Наурыз шашу атты мерекелік іс-шара

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз шашу атты мерекелік іс-шараС.Сатыбалдин атындағы орта менктеп

шағын орталығы





Наурыз шашу атты мерекелік іс-шара







Тәрбиеші: А.Б.Магмурова











2015жыл, наурыз

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің - көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

Наурызым!

Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар,

Наурызым!

Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

Наурызым!

Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!

Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай,

Наурызым!

Аталардың - Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,

Наурызым!

Ғашықтардың түр-түсінде,

Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме,

Наурызым!

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

Бөктіріп көктем жаңбыры,

Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл Наурыздың таң нұры.

Қауымға қалың дүр болған,

Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл Наурыз ғой нұр болған.

Тұқымын сеуіп ырыс-құт,

Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.

Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы.

Кеш оралған көктемнің ерке құсы,

Осы екен ғой көктемнің еркелісі.

Осы екен ғой атамның аманаты,

Осы екен ғой әжемнің ертегісі.

Байқадым бұл күн - дүбірлі,

Молшылық, мейір маңайым.

Басты ұран тойда бүгінгі -

Береке, бірлік, ағайын!

"Қонақ жайылық" дәстүрін көрсету

Мақсаты: Қазақтың салт - дәстүрлері, тілі, ұлттық тағамдары, киімдері жайлы мәлімет беру. Тілді сүюге, салт - дәстүрлерді құрметтеуге шақыру

Наурыз шашу атты мерекелік іс-шара Наурыз шашу атты мерекелік іс-шараНаурыз шашу атты мерекелік іс-шара

Наурыз шашу атты мерекелік іс-шараНаурыз шашу атты мерекелік іс-шара



© 2010-2022