсаты:

- Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу.
- Астана туралы деректермен білімін дамыту.
- Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, әңгімелесу.

Күтілетін нәтижелер: әдеби көркем сөздер қорымен байыту, топтық жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулу, Отанға деген сүйіспеншілінің дамуы.

Көрнекілік: слайд, суреттер, жұлдызшалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын қорытындылау.

Қызығушылығын ояту.

«Шапшаң өлең құрастыр» тапсырма

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Елордасы Отанның

Мақтанышым - Астанам , - өлең жолдары арастырылып беріледі, балалар оларды дұрыстап реттейді.

Мағынаны тану.

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының елордасы қалай аталады?

-Кім Астанаға барды?

-Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?

Астана туралы мәлімет беру.

Мұғалім елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын көрсетіп, оларға қысқаша

  • Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.

  • Ақорда - Қазақстан Республикасы Прзидентінің резиденциясы.

  • Бәйтерек - Астананың басты белгісі.

  • Тәуелсіздік сарайы - мемлекеттік ресми іс- шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны блып табылады.

  • Парламент үйі - Өкімет үйі.

  • Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

  • Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

  • Хан Шатыр - Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.

  • Мұхит аралы - мұхит жануарларын көретін орын.

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

Астананың аумағы 710,2 шаршы километр.

Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады.

Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырған. Астананың болашағы әлі алда.

Оқулықпен жұмыс.

Махмұтбай Әміреұлының «Астана - арман қала» атты өлеңін мәнерлеп оқып шығып, мазмұнын ашу.

-Өлең не туралы жазылған?

-Өлең тақырыбы неліктен осылай аталады?

-Ақынның Астанаға деген тілегін қай шумақтардан оқуға болады?

«Сиқырлы сандық» тапсырмалары.

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2. Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.

3.Бәйтеректің ұзындығы қанша?

4.Қ.Р тұңғыш президенті кім?

5.Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл?

6.Бір сөзбен ата.

Әнұран,елтаңба,ту.

7.Әнұранның авторларын ата.

8. Астанаға қандай тілек айтасың?

9.Адасқан сөздерді орнына қой.

Астана,орналасқан,қала, Қазақстанның,солтүстік,аймағында.

10.Астананың болашығын қалай елестетесің?

Дұрыс жауап беріп отырған оқушыға жұлдызша беріліп отырылады.

Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуеніне қимыл-қозғалыс арқылы орындалады.

Кім шешен, кім тапқыр?

"Астана - арман қала" тақырыбына бір шумақ өлең құрастыру.

Бағалау.

Оқушылар бір-бірін әрекеттеріне қарай бағалайды.

Қорытындылау.

Сұрақ -жауап арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.

Үй тапсырма: «Астана-арман қала» тақырыбына шығарма жазып келу.




© 2010-2022