Тақырыбы: Қош бол, Балабақшамыз ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош бол , балабақшамыз

Мектеп бізді шақырады

Мақсаты: Балаларды мектепке даярлық тобына шығарып салу кешінде ,

қазақ тілінде үйренген өлең - тақпақтарын естіген әңгімелерін түсініп ,

айтып беруге жаттықтыру.

Сонымен қатар мектеп туралы , балабақша туралы қоштасатыны жайлы

көбірек әңгіме жүргізіп , сұрақ -жауаптарды тек қазақ тілінде алу.

Жүргізуші: Балабақшам , бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашты мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық.

1.Вика : 5 жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата- ананы

Мектепке кетіп барамыз

2. Әли Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл - санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз

3.Алия Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біз мектепке барамыз!

4. Рашид: Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен

Мектепке біз барамыз

Ән: «Кел балабақшаға» Кел , кел, досым бақшаға

Естимісің үнімді

Сауат ашып , тіл дамытып

Қайырмасы: Білім бастауы бақшада, 2- рет

Кел, досым, кел бақшаға.

Бірліктерден ондықты ,

Ажыратып жүрейік.

Қосып алып сандарды

Есептеуді білейік.

Қайырмасы: Білім бастауы бақшада, 2- рет

Кел, досым, кел бақшаға.

Ертек айтып, әңгіме

Құрастыра білейік.

Шынықтырып денені,

Шымыр болып жүрейік.

Қайырмасы: Білім бастауы бақшада, 2- рет

Кел, досым, кел бақшаға.

5. Райхан Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

6. Мансур: Аю, қасқыр , жолбарыс

Арыстан мен піл , барыс-

Ойыншықтар , тұрыңдар

Ойын - сауық құрыңдар.

7. Ваня: Түлкі, қарсақ, қоянмын

Үкі, борсық, шаянмын

Ойыншықтар , тұрыңдар

Ойын - сауық құрыңдар.

8. Бейбарыс: Тышқан, кірпі , тасбақа

Кесірке мен құрбақа-

Ойыншықтар , тұрыңдар

Ойын - сауық құрыңдар.

9. Аружан: Күшік , мысық , балапан

Қуыршағым - балақан

Ойыншықтар , тұрыңдар

Ойын - сауық құрыңдар.

Бес саусақ: Оң қолда бар бес саусақ

Сол қолда бар бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты бес саусақ

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты , жеті, сегіз , тоғыз , он .

Ән: айтыс Домбырам басы ырғайды

Қыздар қолын бұлғайды

Шақырғанда бармасаң

Әлдене деп қарғайды

Ол қарғысың өзіңе

Екі қара көзіңе

Қыз қарғысы өтпейді

Маған тіпті жетпейді

Енді саған ермеймін

Шақырсаңда келмеймін

Айналайын десеңде

Кәмпитімді бермеймін

Бала бала , қырт бала

Аузымдағы құрт бала

Сілекейлеп бермейсің

Сусын болсын жұрт бала


































Қош бол , балабақшамыз

Мектеп бізді шақырады


Тәрбиеші: Кульбаева А.С




© 2010-2022