Разработка по воспитательной работе на тему Көңілді балдырған

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көңілді балдырған (Эстафеталық жарыстар)

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік, күш, сапалық қасиетттерін дамыту

Дамытушылық: Оқушыларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.

Тәрбиелік: Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Эстафеталық жарыстар.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.

Өтілетін орын: Спортзал

Өтілетін сынып: дайындық сыныптар

Керекті құрал - жабдықтар: кубиктер, секіртпе, доп, шар,қапшық,жалауша

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғұзу. Екі топқа бөлу. Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Қатысатын командалар: дайындық сынып оқушылары, капитан командалары

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс - шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер - де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Сіздерге жеңіс тілейік, - дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

0 «А», 0 «Б», 0 «Г» сынып оқушылары 3 - топқа бөлініп сапқа тұрады

Сайыс түрлері:

1. Жүгіру (Туды бір-біріне беру)

2.Кедергілерден өту.

3. «Қоянша» қаппен секіру.

4. «Кім жылдам» ойыншықтар жинау.

5. Допты ұяшыққа салу

Үш топ бір - бірін таныстырады. I - топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!!!»

Эмблемасы:

II - топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз» Эмблемасы:

III топ «Қыран» Ұраны : «Қырандай самға,біздің топ алға»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!

1. «Жүгіру» Ойыннын мақсаты: балаларды жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: 3 топ бір - бірімен жүгіруден жарысады. Белгіленген мәреге дейін жетіп, қайта орнына келіп жалаушаны беру.

2. «Кедергілерден өту» Ойыннын мақсаты: Жылдамдыққа, жүйелі ойлауға тәрбиелеу Ойын шарты: Құрастырылған кедергілермен таныстыру. Түрлі кедергілерден сүрінбей бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Әділ қазылар алқасынын берген бағасын тыңдау.

3. «Қоянша» Ойыннын мақсаты: Қапқа аяғын кигізіп, секіріп барып, кейін артқа қайта жүгіріп келу.

Әділ қазылар алқасының бұл бөлімге берген бағасын тыңдау.

4.«Кім жылдам» ойыны: Ойыннын мақсаты: Баланы ептілікпен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойыншықтарды мейлінше көп жинау..

6. «Допты ұяшыққа салу» Ойыннын мақсаты: Дәлдікке, ойын жинақтауға тәрбиелеу Ойын шарты: Балалар бір - бірімен допты кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет доп салса, сонша ұпай жинайды.

Әділқазылардың бұл бөлімге берген бағасын тыңдау.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022