Тақырыбы: 1-5 сандары мектекалды дайындық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «1 - 5 сандары»

Мақсаты: 5-ке дейін реттік санауды бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды салыстыру дағдыларын арттыру; 1 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру

Көрнекілік: геометриялық пішіндер, 1 ден 5 ке дейінгі сандар

Қостілділік компонент: фигуралар - пішіндер, төрт бұрыш - четыре угла, дөңгелек - круг, бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің

әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық-ынталандыр

ушылық

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуантатын күн келді!

Күліп шықты бүгін күн!

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне жылы-жылы сөздер айтады.

Ұйымдастыру-ізденушілік


Сабақтың барысы

Сандық қатынастарды меңгерту, артық және кем санды анықтауды түрлі анализаторларды, яғни дыбыс, қозғалысты санау, сипау арқылы заттарды санау жаттығуларын қатыстырумен ұштастырылады. Мәселен, балалар неше дыбыс естісе, сонша ойыншықты санап шығарады, неше рет қол көтерсе, сонша шеңбер бар карточканы табады немесе карточкада неше шеңбер болса, сонша рет отырып, тұрады. Олар карточкаға қадалған түймелерді сипап көру арқылы санап, неше түйме болса сонша рет немесе 1 рет артық (кем) шапалақтайды. Мысалы: «Сымбат 1 рет артық (кем) шапалақтаса, карточкасында неше түйме барын тап. Неше жалау екенін сана. Жалау санынан 1 қимылды артық (кем) жасау үшін неше рет қол көтеру керек екенін ойланыңдар».

Сандық және реттік санауды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалды пайдалану. Көп қабатты үй, пойыз вагондарын және т.б. реттік санауда қолдануға болады. Содан кейін дәптермен жұмыс істеуге көшіңіз.

№1 тапсырма. «Вагондардың ретін ата. Кімнің артында кім тұрғанын айт». Тапсырманы ойын - жаттығулармен толықтыруға болады. Мұғалім балаларға мынадай тапсырма береді:

- Вагонды жасыр, бірақ балаларға нешінші екенін айтпа. Балалар қай вагон екенін табу үшін сұрақтар қояды. Басқа балалар сұрақ қояды:

- Сенің вагоның бірінші ме? (Жоқ, иә). Сенің вагоның қызыл ма? Онда ит отыр ма?

Осы сияқты сұрақтар қою арқылы балалар жасырылған вагонды табуға тырысады.

№2 тапсырма. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыш салынған. Тапсырма: Фигуралардың неше түрі болса, сонша таяқша сал. Қай фигуралар тең екенін анықта. Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша сал.

Сергіту жаттығуы.

Жаздық, жаздық, көп жаздық,

Шаршады біздің саусақтар.

Бір, екі, үш

Демаламыз, жинап күш.

Балалар орындықтарына әдемілеп отырады.

Балалар тәулік мезгілдері айтып береді

Ия, тауып береміз

(Балалар пішіндердің ішінен дөңгелектерін тауып, вагонғатағады)


Балалар сергіту сәтін орындайды

Рефлексивтік-

Түзетушілік

Сабақты қорытындылау:

Сабақты қорыта келе сұрақтар қояды:

-Бізде қандай сабақ болды?

-Біз сабақта нені білдік?

Сабаққа жақсы қатысқан

балаларды мақтап-мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Балалар сабақта қызығушылық танытады

Нені біледі:ұшбұрышта үш бұрыш, төртбұрышта төрт бұрыш болатының біледі

Қандай түсініктерді игерді: балалар кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түсінік беруге үйрету;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сабақта айтылған мәліметтерді есте сақтайды



© 2010-2022