Тіл дамыту тақырыбы Құстарға қамқорлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы:Құстарға қамқорлық.

Мақсаты: Балаларды ауылымыздағы қыстайтын құстарды танып, атай білуге үйретуді жалғастыру, құстардың қимылын, дауысын салу арқылы эмоциялық сезімдерін жетілдіру, өлең оқу, жаңылтпаш айту барысында сөйлеу қарқынын, дауыс шамасын өзгерте, есте сақтау машықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге, толық жауап беруге дағдыландыру, құстарды аялауға тәрбиелеу.

К/з: қыстайтын құстардың суреті ( тақтада), ақпараттық құрал қолдану,(слайд көру) құстар баспанасы, жемсауыт, құстардың, ұсақ суреттері (фланелеграфта), құстардың суреті бейнеленген ертегіге арналған атрибуттар, балалардың жаман, жақсы қылықтарын бейнелейтін сурет - слайд

Әдіс -тәсілдер: жұмбақ шешу, сұрақ - жауап, көркем сөз қолдану, көрсету.

Әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс -

әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы



Іздену -

ұйымдастыру

шылық















































Рефлексивті-

коррекция

лаушы

Балаларды шаттық шеңберіне жинау.

Ән салуға барамыз,

досымызды табамыз.

Сәлемет пе міне мен

доспын енді сенімен.

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

Балалар жаңа біз доспын енді сенімен деп достық қолын созып жатырсыңдар топта сендердің достарың бар екен.

Ал енді біздің табиғатта қандай қанатты достарымыз бар екен?

Әрине, қанатты достарымыз құстар.

Балалар сендер қандай қыстайтын құсты білесіңдер?

(Балалар жауабы).

Ал енді осы аталған құстарды тобымыздан көргелерің келе ме?

Олардың бізге қойған бір талабы бар екен, егер жұмбағымызды шешсе қазір мына экраннан көрінемін дейді.

Жұмбақ:

Еркін самғап ұшсын деп,

мәпелейміз, баптаймыз,

Бейбітшілік құсы деп,

Қандай құсты атаймыз?

(көгершін)

Экраннан көгершін бейнесі көрінеді.

Балалар, біз көгершін жайлы көп әңгіме айтқанбыз.

Қане есімізге түсірейікші, көгершін қандай құс?

(Басқа құстарға қарағанда ірі, адамға тез үйренеді, адамнан қорықпайды).

Түстері қандай болады? ( ақ, қоңыр, көк). Көгершіндердің қай мүшесі жақсы жетілген?(көзі). Көгершіндер қыста қалай ұшады? Қалай дауыстайды?

Қонаққа келген көгершіндер қуансын, оларға олең оқып берейікші. Өлеңді мәнерлеп нақышына келтіре оқу керек.

Көк көгершін, көгершін

Көгершін келер жем үшін.

Балалар жем себелік,

Сөйтіп қолға үйренсін.

Келесі сауысқан бейнесін көріп, қалай аталатынын, қалай дауыстайтынын сұрау.

Сауысқандар нені жақсы көреді ( жылтыр заттарды).

Үшінші торғай көрінеді.

атын атау, даусын салу, есту .

Төртінші қарға.

Қарғаға жаңылтпаш айту.

Ала қарға қарға қонды.

Қыс келді, құс қайтты

Жақсы балалар қыстайтын құстарды жақсы таниды екенсіндер, даусын да салдыңдар, құстар сендерге разы.

Тіпті, суықтан қорықпайтын батыр құс деп те атауымызға болады.

Құстар неге суықтан қорықпайды? (жылы тондары суықтан сақтайды).

Ойын:

1) Мен атаған құсты көрсет.

2) Мен көрсеткен құсты ата.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Құс болып самғап ұшайық

Ұшып, ұшып алайық

орнымызды табайық.

Балалар құстарды біз неге досымыз дейміз?

Құстар өсімдектерді, ағаштарды зиянды өсімдіктен қорғайды.

Және сөйтіп өз қоректерін тауып жейді.

Қыста сондай қорек бар ма? Неге жоқ?

Құстардың жағдайы не болады? Біз не істеуіміз керек?

Ұя, жемсауыт жасап, жем шашу керек.

Сонда балалар құстарға суық қиын ба, әлде аштық қиын ба? Әрине аштық.

Ендеше біз әрқашан құстарға қамқор болуымыз керек.

Өлең оқу.

Біз қамқоршы баламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем, су беріп қыс бойы

балапанын бағамыз.

Кезекті тағы ойынға берсек.( слайд қарау).

Жаман, жақсы қылық

Жақсы қасиет болса қол шапалақтау, жаман қылық болса тыныш отыру.

Балалар осындай жақсы қылықтарымыз көп болсын,

Жаман қылық көрсек тыйым салайық. Қандай тыйым сөз айтуға болады?

Жұмыртқаны сындырма,

ұяны бұзба, балапанға тиіспе.

Балалар осы құстарға байланысты қандай болжамдар бар? ( құстар төмен ұшса не болады екен? Ауа - райы бұзылады, күн суытып, аяз, боран болады).

Балалар қараңдар құстар шулап кетті (құстар шуылы).

Ойын «Дала құстарын үй құстарынан бөліп жоғары жинау».

Осы құстар бір күні жемсауыт басына жинала қалып, өз ара былай десіпті (ертегіден үзінді).

Балалар бұдан түсінгеніміз құстар адамдарға қатты разы екен, суыққа да шыдап өз елін, жерін ауыстырмай, өз Отанында болады екен.

Балалар бүгін біз не жайында айттық? Қыста құстарға адамдардан не қажет?

Тәрбиеші балаларды сабақтағы белсенділіктері үшін мадақтау.

Балалар барлығы бірігіп айтады.







сұрақтарға жауап береді.





жұмбақты шешеді

экраннан көгершін бейнесін көру.







өлеңді мәнерлеп оқу.























өлең оқып, құстарға жем шашу





тыйым сөздер айтады

болжам айту



ертегіге қатысу, тыңдау.







Күтілетін нәтиже: Балалар қыстайтын құстарды танып, атай білу керек. Қамқорлық қажет екенін түсіну.



© 2010-2022