Баяндама Ойыншық және оның бала өміріндегі орны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОЙЫНШЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ


Ойыншық- әдей балалар ойынына арналып жасалған зат. Оны пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір құбылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмектеседі. Ойыншықтармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-қатынастары, өз іс-әрекетттерін үйлестіру қабілеті қалыптасады.

Ойыншықтың балалар өмірінде үлкен роль атқаратынын Н.К.Крупская атап көрсетеді. «балдырғандарға арналған ойыншықтар туралы» мақаласында ол былай жазды: «Біз балалар ойыншығы туралы мәселеге ересек адамға қандай ойыншық ұнайды деген тұрғыдан қарай алмаймыз. Біз ойыншық туралы мәселеге балаға не ұнайды және оған не керек деген тұрғыдан қарауға тиіспіз».

Н.К.Крупская ойыншықта өмірдің нақты құбылыстары, адамдарыдң, жануарлардың образдары шынайы бейнеленген болуға тиіс деп көрсетті. Ол баланың жас ерекшеліктерін зерттеуге, соларға сәйкес ойыншықтар жасауға және іріктеуге шақырды. «Ересек адам баланың жас ерекшеліктерін мұқият зертеуге тиіс. Ойыншық жасаушылар да осыны істеуге тиіс, өйткені онысыз ойыншық баланы шынымен қуантпайдлы, оның өсуіне, дамуына көмектеспейді».

А.М.Горький балаларға дүние жүзі туралы, өз елі туралы білім беру қажет екенін айта келіп, былай деп жазды: «Бұған қызықты, ақылды және қарапайым жазылған шағын кітап арқылы әбден жетуге болады, ал қызықты ойыншық арқылы жету одан да оңайырақ»

Түрлі жастағы топтар үшін ойыншықтар іріктеу

Сәби топтарда балалардың қимылын дамытатын және жетілдіретін ойыншықтар: домалатуға, лақтыруға арналған үлкен доптар; балалар әрлі берлі сүйрететін және кубиктер салып таситын, қуыршақтарын мінгізіп серуендететін алуан түрлі әшекейлі арбалар, жүк таситын машиналар, арбалар болуы тиіс.

Сюжетті образды ойыншықтар мазмұны мен безендірілуі жағынан балаларға жақын қоршаған дүниені бейнелейді. Олармен ойын әрекеттерін жасау жеңіл, оңай.

Дидактикалық ойыншықтар сенсорлық тәрбие беру және тіл ұстату міндеттеріне қарай іріктеледі. Ойыншықтар заттарды, оларды түсін, формасын, көлемін түйсіну, әр түрлі қасиеттер мен сапаларды білдіретін сөздерді түсіну және қолдану қабілеитін дамтыуға көмектесетін болуға тиіс.

Ермек ойыншықтарымен сәбилер өздер ойнай білмейді. Тек қызықты бұрмалы ойыншықтардың қимылына қарап, қуанады.

Естиярлар топтағы балалардың ойындаға ролі неғұрлым айқын көрінеді, сондықтан оларға, ойыншықтардан тыс, қосымша заттар: матрос бас киімі, жалау, барабан, дүрді, дәрігердің трубкасы керек. 4 жастағы баласәбилерге қарағанда құрылыс материалдарынан күрделі құрылыстар салады, сондықтан материал түрлі жинақта бұрап қимылға келтіреді.

4-5 жастағы балалар ұжым болып ойнай алады және комплектілі ойыншықтарды пайдалана алады. Мысалы, «Үйжануарлар» ойыншықтарының комплексі бірлесіп ат қора салу, даладағы табынды күзету жасау тілегін туғызады.мектепке дейінгі ересек және мектепке дайындайтын топтардағы балалар өмірімен кеңірек жанасады, олардың ұғымы, қарым-қатынас тәжірибесі, ойынды ұйымдастыру күрделі сюжеттер дамтыа алатын ойыншықтарды пайдаланып ойындарын ойнауға мүмкіндік береді.

6-7 жастаға балалар спорт типтес ойындарға үлкен ықылас көрсетеді. Олардың қимылдар неғұрлым икемді , сондықтан ойнау үін, нысанаға тигізу үшін үлкен доптар ған емес, шағын доптар да, майда бұлшық еттерін дамытатын, қимыл дәлдігін, үйлесімділігін жетілдіретін басқа да ойыншықтар қажет.

