Алтын Күз ертеңгілігі Бәйтерек тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, қонақтар және «Мирас» балабақшасының ұжымы. Сіздерді бүгінгі «Бәйтерек» тобының «Алын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!

Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме қонақтар, апайлар

Тәрбиеші :
Бақшамыз бір тойласын,
Мерекемен жайнасын,
Әнмен бүгін бастайық,
Қол соғып бір қоштайық.
Хор: «Сабан той»

Залға әсем әуенмен, жапырақ шашып «Күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Сәлеметсіндер ме, кішкентай балақайларым. Мен сендерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Біздің балалар сізге арнап өздерінің жан -жақты өнерлерін дайындап отыр. Соны тамашалаңыз.
Күз ханшайымы:
Әрине, балалар, мен сендердің өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.

Тоғжан: тақпақ

Тәрбиеші: Ал, күз ханшайымы біздің балалардың өлең, тақпағы қалай екен? ұнады ма? Ұнаса бізге қандай базарлығың бар?
Күз ханшайымы:
Бәрекелді, балалар. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Менің сендерге қоятын құрақтарым мен жасыратын жұмбағым бар еді.

Тәрбиеші: Олай болса сұрағыңызды қоя беріңіз.

Күз ханшайымы: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады екен?

- Күз айларын атап беріңдерші?

Жарайсыңдар

Күз ханшайымы: : - Рахмет, балалар. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарым мен қызымды ертіп ала келген едім. Ендігі кезекті ұлдарым мен қызыма берейік.

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды. Сымбат

Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы. Әділ

Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
Қараша өрледі, қараша ән салып
Күн суытып барады, малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз. Мұхамедияр

Жұмбақ.

Ағайынды бәрі,
Жазда жасыл ,
Күзде сары.
Балалар:
Жапырақ
Күз ханшайымы:
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.
Балалар:
Жаңбыр.

Тәрбиеші: «Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар

Әже кіреді: Қонақтар мен балалармен сәлемдеседі. Өзінің жемістер мен көкөністерді жинауға келгенін айтады.

Тәрбиеші: Төрге шығып, балалардың өнерін тамашалауға шақырады.

Ади (өрік) Айару (қарбыз)
Дөп-дөңгелек сап-сары Көрсең егер бақшада
Ішінде бар дәні Доп екен деп қалма
Қызығасын көріп, Шөл қандырар қарбызбын
Менің атым өрік Ерте үзіп алма

Мухидин (қауын) Амина (қияр)
Иісім жұпар аңқыған, Көкте ертеп шығамын
Бақшадағы шырынмын. Өсемін мен бүр жарып

Жеп көргендер тамсанған, Атым қияр теріп ал
Балдай тәтті қауынмын. Жиі-жиі суарып

Тәрбиеші: Олай болса балалар әжемізге жеміс жинауға көмектесейік.

Ойын: «Жемістер жинау»

Әже өзінің асығыс екенін айтып, залдан шығып кетеді.

Би: «Барбарики»

Айша (шалқан) Злата (жүзім)
Кім білмейді шалқанды Мен жүзіммін, жүзіммін
Талайлар маған таң қалды Моншақ болып тізілдім
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды

Нұрәлі (асқабақ)

Күзді күтіп жатырмын

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын жараймын

Қыстап сақтап қоюға

Хор: « Күзгі жапырақтар »

Нұрай Гүлсезім

Мен анармын анармын Жапырақты тасалап

Қабығы қалың боламын Өсетін жері бақша бақ
Мөлдіреген түрлерім Күрең қызыл шіркін ай
Моншақты еске саламын Менің атым құлпынай

Азиза Тоғжан

Өсіретін бойыңды Мен де бір сөз айтайын,

Дамытатын ойыңды Мақтанайын сіздерге.

Қоянға да азықпыз, Менсіз борщ болмайды

Сәбіздерміз жазықсыз Винегрет те үстелде.

Би: «Қолшатыр»

Жалғас Дамир

Тал шыбығым бұралып Бақшаларда тізіліп
Бақшаларда қызарып Қаперсіз мен жатамын
Тұрған ол мен қызанақ Қабат қабат киініп
Күнге қарап ұялып Қырық қабат атандым

Ерзат Илияс

Мен моншақты шиемін Асханадан шықпаймын
Құмарсындар білемін Атым пияз бұқпаймын
Кетіп қалып жүрмесін Көзден жасты шығарам
Тамағына сүйегім Тұмаудан бірақ сақтаймын

Сән үлгісі

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Берекелі бақ дәулет, арта түссін. Күз мезгілі ырысы мен берекесін мол әкелсін! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Алеша Адиянұр Ерасыл












Нұрай (анар)
Мен анармын анармын,
Қабығы қалың боламын.
Мөлдіреген түрлерім,
Моншақты еске саламын.


Нұрәлі (асқабақ)
Күзді күтіп жатырмын,
Жиып нәрді бойы ма
Асқабақпын, жараймын,
Қыстап сақтап қоюға.

Мухидин (қауын)
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.

Амина (қияр)
Көктеп ерте шыршалап
Өсемін мен бүр жарып
Атым қияр, теріп ал
Жиі-жиі суарып

Дәмірұлы (қырыққабат)
Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат-қабат киініп
Қырыққабат атандым


Злата (жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім

Сымбат

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.


Әділ
Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.


Мұхамедиар
Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
Қараша өрледі, қараша ән салып
Күн суытып барады, малдар қолға қарады Нұрасыл
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.

Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын. (Илияс)

2. Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып. (Жалғас)

3. Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз. (Дидар)

4. Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз. (Азиза)

5. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым. (Адиянұр)

7. Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде. . (Тоғжан)

8. Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім. (Ерзат)

9. Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
менің атым өрік. (Ади)

10. Көрсен егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма (Айару)

Алеша (алмұрт)

Мен алмұртпын алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

ШАЛҚАН:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!

БҰРШАҚ:
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!

Алмұрт

Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Бүлдірген

Уылжыған бүлдірген,

Әбден пісіп үлгерген.

Бірақ оның көйлекті,

Былғайтынын кім білген.

Қарақат

Торсиған бал уызға,

Кіп-кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға,

Болса егер бала тап.

6. Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай. ( )





© 2010-2022