Ертеңгілік: «Ал қанекей, Аналар!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік «Ал қанекей, Аналар!»

Мақсаты:

Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Ана тәрбиесін үлгі ету. Аналар өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің

қай кезде де орны бөлек.

Әжелер, аналар сүйкімді қыздар, көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның, Анаға айтар лебізі - деп біздің балабақшаға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:

Ардақты да аяулы аналар ,өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Аналар!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортамызға сайысқа қатысушы аяулы аналарымызды қошеметпен қарсы алайық.

Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды таныстырып өтейік:

1. Ғазиза ана баласы Нұрдаулетпен

2. Жанат ана баласы Бейбарыспен

3. Ботагөз ана баласы Ілияспен

4. Әсел ана баласы Мұқамеджанмен
1-балаА.Мұқаметжан

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

2-бала Мумина

Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің

Ұсынамыз біз бүгін ,

Сізге сұлу шоқ гүлін.

3-балаС.Мұхамеджан

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп демалам,

Құшағыңда қысылмай.

Б а р л ы ғ ы:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Жүргізуші:

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Балабақша меңгерушісі : Медетбекова Ш.А

2. Ата-аналар комитетінің мүшесі:Алиева М.К

3.Балабақша әдіскері:Еримбетова М.М

Аналар сайысының кезеңдерімен таныстырып кетейін:

1.Таныстыру.

2.Мақал-мәтел .

3.Өз өнерін көрсету .

4.Қолөнер(түрлі-түсті қағаздан ою оямыз) .

5.Дәмдуман .

6.Сән үлгісі .

Жүргізуші:

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Анадегенардақтыат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Келесі тыңдайтындарыңыз балалардың орындауында: «Айналайын ақ мамам».

Жүргізуші:

Алтын,жақұт,күміссің

Келмейді саған баға тең

Таулардан да биіксің

Ақ сүтіңмен ақ әжем.

1 - Кезең Аналарымыздың алғашқы кезеңі «Таныстыру»
Әжем болса қасымда
Көтеріңкі көңілім
Алтын әжем тілекші
Немерелер өмірін.- деп әжелеріне арнап балалар тақпақтарын айтады.

4-бала Жанеля

Өмірдегі тірегім

Асыл анам,ақ анам

Дүниеде өзіңнен

Жақын адам жоқ маған.

5-бала Гүлім

Сендерденөскенбалалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

6-бала Аспандияр

Анашым аялаған,

Құшағың сая маған

Әлемнің бар асылын

Мен үшін аямаған.

7-бала Ілияс

Баланың да тірег,і

Даланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

8-бала Нұрдаулет Б

Аялаған анашым,

Саялаған панасың .

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Ойын: «Менің анам жұмысқа қалай дайындалады?»

Шарты:

Ортаға 3 қыз бала шығады.Ілулі тұрған моншақты тағып,далап жағып,сөмкесін бірінші болып іліп асып алған бала жеңеді.

2 - Кезең Мақал-мәтел

1ші

1.Қыз- қуыршақ 3.Ата көрген оқ жонар ,

Бала- құлыншақАна көрген тон пішер.

2. Анасын көріп,4.Ана баулыған қыз епті,

Қызын ал. Әке баулыған бала епті.

2ші

1.Қыз өссеелдіңкөркі 3.Ата-ананың қадірін

Гүл өссе жердің көркі . Балалы болғанда білерсің.

2.Баланың ұяты-әкеге 4.Ана сүтін ақтамағанды

Қыздың ұяты-анаға. Ешкім мақтамайды.

3ші

1.Атасыз үй-батасыз 3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Анасызүй-панасыз. Әдепсіз бала ата-анасынқақсатар.

2.Анаңа ауыр сөз айтпа4.Аға әдепті болса іні әдепті

Атаңа ауыр жүк артпа. Апа әдепті болса сіңілі әдепті.

Ал қазір балалардың аналар мен әжелеріне арнаған тақпақтарын тыңдайық.

9-бала Анна

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

10-балаМирас

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

11-бала Айнара

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

12-балаДиас

Менің әжем,гүл әжем,

Алтын әжем,күн әжем,

Апам үшін,мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

13-бала Алмат

Бар өмірдің жүрегі

Өзің алтын ордасың

Тілегімнің тірегі

Уайымың болмасын.

14-бала Елнұр

Әлпештеген баласын

Ана бақыт,ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Сайысымыздың III бөлімі:өз өнерін көрсету.

Ойын:

«Анасын баласы аяқ киімі арқылы табу»

Жүгізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Сайысымыздың IV бөлімі:қағаздан оюоямыз.

Би:

«Кір жуамыз»

Ендігі кезек балалардың тақпақтарына берейік:

15-бала Балауса

Анашым,анажаным

Сағынып салар әнім

Бар ма жан сенен артық

Түсінер бала жанын.

16-бала Арсен

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

17-бала Жамиля

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұлжалғандаанамнан

Сүйіктіадам бар маекен?

18-бала Нұрдаулет

Ғаламда бар адам,

Анадантараған.

Ақылгөй,балажан,

Аман бол анажан.

СайысымыздыңVбөлімі: Дәмдуман

СайысымыздыңVIбөлімі: Сән үлгісі

Би:

«Қуыршақты әлдилеу»

Жүргізуші:

Балалар, қараңдаршы, керемет кәмпитті ағашты көріп тұрсыздар.Қандай қызық ағаш,әр бұтасында кәмпит өсіп тұр,бұл балалар жейтін кәмпит емес,онда аналарымызға арналған тілектер жасырынған екен.

Соныменбалалар, «Анадегенкім?» - болды.

-Ана - қамқоршы

-Ана - бақытың

-Ана - тірегің

-Ана -қорғаның

-Ана-болашағың

- Ана - әрүйдіңкүні

-Ана-ақылшы

-Ана-сүйенішің

-Ана - жанашырың

-Ана-байлығың

-Ана -үйдіңжылуы

Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,
Аналарымызға сыйлық, номинациялары беріледі.
1. «Ақылды ана»
2. «Тапқырана»
3. «Шебер ана»
4. «Өнерлі ана»
Жүргізуші:

Сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі аналардан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,

Сізденжақынадам бар ма, аналар?!

Балағаеңжақынысізғойана,

Сіздіңыстыққұшағыңызбізге пана.

Сіздергетеңестіререшнәрсежоқ,

ТеңесеалароғанОтанғана.

Аналардықұрметтеймізелейміз,

Аспандағыай мен күнгетеңейміз.

О, аналарсіздердіүлгітұтып,

Бақыт пенен денсаулықтытілейміз, - дейкеле, құрметті асыл аналар, қазір балаларыңыздың өзқолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Медетбекова Шолпан Аманқызына және ата-аналарға беріледі.

«Өнер және спорт мектебі»жанындағы «Еркетай»шағын орталығы


Ертеңгілік

«Ал қанекей,Аналар!»

атты сайысы





«Күншуақ»тобының тәрбиешілері:

Омарова Күлшай Тыныштыққызы

Манкебаева Индира Кариқызы









Приозерск қаласы

2015ж

© 2010-2022