Балаларды жаңа ойыншықпен таныстыру әдістемесі. Топта жаңа ойыншықтың пайда болуы- әрқашан да қуаныш. Балаларды онымен таныстыру алдымен педагогтің қандай міндетті шешкісі келетініне байланысты. Егер ол балалардың назарын ойыншықта бейнеленген қандай да бір затқа аударғысы келес, ол соны көрсетіп, оның өзіне тән қасиетін, сапасын айтып береді. Ересек кісінің бейнесі болса, оның көзқарасын білдіреді. Көңілді, қызық ойыншықты көрсетер алдынан қызықтыра түсетін ескерту жасап қояды. Егер ойыншық нәзік болса, механизмі абайлап ұстауды қажет етсе, бұл жөнінде балаларға ескеріп, сынып не бұзылып қалғанда ренжімес үшін оны күтіп ұстаудың тәсілдерін көрсетіп беру керек.

Қанда ойыншықты болмасын ойынна бөліп алап, көрнекі құрал етіп пайдалануға болмайды. Таныстыруда тәрбиеші ойын элементтерін алады: қуыршақтың атын, оның қайдан келгенін, қайда және қай жерде тұрғаын қандай ертегілер,өлеңдер, ойындар білетінін айтады.

Ойыншықтарды сақтау ойыншықтарды сақтау ерекшеліктері мыналармен қамтамасыз ету қажеттіліген байланысты:

  1. ойыншықтарға орналасуындағы балалардың қол жететін жәнен олармен өздігімен ойнау мүмкіндігінің болуы

  2. ойыншықтардың орналасуындағы толық тәртіп, әрбір ойыншықтың тартымды түрінің сақталуы

  3. ойыншық шаруашылығында балаларпдың өздерінің тәртіп сақтауы, оларға ұқыпты қарауы.

Бірінші талапқа ашық текшелері бар сөрелер неғұрлым сай келеді. Текшелер балаладың бойы жететінде\,ойыншықтарды ерекше саймансыз ақ оңай алатындай болып орналасыуға тиіс. Оларда әр түрлі ойыншықтарға тұрақты орын бөлінеді. Ірі құрылыс материалдары үшін төменгіғ, сюжетті образды ойыншықтар үшін одан жоғарылау, стол үстінде қағаз басылған ойындар үшін ең жоғарғы текшелерді пайдаланған жөн.бір ойыншықтарға екінші ойыншықтарды тасаламай, көрініп тұруын қамтамасыз ету керек. ойыншықтардыойнауға әзірлеуге және ойнап болғаннан кейін жинап қоюға жұмастлатын уақыт та елеулі рольатқарады. Ірі құрылыс материалдарын әдетте құрылыс ойындары өткізілетін жерде жақын жинаған дұрыс. Дидактикалық және сюжетті образды ойындар үшін подностардың не кәрзеңкелердің болғаны жөн. Бұл ойыншықтарды столға немесе ойын өтетін жерге арау, ойыннан сой жинау оңай болады. Сонымен бірге бұл балаларды ұқыптылыққа ұйымшыл әрекетке тәрбиелейді.

Музыкалық ойыншықтар дыбыс үнінің жақсы сақталуы үшін әйнектелген шағын шкафтарда сақталғаны жөн. Дидактикалық ойыншықтар арнайы шкафтарда сақталады. Ойыншықтарды сақтау тәртібі- белгілі бір дәрежеде тұрақты, яғни өзгерістерге жол беретіндей болуы тиіс. Қуыршақтарды пайдалану оңтайлы болу үшін оларды орналастыру эстетикалық тұрғыда, топтық жалпы көркемдігінің шырқын бұзбайтын болуы үшін балалар, әсіресе мектепке дейінгі ересектер оқтын-оқтын қуыршақтарды қалай орналастыру керек екенін талқылауға қатыстырылып тұрады.

Балалар ойнап болған соң ойыншықтарды толық тәртіпке келтіруі керек. мекетеп жасына дейінгі балаларды ойыншықтарды тәртіптеп қалдыруға үйрету- оларды ерте жастан ақылға қонымды ықтияттлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, маңындағылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу деген сөз.


© 2010-2022