Конспект занятия по развитию речи на тему Подводный мир

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Су асты әлемі»

Мақсаты: Су асты әлемі туралы білім беру, балықтарға қызығушылығын артыру, қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу, суда өсетін өсімдік түрлерімен және оның рекшелігімен таныстыру. Жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Сабақ барысы: Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне жинайды.

Бәрі бірге: Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз

Бәрімізде біргеміз.

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші: - Балалар мен бүгін сендерге бір тосын сый әзірледім. Ол тосын сый мына матаның астында жасырылып тұр. Мен сендерге бір жұмбақ жасырамын,егер сендер сол жұмбақты шешсеңдер, тосын сыйдың не екенін көресіңдер, келістік пе? Қане енді мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ: Ауызы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ,

Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды. Ал балалар оның жауабы не?

Балалар:- Балық.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар ол балық. Ал сендер балықтың қайда өмір сүртінін білесіңдер ме?

Балалар:- Су астында.

Тәрбиеші: -Дұрыс балалар сендер менің жұмбағымды шештің дер, енді мен сендерге өзімнің тосын сыйымды көрсетемін.

Тәрбиеші матаны көтеріп, аквариумдағы балықтарды көрсетеді.

Тәрбиеші: - Балалар келіңдер мынаны бірге көрейік. Сендер не көріп тұрсыңдар?

Балалар: - Балық

Тәрбиеші: - Олар не істеп жүр?

Балалар: -Жүзіп жүр.

Тәрбиеші: - Балалар олар аквариум балықтары, олар сендер айтқандай жүзіп жүр. Аквариум-балықтардың шыныдан жасалған үйі. Балықтардың алуан түрлері бар. Олар теңіздерде, көлдерде, үлкен суларда мекндейді. Ал, мына балықтар үйде, яғни аквариумда өмір сүреді. Бұл балықтарға көп күтім керек, олардың үнемі суын ауыстырып, күніне 1-2 рет жем беріп тұру керек. Балықтың денесі неден тұратынын айтып бере аласыңдар ма?

Балалар: - Басы, кеудесі, құйрығы, көзі, қанаты.

Тәрбиеші: - Құйрығы балыққа не үшін керек?

Балалар: - Жүзу үшін.

Тәрбиеші: - Балалар сендер білесіңдер ме балықтар жерде жүре ала ма?

Балалар: - Жоқ. Олар судан шықса өліп қалады.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, олар судан шықса өліп қалады. Балықтар суда жүзумен қатар, тамақтанады. Үлкен сулардағы балықтар құрт, бақа, шаян, тіпті ұсақ балықтармен қоректенеді. Ал аквариум балықтары құрғақ жеммен тамақтанады. Қане балалар бәріміз балықтарды тамақтандырып көрейікші.

Балалар балықтарға жем салады.

Тәрбиеші: - Балалар балықтар жемді қай жерімен меп жатыр?

Балалар: - Ауызымен.

Тәрбиеші: - Ал олар несімен дем алады?

Балалар: - Желбезегімен.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, ол денесінің қай жерінде орналасқан?

Балалар: - Басының екі жанында, балық дем алғанда, олар ашылып-жабылып тұрады.

Тәрбиеші: - Құйрық пен қанат не үшін керек?

Балалар: - Суда жүзу үшін.

Толқынды әуен естіліп, топқа су патшайымы кіреді.

Су патшайымы: - Сәлематсыңдар ма балалар?

Балалар: - Сәлематсыз ба?

Су патшайымы: - Мен су патшайымымын мен сендерге қонаққа келдім, сендер менің су асты әлемім мен менің балықтарым туралы айтып жатырған соң, мен сендерге шынайы менің әлемімді таныстырғалы келдім. Балалар сендер бәрің мұқият теледидарға қараңдар.

Теледидардан су асты әлемі бейнефильмі жүреді, су патшайымы

оны таныстырады.

Су патшайымы: - Балалар сендер су асты әлемінің қандай болатынын білдіңдер, көрдіңдер енді сендер тағы балықтар туралы не білесіңдер?

Балалар балық туралы тақпақтарын айтады.

Нұржан: Ала бұға үйірі, Мұхамедали: Айқайлама, ұрыспа,

Сияқты бір иірім, Тіпті ақырын тыныста

Қызыл-жасыл жотасы, Сазан нағыз сақ балық,

Жасыл-сары бүйірі. Жоламайды дабысқа.

Су патшайымы: - Рахмет балалар сендер балықтар туралы көп біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: - Су патшайымы сіз кішкене отыра тұрыңыз, біздің балалар сізге әдемі гүл жасап береді. Балалар мына гүл «Ақ тұңғиық гүлі» деп аталады. Ол өте баяу ағатын көл бетінде өседі. Оның түсі ақ болады. Ол ерекше гүл, себебі гүлдерін таңертең ашып, кешке жабады, сондықтан оны кейде «сағат гүлі» деп те атайды. Оны адамдар шоқ гүлін жасау үшін алады, бірақ ол сусыз тез солып қалады. Сондықтан, оны жұлмай жағадан тамашалаған жөн. Енді балалар алдарыңдағы жұмсақ сүрткіш қағаздан жасалған гүлді, жапыраққа жапсырып, су бетіне орналастырамыз, дайын гүлдерді су патшайымына сыйлаймыз.

Балалар гүлді жапсырады.

Су патшайымы: - Балалар сендерге көп-көп рахмет, сендерөте білімді балалар екенсіңдер мен сендерге ризамын, менің де сендерге су асты әлемінен әкелген сыйлығым бар, ол мына алтын балықтар, ал мынау менің балықтарымнан дайындалған дәмді салат, бұл қонақ апайларға, ал мен өз әлеміме қайтайын, сау болыңдар.

Балалар: - Сау болыңыз.

Тәрбиеші: - Құрметті қонақтар, балалар осымен біздің ашық сабағымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.







© 2010-2022