№3 «Ақжелкен» тобының «Ана-деген асқақ ән!» атты ертеңгілінің сценарийі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК Болашақ балабақшасы

Бекітемін

МКҚК «Болашақ» б\б

меңгерушісі: Г.Т.Бултекова

____________________

«__» __________ 2014ж


№3 «Ақжелкен» тобының

«Ана-деген асқақ ән!»

атты ертеңгілінің сценарийі.




Тәрбиеші: Нурмаганбетова А

Әдіскер: Амирова Н

Құрық селосы

2014ж

Ана-деген асқақ ән!

Жүргізуші:

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген қуанышы өмірдің.

Ана деген әрбір үйдің жылуы,

Ана деген гүлі туған өмірдің.

Адам бойына барлық жақсы қасиеттен, күннің нұрынан, ананің сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қызғалдақ қыздар! Бүгінгі «Ана-деген асқақ ән» атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Жүргізуші:

Қазір сіздерге балаларымыз өз аналарына деген ыстық лебізін білдіреді.

Мадина:

Мәпелеп мені өсірген,

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

Дәурен:

Құтты болсын, асыл анам мерекең,

Құтты болсын, теңдік алған мерекең.

Нұрсұлтан:

Ақ жүректен сақтаған,

Жарқын күлкі бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам.

Алишер:

Ақ сүт беріп өсірген,

Мінезі жібек кесілген.

Ботам деген дауысы,

Кетпес ешбір есімнен.

Гүлнұр:

Кішкентайдан мәпелеп,

Бойға құйдың қасиет.

Ақ сүтіңе анашым,

Құн жетпейді бас ием.

Жансая:

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам,

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Жүргізуші:

Ана деген әр адамның асылы,

Ана деген сәбидің ғашығы.

Ана деген баға жетпес асыл жан,

Ана деген мына бізге өмір берген асыл мейірбан.

Ана, сен биік шыңсың,

Ана, сен әке орнына әке болған асқар тауымсың.

Ана, сен қиял жетпес арманымсың деп «Ақ мамам» өлеңін тыңдаңыздар.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Балалар, бізге есік қағып қонақ келіп тұр екен.Кім екенін қарайықшы бәріміз.

Көктем аруы:

Сәлеметсіздерме балалар! Мені танып қойған боларсыңдар. Мені бүкіл адамзат баласы жақсы көреді. Жерді көгертетін, күнді жылытатын, әдемілік әкелетін мен Көктем аруымын. Мен сердерге ана мен бала ажырамаса екен дегім келеді.Енді менімен жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма?

Балалар:

Ия!

Көктем аруы:

Өте жақсы балалар! Қандай ақылды балалар екенсіңдер.

Жүргізуші:

Ал енді Көктем аруы енді біздің қадірлі қонағымыз болып төрге шығыңыз.

Еншеше ата-аналар, Көктем аруы біздің қыздарымыздың дайындаған әсем биін тамашалаңыздар.

Би: «Спорт биі»

Жүргізуші:

Абзал аналар бала жүрген жерде ойын да болады. Ендеше біздің балаларымыз ойнай жүріп, ойланып бойын сергітеді.

Ойын: «Гүл жинау»

Жүргізуші:

Ал енді ортада отырған асыл әжелерімізге бүлдіршіндердің тақпақтарын шашу етеміз.

Айзада:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ақынза:

Мейірімі жел жібектей.

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

«Құлыным» деп құшады.

Ерасыл:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»- дейтін.

Аружан:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Жүргізуші:

Көктемдегі алғашқы бәйшешектей құлпырған Көктем аруын алғысымызды айтып шығарып саламыз.

(Көктем аруы кетеді)

Жүргізуші:

Ұлағатты ұстаздар,

Мәңгі ғұмыр сүреді.

Ұлы тұлға өр екен,

Таси түссін берекең.

Келген осы айтулы,

Құтты болсын мерекең! деп осы тәрбиешілерімізге арнап бүлдіршендеріміздің атынан биімізді тарту етеміз.

Би: «Шығыс биі»

Жүргізуші:

Айналайын анашым мерекеңмен,

Құттықтаймын мен сені қыр гүлімен.

Берекесі өмірдің өзің болып,

Арамызда жүре берші жайнап күліп дей отырып «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әнін тыңдаңыздар.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Жүргізуші:

Келесі кезекті ата-аналар ойынына береміз.

Ойын: «Өз балаңды тап»

Ойын шарты: Ойынға қатысушы ата-ана көзі байлаулы күйінде өз баласын табу керек.

Жүргізуші:

Жандар ғой жақсылыққа қуанатын,

Тамашаға балаша күле алатын.

Ертегілер еліне есегімен,

Алдар келді қуанып ортамызға.

(Алдар мен Бай келеді)

Алдар:

Ой мына күннің суығын-ай! Ой мына күннің суығын-ай!

Бай:

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде, көп ойнаймыз, көп күлем.

Алдар:

Ой мына байды алдамасам, шапаны жақсы екен!

Ассалаумағалейкум! Байеке!

Бай:

Алейкум! Алдармысың? Қайдан келесің?

Алдар:

Мен бе Байеке? Күн жылынып, жер қарағасын, ел аралап сіздің амандығыңызды білейін деп жолға шықтым.

Бай:

Е-е-е аманмын Алдар! Аманмын! Жыл бойына кімді алдап сан соқтырдың?

Алдар:

Ой Байеке! Мен алдамаған жан қалдыма? Тіпті Шықбермес Шығайбайдың

өзі қызын өз қолымен маған ертіп жіберген.

Бай:

Әй қайдам! Шықбермес Шығайбайды алдасаңда мені алдай алмассың.Ел аралап қыдырған адам мынадай шапанмен жолға шыға мекен?

Алдар:

Менің шапаным сиқырлы шапан, бір жыртығынан кірген жел, екінші жыртығынан шығып кетеді.Сенбесең өзің киіп көр.

Бай:

Жарайды! Кисем киейін.

(шапандарын ауыстырады)

Осы сені алдағыш дейді. Күшті болсаң мені алдашы.

Алдар:

Онда мен үйіме барып, алдағыш таяғымды алып келейін.Мені осы жерде тос.

Бай:

Жарайды!

(Алдар шығып кетеді)

О мына шапаннан тоңайын дедім-ау.Осы мені Алдар алдап кеткен жоқпа?

Ей Алдар! Алдар! Шапанымды қайтар!

Жүргізуші:

Алдар алдаса салтымен алдайды.Бірақ ана мен бала бір-бірін алдамайды.

Жүргізуші:

Көктемдегі құлпырған қызғалдақтай қыздарымызға арнап ұлдарымыздың мерекелік сыйын қабыл алыңыздар.

Ән: «Қыздар-ай»

Жүргізуші: Өте жақсы ұлдар! Жарайсыңдар!Ендеше аналарымызға тағы бір әнімізді сыйға тартайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

Ана деген бақыттың алтын нұры,

Сен бірге бол анашым күні түні.

Жақсы сөздің бәрін де саған айтам,

Құтты болсын 8-наурыз мерекесі деп бүгінгі «Ана-деген асқақ ән!»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



© 2010-2022