«Жобалау әдісімен балалардың зерттеу қабілеттерін дамыту»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№38 «Шаттық» балабақшасы

тәрбиеші Алиева Сағыныш Кудияровна



Жобалау әдісімен балалардың зерттеу қабілетін дамыту

Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады , оның үстіне шимайды қалай салсақ, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты , өзін қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен .

Жобалау әрекеті білім беру саласында жақында ғана пайда болып , жән бір кең тарап жатқан әдістердің бірі. Оның негізгі бағыты, қандай да бір мәселені шешуде жетістікке жету. Жобалау әдісі арқылы ұйымдастырылған оқыту үрдісіндебалалар шынайы өмірдің тәжірбиесіне негізделген мәселі -ізденіске бағытталған әрекетке қатысып, нәтижеге жету барысында жаңа білімді , тәжірибені игеруге кеңінен мүмкіндік алады.

Жабалау әдісінің маңызы :
Бала жұмыс барысында шынайы объектімен және процеспен толық танысады. Ол баланың нақты жағдаяттарды шешуге , құбылыстарды терең танып білуге және жаңа объектілерді құрастыруға жетелейді.Жобалау әдісін жүзеге асыру үшін және оның мазмұның ашу үшін ерекше оқытудың формаларын пайдалану қажет . Олардың ішінде жетекші түрі еліктеу (имтация) ойыны деп аталады. Имитациялық ойын бұл еркін, адамды шынайы және табиғи қалыптаса ұстауға ықпал ететін балалардың өзіндік «мен» түсінігін қалыптастыратын шығармашылық , белсенділік , өздігінен дербес әрекет етуге бағыт беретін ойынның түрі.

Ойынның қызметі :

-психологиялық - балаға түсірілген күшпенен эмоционалды көңіл күйді үйлестіру ;
-психологиялық - мұнда балаға көмектесе отырып өзіне және өздігілерге деген қатынасын өзгерту , психикалық көңіл-күйлеріне қарау ;

-технологиялық - баланың ойлауымен қиял шыңдыққа жақындату.

Ойында бала өзіні қауіпсіз сезініп , психологиялық тұрғыдан еркін және өзінің дамуына ықпал ету қажет. Әдістемелік нұсқауларда сипатталған дәстүрден тыс техтикаларды тиімді пайдалану балалар үшін оте қызықты әрі шығармашылықа жетелейтін жол болғандықтан оны жобалау әдісінде топтық және ұжымдық жұмыстарда пайдаланған маңызды болмақ.

Жобалау әдісі 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең- Дярлық кезеңі

2кезең-Негізгі кезең

3кезең-Қорытынды кезең
Даярлық және негізгі кезінде өзекті мәселені талқылау, жобаның мақсатымен міндетін нақтылау,бірлескен әрекетті жоспарлау. Балаларды топқа бөліп, міндеттерді бөліп алу, ата-аналардың көмегімен қажетті ақпарат пен материалдар және мәліметтерді жинақтайды.

Қорытынды кезеңінде әрекеттің нәтижесін көрсететін, материалдық өнімді ұсынатын презентацияға дайындалу. Мен жобалау әдісімен жұмысымды 2011жылдың наурыз айынан « Бұлбұл» ересек тобынан бастап, 3 айлық зерттеу жұмысымды осы жылдың мамыр айында аяқтадым. Жобалау технологиясы бойынша 2 бөлімнен тұратын «Алматы апорты» тақырыбын алдым .Тақырыптын өзекті мәселесі:

- Алма бізге не үшін қажет ?

- Апорт алмасының қазіргі кездегі жәй күйіі қандай?

Негізгі кезең - жобаны жүзеге асуы (үй тапсырмасын қорғау)Балалардың

мәліметтерін ата-аналар толықтырып отырды.

Осы сабақта топта жеген алманың тұқымын суға салып,тамырлап тұрған тұқымды топыраққа отырғызып көрсетеді және көшетті суға салып,тамыр-

лауын бақылап көктемде бақшаның алдына отырғызамыз деп толықтырды.

