Өскелең ұрпақтардың денсаулық басымдылықтарын құру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Өскелең ұрпақтардың денсаулық басымдылықтарын құру.

Кіріспе

Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған

Негізігі бөлім

Өскелең ұрпақтардың денсаулық басымдылықтарын құру.

Қортынды. Өмір өлшемі - салауаттық, салауаттық - өмір заңы

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі: елді күні ертең ілгері апаратын - сауатты, білімді, дені сау жастар.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.[ Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы ]
Себебі елді күні ертең ілгері апаратын - сауатты, білімді, дені сау жастар.Дені сау ұрпақты тәрбиелеу,ол біздің міндетіміз.Осы орайда Мектептерде ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты на сай жұмыс істеуде. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол - үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
5-жасар баланың саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.
Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың үлкендермен қалыпты жағдайдан тыс - тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.
Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.
МАДТ -ғы оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті - балалардың ой өрісін дамыту, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезіндегі үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Балалардың күнделікті өмір тұрмысын ұйымдастыру барысында өсіп келе жатқан балалардың дербестігінің, өзінің және құрбыларының өзін-өзі ұстау қабілеттерінің артқандығын сезіне білуі, яғни үлкендер жағынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалыс қызметін дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады. Осыған орай ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керек.

Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар балалардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі - сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты вариатив бөліміндегі сабақтар қойылады. Демалыстан соң, дүйсенбі күні балалардың сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп бұл күні сабақ кестесінде күрделі ҰОІӘ санын азайтып, сейсенбі - бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма - сенбі күндері сабақ санын және күрделі ҰОІӘ мөлшерін азайтылады. Бұл күндері жеңіл ҰОІӘ көбірек қояды. Оған музыка, дене шынықтыру, сурет ҰОІӘ жатады.
Әрбір оқу күнінің 2 - 3 - сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 4- сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Біркелкі еңбек балаларды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан балалардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша мен жазбаша, күрделі мен жеңіл ҰОІӘ -терді кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс құру балалардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, күніне 4-ҰОІӘ Ұзақтығы 25-30 минуттан аспауы тиіс.. Оқушылардың шаршауын азайту үшін музыка мен, дене шынықтырудың маңызы зор. Бұл ҰОІӘ-тен кейін баланың миы тынығады. МДТ балалары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына біртіндеп үйрету керек. [ Біз мектепке барамыз бағдарламасы]

