Урок по казахскому языку для детей дошкольного возраста на тему: Бір шаңырақ астында

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тайгушкарова Роза Жагудаевна

«Айгөлек» бөбекжай - бақшасы

Петропавл қаласы

Білім беру саласы: «Қатынас, әлеуметтік орта, таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Қазақ тілі, айналамен танысу» Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»

Мақсаты:

1) білімділік: Балаларға бір шаңырақ, көп ұлтты мемлекет туралы мағлұмат беру;

2) дамытушылық: ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3) тәрбиелік: туған елін, жерін сүюге, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу,

Көрнекіліктер: киіз үй, көп ұлт бейнеленген карта,

Меңгерілетін сөздер: көп ұлтты, достық күні, бірлік.

Әрекет кезеңдері

Әрекет барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

іс- әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Амандасу шеңбері

Алақай, алақай!

Қуанады, балақай

Армысың Көк - Аспан,

Армысың Жер - ана!

Армысыңдар, достарым!

Сендерді көрсем, қуанамын.

Көңіл - күйлерін сұрау

  • Балалар шеңберіміз неге ұқсайды?



  • Қанекей, киіз үйдің керегесі сияқты тығыздалып, мықтап тұрайықшы.

  • Қане, қолымызды ортаға қарай созайықшы. Енді, шеңберіміз неге ұқсады?

  • Дұрыс айтасыңдар, шеңберіміз шаңыраққа ұқсайды.

  • Неге шаңырақ жасадық.

  • Міне, осы шаңырақ астында кімдер тұрады?

  • Ендеше, балалар, біз сендермен бір шаңырақ астында тұрамыз. «Бір шаңырақ астында тұрамыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қонаққа өзге ұлт балалары келеді.

Алақанмен шапалақтайды,

Қолдарын көкке көтереді.

Жерге бастарын иеді,

Бір - бірімен құшақтасып, амандасады.



Балалардың жауабы:

  • Күнге ұқсайды.

  • Алмаға ұқсайды.

  • Жерге ұқсайды.

  • Киіз үйге ұқсайды., т.б.

Бір - бірімен жақындап тұрады.

Балалардың жауабы.



  • Киіз үйдің шаңырағына ұқсайды.



Балалардың жауабы.



Балалардың жауабы.

-Бәрімізде бір аспан.

-Бір күн.

-Бір ай.

Іздену ұйымдастырушы













Әңгімелесу

Әр ұлттың киімдерін киген балалар, сол тілде амандасады, қалдарын сұрайды.







  • Балалар, қонақтарымыз не деп жатыр?

  • Дұрыс айтасыңдар, өз тілдерінде амандасып жатыр.

(Қонақтарды отырғызу)

-Балалар, қонақтар қалай киінген?

- Қандай ұлт киімдерін киген?

-Балалар, қонақтар қайда тұратындарын сұрайықшы.





- Ал сендер қайда тұрасыңдар, балалар?

- Ендеше, біздің Қазақстанды қалай атауға болады?

Осы бір үйде қандай ұлттар тұрады екен?

- Онда біздің мемлекетіміз қандай?

- Ал олар бір - бірімен қалай тұрады?

- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Кім осы ынтымақ, достық туралы мақал - мәтелдер, тақпақтар біледі?

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Здравствуйте, ребята!

-Иссәнмісіз (татарша)

-Здоровенько булы (украин тілінде)

-Хәлләрнишік (татар тілінде «Қалдарын қалай?»)

Балалардың жауабы.



Балалардың жауабы.

Балалардың жауабы.

Балалар қонақтарда қайда тұратындарын сұрайды:

  • Сен қайда тұрасың?

Қонақ бала:

- Мен Қазақстанда тұрамын.

- Біз Қазақстанда тұрамыз.

- Бір үй деп атауға болады.

Қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, т.б.

- Көп ұлтты мемлекет.

- Тату - тәтті тұрады.

- Жақсы тұрады.

- Бақытты тұрады.

- Бірлік күні

- Достастық күні.

- Ынтымақ күні.

Балалар достық, ынтымақ туралы мақал - мәтелдер, тақпақтар айтады.

Рефлексивті - коррекциялаушы

«Киіз үй» ойыны

Мақсаты: Қазақ тілінде толық дұрыс жауап беру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Барысы:

Қойған сұрақтарға жауап бере отыра, киіз үйді құрау.

  1. Біз қай мемлекетте тұрамыз?

  2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  3. Елордамыз қай қала?

  4. Мемлекеттік тіл - қай тіл?

  5. Біз қай қалада тұрамыз?

Сабақтың соңында балалар қонақтармен бірге «Қара жорға» биін билейді.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере отыра, киіз үйді құрастырады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: балалар өз Отаны жайлы түсініктер алады.

Игеру: Еліміздің қандай екенін біледі. рәміздермен танысып, ажырата біледі.

Жасай білу: Сұрақтарға толық жауап береді.



© 2010-2022