Внеклассное мероприятие: Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассное мероприятие: Алтын күз«Қостанай қаласы әкімдігінің бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы № 20орта мектебі»







Тәрбиеші: Байгенежина А.Е. 2 -топ





2015-2016 оқу жылы.











Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: Балалардың ой өрісін, тілін дамыту.

Жыл мезгілі жайында түсінік қалыптастыру.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар және апайлар ! Бүгінгі «Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын, қане балалар қонақтармен амандасайық!
Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме қонақтар, апайлар
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ - сары алтын

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті Алтын күз!

Кемелденсін халқымыз.

«Алтын күз» әні орындалады.

Балалар қарандаршы бүгін мына зал қандай тамаша әсем шарлармен, жапырақтармен және гүлдермен безендірілді. Ал сендер де сондай әсемсіндер, сұлусындар. Өйткені сендер қай мерекеге келдіңдер?

Балалар: Алтын күз мерекесіне келдік.

Балалар күз туралы тақпақтарды айтады.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оны табуға тырысыңдар:
Бозарып дала,
Тоңады бала,
Астығы піскен,
Жапырағы түскен, - бұл қай мезгіл балалар?

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар.Ал кім маған айтады күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: үш ай

Тәрбиеші: жарайсыңдар , балалар, маған ұнады.

Тәрбиеші: Мен ортада көкөністер мен жемістерді көріп отырмын.Олар да бізге бірдеңе дайындаған шығар.

Ортаға көкөністер мен жемістер шығады. Арсен -қызылша, алтын-алма, Багдат-өрік, Айзере-қауын, Жүзім-Айару, Әсем-анар, Аружан-қырыққабат, асанали-қияр, мукаш-картоп.


Тәрбиеші:
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.
Балалар:
Тәрбиеші:
Жақсы, балалар, өздерің тапқыр екенсіңдер. Жаңбыр күз мезгілінде жиі жауып тұрады. Маған айтыңдаршы сендер жаңбыр жауғанда қандай киім киесіңдер?
Балалар:
Күрте, резеңке етік.
Тәрбиеші:
Қолымызға не ұстаймыз?
Балалар:
Қолшатыр
Тәрбиеші:
Дұрыс, айтасыңдар.
Тәрбиеші:

Ойынға шақырады. «Дәмін біл» балалардың көздері байлаулы болады, бір-бірден шақырып көкөністер мен жемістердің дәмін татқызып , не екенін айту.
Тәрбиеші: Мен ортада көкөністер мен жемістерді көріп отырмын.Олар да бізге бірдеңе дайындаған шығар.

Тәрбиеші:
балалар ойынды қалай жақсы ойнаса, көкөніспен жеміс туралы тақпақтарды да жақсы айтады.
Ортаға көкөністер мен жемістер шығады. Арсен -қызылша, алтын-алма, Багдат-өрік, Айзере-қауын, Жүзім-Айару, Әсем-анар, Аружан-қырыққабат, асанали-қияр, мукаш-картоп.

(Балалар сахнаға шығып тақпақ айтады)


Тәрбиеші:
Өлең - тақпағымызды әсем әнмен жалғастырайық.
Ән: «Алтын күз»
Тәрбиеші:
Рахмет, балалар, қандай тамаша ән.
Тәрбиеші: би билеиміз «Вальс».
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар күз туралы тақпақтар, әндер би биледіңдер .Маған өте ұнады.Ал енді мен сендерге сыйлық әкелдім,осы алмаларды беремін сендерге.
Құрметті , келген қонақтар сіздерге күз мезгілі ырысы мен берекесін мол әкелсін! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


© 2010-2022