Ашық сабақ «Қуыршаққа көйлек»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Қуыршаққа көйлек»

Мақсаты

Білімділік: Балаларға жаңа технологиямен және боялған түрлі түсті киіздермен көйлек жапсыруды үйрету.

Дамытушылық: Балалардың танымдық шығармашылық қабілеттерін ой -өрісін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға , тазалыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылған материалдар: түрлі түсті боялған киіздер, қуыршақтың көйлек үлгісі, қолсүрткіш, кілей.

Оқу іс -әрекетінің

Кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Ғажайып сәт: тобымызға қуыршақ Әйгерім келеді.

Балалар қуыршақ тың келгеніне қуанады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар бізге кім келді?

Балалар қуыршақтың есімі -Әйгерім

Балалар қуыршақ қонаққа әдемі көйлек кииіп барғысы келеді екен

Сендерден көмек сұрап келіпті?

Көмектесеміз бе, балалар?

Ендеше балалар бәріміз бірігіп қуыршаққа әдемі көйлек дайындап берейік

Жапсыру жолдары көрсетіледі, түсіндіріледі.

Әртүрлі көйлек үлгілерін көрсете отырып, көйлектің түрі көп болатыны айтылады. бірнеше қуыршақтың көйлегін көрсетіп түсіне әдемілігіне назар аудартады.

Алдарыңда жұмыс жасауға керекті құралдар тұр.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,жұмысты ұқыпты таза жасаулары ескертіледі.

Сергіту сәті.

Түстерді таңдап алайық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бой сергітіп алған соң

Жапсыруды жалғайық.

Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Қуыршақ өленің

оқып беру.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

(Н.Әлімқұлов)

Қуыршақ Айсұлу балалардың жұмыстарын мадақтайды.

-Балалар ,Айсұлу сендердің көмектерің үшін өте қуанышты.

Рахмет айтып тұр.

Балалар қуана келіседі.





Жапсыру жолдарымен танысады.



Жұмысқа кіріседі. тапсырманы орындайды. қуыршаққа дайын қиындылардан көйлек дайындап береді.



Дайын болған көйлектерін қуыпшаққа сыйлайды.

Қорытынды

« Тақия тастамақ» ойыны.

Айсұлу қуыршақ балалармен қоштасады.

Өздерінің жасаған жұмыстарын салыстырады,қуанады.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Қуыршақтың түрлерін

Үйренеді: Түрлі түсті дайын киіздерден қуыршаққа жапсыруды

Игереді:Түстерді таңдауды, оқу іс-әрекет барысында алынған дағдыларды.



© 2010-2022