Балалардың күн тәртібіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу), баланың күнделікті өмірі жатады.
Күн тәртібінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Балалардың үйдегі күн тәртібі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн тәртібі дұрыс ойластырылған болмаса, ол баланың мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата - ана өз баласының күн тәртібін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн тәртібі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн тәртібі баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Бала ұйқыдан тұрғаннан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн тәртібінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10 - 15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң бала киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1- 2 сағат дем алады, 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта күн тәртібі бойынша әрекеттенеді. Күн тәртібі ата-анамен талқыланып құрылып, қадағаланып отырады.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8 - 12 сағ., 16 - 18 сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте ҰОІӘ кезінде пайдаланып және ата-ананың қатеріне салып отырамыз.
Балалардың бөлмесі таза, ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл - мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18 - 20 - 22 °С, ылғалдығы 50 - 70 %, жарығы мол болғанда ғана баланың еңбегі гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс ұйымдастырылады. Оның жұмыс орны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда болашақта еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам - қарындаштардың тұрақты орны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Бала денесінің шынығуы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі қимылды ойындарды ойнау керек.
Баланың күн тәртібінде ұ й қ ы ғ а бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқының физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысының ұзақтығы 5 жаста 10-11 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз ұйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары реттеледі, нерв клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұруға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы уақыты нәтижелі пайдаланылады. МДТ балалары кешкі сағат 9 -10 да ұйықтағаны жөн.
Балалардың күн кестесінде тамақтану мерзім і н е және тағамның қоректік қасиетіне көңіл аударылады. «Ас - адамның арқауы» демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуге болады. Ас қабылдау ұзақтылығы 15 - 20 минөттен 20 - 30 минөтке дейін созылады.Мектебіміздің асханасында МАДТ-топтарына жеңіл тамақтану ұйымдастырылған,тамақтың сапасын мектеп медбикесі қадағалап отырады.
Жалпы алғанда, балалардың күн тәртібін құрғанда күнделікті қайталанатын еңбек түрлеріне арналған уақыттан басқа 1 - 1, 5 сағаттай уақытты бос қалдырған жөн. Бұл уақытты әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану, көркем әдебиетті оқу, кино - театрға бару, кездейсоқ шаруаға қатысу, т. б.).
Киім денені сыртқы ортаның түрлі механикалық, химиялық жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Сондықтан киімнің физикалық және химиялық қасиеттерін білудің (жылу сақтау, ауа мен ылғалды өткізу, суды сіңіру, т. б.) маңызы ерекше. Киімнің эстетикалық мағынасы да көрнекті орын алады.
Киімнің физикалық және химиялық қасиеттері киім тігілген маталардың қасиеттеріне байланысты және қабаттап киген киімнің санына байланысты. Киім тігілетін маталардың жылу мен ауаны өткізгіш, ылғал сіңіру мен өткізу, серпімділік қасиеттері маңызды.
Матаның жылу өткізгіш қасиеті оның негізі мен түктеріне байланысты болады. Қалың, жұмсақ түкті маталар жылуды жақсы сақтайды, себебі түктердің арасында ауа жиналып, жылуды сыртқа шығармайды. Ауа райы өте салқын болғанда киімді қабаттап киген тиімді болады, себебі киім қабаттарының арасындағы ауа жылуды сыртқа шығармай, оны сақтауға көмектеседі.
Маталардың ауа өткізгіш қасиеті киім ішіндегі қажетті ауа қозғалысы мен ауа алмасуын қамтамасыз етеді, яғни киім ішіндегі денеге жақын орналасқан ауаны желдету үшін қажет. Ауа желдетуі жеткіліксіз болғанда баланың еңбек қабілеті төмендеп, көңіл - күйі нашарлайды. Ауа өткізгіштік қасиет бос тоқылған тақыр маталарда жоғары болады, ал капрон, нейлон, жасанды жібектер ауа өткізбейді не нашар өткізеді. Эстетикалық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда киімнің серпімділік (қалпын сақтау) қасиетінің де маңызы бар. Бұл қасиет жүн, мақта маталарда талапқа сай, ал жасанды жібектердің кейбіреуінде нашар болады.
Киімге деген гигиеналық талаптар оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.
Балалардың сыртқы ауыр жылы киімі (пальто, тон, жылы курткалар, малақай, т. б.) жеңіл, жылы, баланың денесіне сай болу керек. Шектен тыс жылы киіну баланы ыстықтатып, терлеуіне, көңіл - күйінің, еңбегінің нашарлауына себеп болады. Тым жылы киінген балалардың суық тиіп, қабыну ауруларына ұшырауы жиі кездеседі, оларда тез «тер қатады
Сыртқы жеңіл киім (костюм, көйлек, т. б.) баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болуы тиіс. Оның түрлі физикалық және химиялық қасиеттері гигиеналық талапқа сай, тігістері, түймелері, белбеулері денеге батпайтын, қан тамырлары мен көкірек қуысындағы мүшелердің қызметіне кедергі жасамайтын, ыңғайлы болғаны жөн. Жазғы ыстықта ауа райына сай өте жеңіл, күн сәулесін жақсы шашырататын, ауаны жақсы өткізетін киім киеді.
Ондай киімдер мақта жіптен, табиғи жібек жіптерінен тоқылған маталардан тігіледі.
Iш киім табиғи жіптен тоқылған маталардан тігіледі. Ол әрі тер сіңіргіш, әрі жылу өткізгіш маталардан тігіледі. Іш киімнің тазалығы организм үшін өте маңызды, сондықтан оны мезгілімен жуып, тазартып отырған дұрыс. Жазда іш киімді жұмасына 2 - 3 рет, ал қыста 1 - 2 рет ауыстырып таза киіну керек.
Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т. с. с. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шұлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1 - 1, 5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек. . [ Денсаулық сақтау технологиялары Жарияланды 11-02-2015, ]
«Салауатты өмір сүру дегеніміз - тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен балалар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.Осыған орай қазіргі ата-аналарымыз балалары өздеріне бөгет болмауы үшін компьютеройындарына көп көңіл бөліп балаларын ұзақ уақыт ойын ойнатады.Бұның салдары Балаларымыздың омыртқаларының қисайуы немесе компьютерге тәуелділікке әкеліп соқтыруы мүмкін.Осыны ескеріп күнделікті ҰОІӘ кезінде балаларға компьютерде 20-25 минуттан артық отыруға болмайтынын ескертеміз

