Урок по пожарной безопасности на тему Өрттен сақтану

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өрттен сақтану»

Мақсаты: Өрт туралы, өрттың шығу себебін түсіндіру. Отпен ойнамауға абай

болуға тәрбиелеу.Оттың пайдасы мен зиянын білуге жетілдіру.

Мотивациялық қозғаушы:

Шаттық шеңбер: Табиғатым тамаша.

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап.

Жүрейікші балаша.

Ізденуші-ұйымдастырушы:

Топқа үй иесі Кузя жүгіріп кіреді(беті кір)

Кузя: Сәлеметсіңдер ме балалар, менің атым Кузя. Мен сіріңкемен ойнадым, енді бүкіл жер жанып жатыр.

Тәрбиеші: Айтшы Кузьма, сен көршілерге айттын ба? Ал от сөндірушілерге телефон шалдын ба?

Кузя: Жоқ нөмірін білмеймін, қалай звандайтынын түсінбеймін.

Көршілерді ұмытып, сендерге жүгіріп келдім!

Жанеля: Что ж ты Кузя натворил

Надо набрать 101

И назвать еще потом

Свою улицу и дом

И квартиру где живешь

Присядь Кузьма и посмотри

Как с огнем себя вести.

Балалар видеослайд көреді өрттен қалай сақтану керек.

Райхан: От жақпа күйерсін

Өрттеніп жүрерсін

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсін.

Айша: Оттың ісі қуырмақ

Желдің ісі суырмақ

Қазір жанған жалынды

Алып ұшып қуалмақ.

Тәжірибие: Үш май шам жағып, балаларға өшіру тәсілін көрсету (сумен,кұммен,матамен).

Тәрбиеші: Кузя біздің балалар от туралы мақал-мәтел де біледі.

Дильнур: Отпен ойнама, күйерсің.

Әділжан: Өрт-тілсіз жау.

Кузя: Енді мен түсіндім, сіріңкені қолға ұстауға болмайды.

Д/ойын: «Жақсылық-жамандық»

(балалар мен сендерге сөздерді айтып отырамын, ал сендер шапалақ арқылы жауап бересіндер.Жақсылық деген сөзге шапалақтаймыз, егер ол соз жамандықты білдірсе, онда үндемей тұрамыз)

Ағаш отырғызу-жақсылық.

Орманды өрттеу-жамандық.

Құстарға жем шашу-жақсылық.

Суды ластау-жамандық.

Кузя: Рахмет, балалар, сендерге бекер келген жоқпын. Не айтуға , қайда

Звандауға білемін. Енді маған кету керек. Сау болыңдар, достарым.

Тәрбиеші: Адамға от дос болар.

Бірақ бекер оны тиіспе

Қалжындама отпен досым

Өкінбегендей сосын.

Егер адам отпен байқамай салақ болса,ол бізге жау болады.Бірақ оттан тек жамандық қана болмайды,от біздің досымыз.Отпен біздер неше түрлі тағамдар дайындаймыз,үй жылтамыз,темір қыздырамыз.Түгел зауыттар от арқылы жұмыс істейді.Сол үшін оған құрмет.

Балалар видеослайд көреді «Кім отпен жұмыс істейді»

Қорытынды: Бізге қонаққа кім келді? Не үшін келді?

Ол дұрыс істеді ме?

Бүгінгі ашық сабақта не білдіңдер?

Балалар рахмет сендерге.

Құрметті әріптестер осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар.



© 2010-2022