Тақырыбы: Аюдың қарағайлы орманында

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таным: Тақырыбы : Аюдың қарағайлы орманында.

Құзыреттілік : Таным. Қатынас.

Кіші сала : Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты : 1. Қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерімен таныстыру. 2. Орманда өсетін ағаш түрлерімен таныстыру. 3. Табиғатты сүюге баулу. Сөздік жұмыс : қарағайлы орман. Үш тілділік : қарағайлы орман- Сосновый лес, pine forest.

Көрнекі құралдар : Аюдың қарағайлы орманның суреті. жидектер суреті.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру, дәлелдеу.

Шаттық шеңбері:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды.



Ұйымдастыру ізденіс.

-Балалар, біз бүгін аюдың қарағайлы орманына қонаққа барамыз.Аю қарағайлы орманда тіршілік етеді.Бұл орманда қарағайлар көп өседі. Сондықтан қарағайлы орман дейді.Балалар, Орманға баруға сиқырлы қолшатыр көмектеседі. Кане бәріміз қолшатырымызды алып орманға барайық.

«Орман дыбысы» үнтаспасы қойылады.

Балалар, кәне, отырып, әуенді тыңдайық.

-Балалар, қандай керемет алаңқай! Алаңқайда не көріп тұрсыңдар?Алаңқайда жидектер де көп, ал қасында аю жидек теріп жүр.Аюға орман және онда өсетін өсімдіктер туралы айтып берейік.Ол үшін өздерің де біліп алыңдар.

-Орманда шырша ,таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, саңырауқұлақ және т.б өсімдіктер көп өседі. -Мынау-бүлдірген!Қандай жидекке ұқсайды?

Иә, құлпынайға ұқсайды.

-Ал мынау-таңқурай.Таңқурай тағы да қай жақта өседі.

Міне, аюдың қарағайлы орманында қаншама жидектер өсетініне көз жеткіздік.

-Орман-тоғайға серуендеу кезінде адам өзін қалай ұстау керек?

«Аюдың қарағайлы орманында» қимылы аз ойыны.

Ормандағы аюдың,

Жидектері көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қуаныштарын көрсетеді.




Балалардың жауаптары.



-Құлпынайға ұқсайды.

-Бақта, саяжайда өседі.


-Айғайлап жануарларды шошытпау керек.

Қимылдар жасайды.


Қорытынды.

-Қарағайлы орманда қандай жануар тіршілік етеді екен? (Аю)

-Аю немен қоректенеді?

-Орманда өсетін жидектерді атаңдар.

-Жарайсыңдар!Сендердің арқаларыңда қарағайлы орманның аюы жидектер туралы біршама мәліметтерді білді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтетін нәтиже :

- қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерін атауға берілген тапсырма. Түсінеді :

- табиғат аясында өздерін қалай ұстау керектігі туралы ережелерді.

Қолданады : - орманда тіршілік ететін жануарлар мен өсетін өсімдіктер туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай біллу дағдыларын. Есепберу:_________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


© 2010-2022