Қазақ халқы « тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі балалардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді.Балаларды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4 - ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібіне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі - спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта - жігерді арттырады.
Ал жасампаз еңбек елдің табысын еселейді. Отанның данқын асқақтатады. Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол шымыр - шыныққан, жан - жақты дамыған адам Отаншыл келеді, Ата - баба аманаттан қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті келеді.
Біздің мектепте де Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие тұжырымдамасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша балалардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтар болсақ,
Таңертеңгілік дене жаттығуларын орындау;
Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық, арқан тарту)
Ата-аналармен бірге «Әкем, шешем және мен», «Мен және менің отбасым», «Толағай» сайыс түрлері ұйымдастырылады;Өскелең ұрпақты дені сау етіп тәрбиелеу мақсатында, МАД-топтарында күнделікті ҰОІӘ барысында біз бес сала бойынша еңбек етеміз. «Денсаулық»,«Қатынас»,«Әлеуметтік»,«Таным»,«Шығармашылық»
«Денсаулық» саласына Дене тәрбиесі мен Вальеология кіреді. Валеология
Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне тәрбиелеу.
Міндеттері:
- балаларды валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы ғылым - «Валеология» туралы түсінік беру;
- өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру;
- өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен қарауға тәрбиелеу;
- салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары
Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.
Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру, жәй қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау.
Жақсы дене сымбатын қалыптастыру мен аяқ табанының дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.
Серуен кезінде жиналған іскерлік пен дағдыларды қолданып қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып ойнауға үйрету.
Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету.
Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.
Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 3 минут болатын сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.
Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.
Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру.
Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру.
Тамақтану түрлері. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, Жеке тазалықты сақтау. Қолды жуу. Тісті тазалау. Ауыз қуысын шаю. Осы шаралардың маңыздылығын түсіндіру.
Киімдерін күтіп, тазалап ұстай білу. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен ережелерін түсіну. Жеке гигиеналық заттарды білу және дұрыс қолдану (сүлгі, бет орамал, тарақ).
Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақтайды. Дұрыс қалыпты сақтай білу ережелерін меңгерту.
Күн, ауа және су - біздің нағыз досымыз. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі. Ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы. [ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Астана 2014ж ]

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру іс - әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай оқу іс - әрекетіне дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе - теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындалуларына көмек көрсетуді талап етеді.
Дене шынықтырудың қимыл қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл - күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл - әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
Жалпы барлық ҰОІӘде балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және тез шаршамауларын қадағалап, түрлі қимыл ойындары ,сергіту сәттерін өткіземіз.
Қорыта айтқанда, өмір өлшемі - салауаттық, салауаттық - өмір заңы.

Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге келтіру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысын іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлері баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш - жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді. Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтырудың нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Авторы:Татаурова Н Л

Тирская И. А,Дрыгина Т.А,Корчевская Шелипова С.И Алматы 2013ж

2. ҚР «Білім туралы» Заңы 2015 жыл

3. Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім

беру стандарты .Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Астана 2014ж.


11


© 2010-2022