Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жазғы орман

Мақсаты: Жазғы орман табиғат ерекшеліктерін меңгету. Сурет бойынша мазмұнын құрып, сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Тіл мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Жаз мезгілі, жазғы табиғат, жазғы орман тіршілігі туралы меңгерту;

ә) Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру;

б) Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын, әңгімелеу.

Көрнекі - құралдар: суреттер, атрибуттар, тірек сызба.

І. Ұйымдастыру кезеңдері

Шаттық шеңбер

Амансың ба, нұрлы жер!

Амансың ба, қара жер!

Аман-есен болайық!

Бейбітшілік қалайық!

Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Қазір қандай жыл мезгілі. Көктем. Алда жаз мезгілі келе жатыр.

Ал біз өзіміз мына орман суретке қарап, өзімізді сонда тұрғандай сезінейікші.

Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Бұл орманда нелер бар екен?

ІІ. Ұжымдық - ізденістік

Бүгін бізге бір қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сендерге сұрақ қоямын.

- Жұма сайын әжелеріміз, аналарымыз не пісіреді?

Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Дұрыс бауырсақ. Бауырсақ бізге алыс жолмен келген екен. Ол ата - әжесінен адасып кеткен соң, бізден көмен сұрай келіпті. Кәне көмектесемәз бе? Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп, орманға барайық. Жолда қоян кездеседі.

  • Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін

  • Ой қорқамын, қорқамын жемеші мені

  • Олай болса сен менің тапсырмамды орында сода жіберемін, - дейді Қоян.

Мен туралы өлең айтып беріңдер.

Балалар барлығы хормен: «Ұзын құлақ - сұр қоянды » айтады.

Жазғы орман Тіл дамыту сабағыЖазғы орман Тіл дамыту сабағы

сұр

Тірек - сызба арқылы

Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Жолда келе жатып алдынан қасқыр шығады.

  • Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін, тапсырмамды орында - дейді Қасқыр. Орманда нелер өмір сүреді?

Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Кейін аю кездеседі. «Жануарлар құйрығын тап» Ойынын ойнауды талап етеді.

Жазғы орман Тіл дамыту сабағы

Түлкі кездесіп, жұмбағын шешуді сұрайды.

Тауықтан қашып жасқанған,

Қулығы артық басқа аңнан. (түлкі)

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Қалтамызға салайық.

ІІІ. Рефлексифті- түзетуші

Бауырсақ келе жатып, атасы мен әжесін де тапты. Ата - әже бауырсақтан қалай жеткенін сұрайды.

  • орманда қандай аңдар кездесті?

  • бауырсақ жолда қандай көңіл күйде болды? ( көңіл-күйді көрсету)

Жазғы орман Тіл дамыту сабағыЖазғы орман Тіл дамыту сабағыЖазғы орман Тіл дамыту сабағы

Бағалау.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату - тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлаймыз. (тірек-сызба)




© 2010-2022