Кел, Жаңа жыл! мерекелік ертеңгілікке арналған сценарий (балабақша, шағын орталықтарға арналған)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.

Кәмпит: (ортаға билеп шығады)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Жаңа-жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме.

Шатыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз -ата сендерге әлі келген жоқ па?

Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?

Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.

Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.

Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады).

Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!

Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.

Жүргізуші: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. -

  • Алло, ата «Балдырған» мен «Бүлдіршін» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.

Жүргізуші: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.

«Шырша» әні.

Жүргізуші: -Балалар, Аяз -Ата өзі қандай?

Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.

Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).

Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!

Аяз-Ата: шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.

Қоян кіріп келеді. Жылайды.

Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз.

Қоян: Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.

Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.

Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!

Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.

  • Кәне, қуыршақтар, шығыңдар!

Сылдырмақтарды ойнатыңдар!

Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.

«Сылдырмақтар» биі.

Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.

Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?

Аяз-Ата: Қазір мен ормандағы барлық аңдарды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.

Жүргізуші: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер.

«Аңдар» биі.

Түлкі: Мен үйден шықпаймын,

Мен ешкімнен қорықпаймын.

Жүргізуші: Онда қарақшыларды шақырып, түлкіні байлап тастайық.

«Қарақшылар» биі.

Түлкі: Мен үйден шықпаймын,

Мен ешкімнен қорықпаймын.

Аяз-Ата: Қазір мен саған көрсетейін!

Кәне, борандар соғыңдар!

Шыршалар төмен бүгілсін,

Ормандағы бар нәрсе,

Ақ қарменен жабылсын!

Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін.

«Ұлпақарлар» биі.

Аяз-Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.

Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым?

Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?

Балалар:Ия, бір жолға кешірейік.

Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра бер.

Қоян: рахмет.

Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.

«Бала тілегі» әні.

Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.

Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне отырып тыңдаңыз.

Аяз-Ата:Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін.

Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің Сырым баламыз да сізді асыға күтіп жүр.

Аяз-Ата: қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?

Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім. Балалар маған тағы бір ән шырқап берсін, содан кейін мен сыйлықтарын таратамын.

«Балдырған» әні.

Аяз-ата сыйлықтар таратады.

Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Біз басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!









«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«Озерки жалпы орта білі беретін мектебі» КММ















«Кел, Жаңа жыл!»

мерекелік ертеңгілік.










Тәрбиешілер: Рахметова Р.Б.

Жунусканова Г.С.









2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022