Мақала Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі»


Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады.

Жас бала дегеніміз ол-ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де, ал балабақшадағы тәрбиеші болса жаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті. Балабақшада әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.

Балабақшаның ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогтық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыруы қажет.

Сондай ақ біздің шағын орталық ата - аналармен әрқашанда тығыз байланыста болып , әртүрлі іс шаралар жүргіземізі. Жылдағы дәстүр бойынша өтетін жалпы ата - аналар жиналысының бірі осы «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында болды. Мұнда ата - аналар жиналысы дөңгелек үстел үстінде пікірлесу, ой бөлісу негізінде өтті. Ата - аналар үш топқа бөлінді. Сауалнама толтырды, әртүрлі ситуациялық сұрақтарға топтасып жауап берді, өз ойларымен бөлісті, бейне ролик көрсетілді жиналыс аяғында әр ата - ана өз ұсынысын, тілегін алма суретіне жазып алма ағашына жапсырды.

Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, олардың ұсыныстарын тыңдадық.

Ата-ана жұмысын осылайша ұйымдастырудан қандай нәтижеге қол жеткізуге болады:

1.Ата-ананың өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білуі.

2.Балабақшада педагогикалық сенімнің күшейуі.

5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығының оянуы.

6.Оқу тәрбие жұмысының ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде одан әрі дамуы.

7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін артуы.

Осы жұмыстар іске асқан жағдайда ата-аналар мен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.


«М. Ломоносов атындағы орта мектеп»КММ

Шағын орталық тәрбиешісі Тлегенова Л.Е


Мақала Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі

© 2010-2022