Тренинг Дүниеде жоқ жануар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әлемде жоқ жануар» проективті тест .

Жоғарғы мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын зерттеу үшін

«Әлемде жоқ жануар» проективті тесті қолданылады. Бұл жұмыс үшін бір бет

қағаз,қарандаш, кетіргіш қажет болады. Қаламмен, фламастермен салуға болмайды.

Барысы: «Әлемде жоқ жануарды» салып, оған әлемде жоқ есімді тағайындайды.

Суреттің қағаз бетінде орналасуы :

Қалыпты жағдайда сурет стандартты көлденең беттің орта сызығында орналасады.

Егер сурет қағаз бетінің жоғары жағында орналасса,онда өзіндік бағалау жоғары және

социумдағы өзіндік орнына көңілінің толмауын, қоршаған орта тарапынан мойындаудың

жетіспеушілігін көрсетеді.

Суреттің төмен бөлігінде орналасуы кері көрсеткіштер: өз-өзіне сенімсіздік, өзін

бағалауы төмен, қажу, шешімсіздік.Өзіне-өзі сендіру тенденциясының жоқтығы.

Фигураның орталық мағынасының бөлігі. Бас және соның орнындағы детальдар.

Оң жаққа бұралған бас әрекетке тұрақтылық тенденциясы, ойлаған немесе

жоспарлаған нәрселердің барлығы орындалады, не соңына дейін жетпесе де орындала

бастайды. Солға бұрылған бас-рефлексивті тенденция, ойлану.Ойланған нәрсенің аз ғана

бөлігі жүзеге аса бастайды. Жиірек қорқыныш, сенімсіздік, үрей, белсенді әрекет

алдындағы үрей және қорқыныш.

Басты суретшіге бағыттап салса бұл - эгоцентризмді көрсетеді. Сезім мүшелеріне

(құлақ, ауыз, көз) сәйкес басында белгілі бір деталь орнатылады. Басты көңіл көзге

бөлінеді. Адамға негізделген қорқыныштың символы кірпіктің бар - жоғына көңіл бөлу

керек.

Кірпік - сыртқы көзге көрінетін инстинкті қылық. Ер адам үшін мінездің нәзік

белгісі, көз айналасы мен қарашығын салумен сәйкес келеді. Кірпік - ішкі әдемілігі мен

киіну мәнеріне таң қалушылығы болып табылады.

Құлақ - детальдың мағынасына тура: ақпаратқа деген қызығушылық. Өзі үшін

қоршаған орта пікірінің қызығушылығы, қуаныш, реніш, мұңаю сезімдерін қосымша

көрсеткіш арқылы анықтау.

Ауыз - былайша бағалауға болады.Тілмен жартылай ашық ауыз-сөзшең; ерінмен бірге

бейнеленуі - сезімталдықты білдіреді. Кейде екеуі бірге бейнеленеді. Тіл мен ерінсіз

ашылған ауыз, әсіресе сызылған-қорқыныш, сезімталдықтың пайда болу жеңілдігін

көрсетеді.Тіс бейнеленсе - вербальды агрессия, қорқыныш, қорғаныштық. Балалар мен

жасөспірімдер үшін дөңгелек пішінді ауыз - мазасызданған, қорқынышты білдіреді.

Фигураға қатысты бас формасының үлкендігі тиімді бастауды бағалайды, өзін және

қоршаған адамдардың эрудиттілігін көрсетеді.

Баста қосымша детальдардың орналасуы (мүйіз - қорқыныш, агрессияның басқа

белгілерімен тырнақ, қыл, ине ) сәйкестендіріледі. Бұл агрессияның сипаты спонтанды

және қорқыныш - жауапты. Қауырсын - өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі әсемдеуге деген

тенденция. Шашқа тән-жал, жүн-сезімталдық, өз жынысын нақтылау, жыныстық рөлге

бағыттауФигура бөлігін алып жүруші.

Тіреу, аяқ, қол, ірге тас. Бұл бөліктің түгел фигураға мөлшері және формасы

бойынша қарастырылады. Негізінен ойлағаннан жүзеге асуын - шешім қабылдаудағы

тиімділік, мәнді және мағыналық ақпараттарды тіркеу. Аяқтың болмауы-шешім қабылдау

кезіндегі қызбалық. Мұнда басты назарды аяқ пен дененің қосындысына аудару керек.

Аяқтың - әлсіз, ұқыпсыз, қосылмауы шешім қабылдаудағы сенімсіздікті көрсетеді. Бұл

детальдардың әртүрлі жағдайы ерекшелікті, қадірлілікті көрсетеді. Форманың айрықша

сипатта болуы - шығармашылқ бастауды көрсетеді.

Фигура деңгейінен көтеріліп тұратын бөліктер.

Фигура үстінде орналасқан әлемдер әшекейлік және қызметтік болуы мүмкін. Қанат,

қосымша аяқ, қысқыш, қауырсын, гүл/ болуы екі жағдаймен түсіндіріледі.

1. Энергия, өзіне сенімділік, күмәндану, әуестік,түрлі іс-шараға қатысу,өзіне лайықты

орынды иеленуі өз шығармашылығна әуестену.

2. Қыр көрсету,өзіне назар аудартуға ұмтылу, манерлік.

Құйрық-іс-әрекетке, қылықтарына, шешеімдеріне деген қарым-қатынас. Құйрықтың

оңға және солға бағытталуынан осы қарым қатынас түрін анықтаймыз. Құйрықтың

жоғары жаққа бағытталуы - сенімділік, дұрыс баға, сергектік. Төменге бағытталуы - өзіне

деген наразылықты көрсетеді, мұңаю, шаршау және өкіну. Оңға бағытталса - өзіндік

әрекетке, қылыққа байланысты, солға бағытталса - өзінің шешімсіздігіне байланысты.

Фигураның контуры.

Шығынқы жердің жоқ не бар болуы өте мыңызды.

Тікен, сауыт, ине қорқыныштық. Егер сурет өткір түстермен боялса-мазасыздық,

қорқыныштық, күмәндану белгілерін көрсетеді. Шығыңқы жердің жоғары бағытталуы -

үлкендерден қорғану жағдайын көрсетеді. Ал, төменге бағытталуы - мойындамау және

күлкі болудан қорғану шартын, төменгі бағалу, беделінің жоқтығын білдіреді. Агрессивті

қорқыныш егер сурет өткір ұштармен боялса, ал контур сызығы боялса қауіптену, егер

қылқан қойылса кумәндануды көрсетеді. Бүйірдегі шығыңқы жер - қорқыныш, кез -

келген сәттерден өзін - өзі қорғануға дайындық.

Жалпы энергия.

Энергия - белгіленген деталь санымен бағаланады. Жануарды түсіну үшін балық

детальдар салынған ба, бояу немесе қосымша сызықтар бейнеленген бе, қосымша деталь

бар ма соған назар аударылады, соныман қатар қосымша қиындықтар туғызатын

детальарға да көңіл бөлінеді. Детальдардың көп болуы жоғарғы энергияны көрсетеді.

Детальдардың аздығы, суреттің дұрыс боялмауы - әлсіздікті, төменгі энергияны көрсетеді.

Түзу және сызық мына нәрсені сипаттайды. Астениялық жағдай - әлсіздік. Салынған

сызықтар-мазасыздық деңгейін көрсетеді.

© 2010-2022