Бірінші сабақта « Піскен алма» ойынын ойнады.Алма туралы тақпақтар,жаңылтпаштар айтып,жұмбақтар шешті.Сабақтың соңында балалар ата-аналарымен бірігіп;

1-2 топтар: Қызыл жасыл түсті жіптерді пайдаланып апорт алмасын жапсырды.

3-4 топтар : Сары бұршақ пен машты пайдаланып апорт алмасын жапсырды.

Қорытынды кезеңде балалар « Апорттың бүгінгі жай-күйі жайында «тереңірек мағлұматтар жинақтау деген үй тапсырмасын алды.

Сабағымның 2-ші бөлімін жоспар бойынша мамыр айына белгіледім.Осы уақыт аралығында балалар күнделікті отырғызылған тұқымның өсуін , көшеттің тамырлап, бүршік атқанын бақылап жүрді. Ата-аналариен бірлесіп апорт алмасының бүгінгі жай күйі туралы мағұлматтар жинақтады. Осы сабақтан жинаған мағұлматтарын ортаға салып талдады. «Неліктен « алмасы жойылу қауіпінде тұр?»- деген сұраққа жауап іздеп оны талқылады.Содан кейін «Ойлан ,тап!» ойыны ойналды.Балалармен логикалық есептер шығарды, ата аналарға «Алма» жайында әндер айту тапсырмасы келді. Ата аналар бұл тапсырманы жоғары дәрежеде орындап шықты.Сабақтың қорытындысында тамырлап тұрған көшетті балабақшаның ауласына отырғызды.

Жоба басындағы ,ортасындағы және соңындағы балалардың білім деңгейіне диогностика жасалынып отырды.

Жобалау әдісімен мектепке даярлық тобында зерттеудің екінші жұмысының тақырыбы «Ауаның тазалығы, денсаулық кепілі» деп аталады.Балалар осы тақырып бойынша бір ай мерзімінде көптеген мәліметтер жинақтап тәжірбиелер жасады.Тәжірбиелер жасау арқылы ауаның орын алатынын , ауаның сығылатынын және серпінді екенін, от жану үшінде ауа қажет екенін ,таза ауада иіс болмайтынын балалар білді.Сонымен қатар,балалар адамдардың зауыт-фабрикалар салып,ал олар түтін-ыс шығарып,ауаны ластайтынын,көліктерден де шығатын газдар да көптеген зиянды улы заттар болатынын білді. Адамдардың әректінен ормандарда жие болып тұратын өрттердің де ауаның ластауда әсері күшті болатынын білді.Балалар енді ауаны ластамау үшін не істемеу керек екенін зерттеді.Ол үшін көшеге,аулаға көптеген өсімдіктер егу керек.Өйткені,олардың жапырақтары шаңды ұстап,ауаны зиянды заттардан тазартады. Тақырыпқа байланысты «Адам және табиғат» , «Жақсы және жаман істерді тап» ойынын ойнаттым.

Жобалау технологиясы балаларды және оның ата аналарын , еліктіріп әкетеді.Уақыт өте келе ата аналар жобалау әрекетінің толық құқықты қатысушылары болып алады.Түрлі жобалау әрекетінде атаналардың қатысуы , балалабақшада педогогка бірлескен белсенді әріптес болып қалады.

Сонымен ,жобалау әдісі оқытудың дәстүрлі түрлері және әдістерімен үйлесіп , және ол :

Жобаға қатысушылардың алған дағдыларын меңгеру және қажетті ақпараттарды іріктеуге үйрену зерттеу мәдинетінің дағдыларын қалыптастыру үшін жаңа танымға қызығушылығын , ынтасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқыту әрекетінде отбасыларды белсенді түрде жағдай жасайды.

Қолданылған әдебиеттері :

1.Білім беру ұйымдарының мектеп алды топьарының тәрбиешілеріне және мектеп алды сыныптарының педогогтарына арналған әдістемелік құрал.

Алматы «Бөбек»ҰҒПББСО,2006.

2.Балалардың тілін дамыту,Алматы .Атамұра.2002жыл

3. Қалиева Т Балалардың зерттеу қасиеттерін дамытудың негіздері.Алматы 2001


© 2010-2022