Жоспар Т дыбысы мен әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі:Сауат ашу және жазу

Тақырыбы:Т т дыбысы мен әрпі

Мақсаты:1. Өткен дыбыстарды қайталау,зейінін бақылау.

2. Жаңа Тт дыбысымен таныстыра отырып,сөздер,сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.

3.Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік:әліпби,кеспе әріп кассасы,суреттер,текшелер,торсық,торғайдың суреті.
Әдіс тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын, түсіндіру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты пысықтау

Жаңа тақырыппен танысу

Балалардың назарын тәрбиешіге аудару






Іздену ұйымдастыру-

шы




1.Дөңгелек құрып кілемге отыру

Әліпби қайталау

Жұмбақ жасыру:

Өзі айлакер,өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу./түлкі/

2.Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып,текшеге тізу.

Ас-осы буынға «т» дыбысын қосу арқылы сөз құрату «тас».

Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

3.Суретпен жұмыс:

-Ненің суреті? Не байқадыңдар?

-Тау.

-«Тау» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

Тт- дауыссыз дыбыс.Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.

а)Кеспе әріптен «т» дыбысын тауып,өткен дыбыстарды қосу арқылы буын,сөз құрғызу.-та;-то;-ту;

ә)тай,тас,тос,тон т.б.

4.Ойын: «Т» дыбысын тап.

А Ә Б И Т Ш З Т Н К Д

5.Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып,қолдарын жазуға даярлау:

а)Т әрпін ауада жазу.

ә)Т әрпін қолымен үстінен бастыру.

б)Т әрпін жаздыру.

6.Торсықпен жұмыс.

а) «Тор-сық» буынға бөлгізу

ә)Дыбысын тапқызу.

б)Торсықтың қасиетімен таныстыру.

7.Торғайдың суретін көрсету

Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.

Торғай қалай ұшады?

Қанатын қалай сермейді?

Сергіту сәтімен жалғастыру.

Балалар өткен әріпті тауып,текшеге тізеді.

Сөз құрап біледі.

Сергіту сәтін қызығып жасайды

Суреттерге назар аудару

Ойынға қызығушылығын білдіреді.


Торғай туралы тақпақ жаттайды.

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып-ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Рефлексті коррекциялау

8.Сабақты қорыту:

Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.

9.Сабаққа қатысқан балаларды мадақтап,бағалау

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Т т дыбысы мен әрпі

Болуы керек:кеспе әріп кассасы,көрнекіліктер

Баланың қолынан келуі:Т дыбысын мен әрпін танып,сөз құрап ,есте сақтау.


© 2010-2022