Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Алма ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы.

Білім саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»

Бөлімдері: Көркем әдебиет, Сурет

Тақырыбы: «Алма» ертегісі , «Алма»

Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп- баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін дамыту.

Түрі: кіріктілген сабақ.

Типі: дамыта оқыту «Тәй-тәй» технологиясы.

Қолданылған әдіс - тәсілдер:сұрақ- жауап,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Алма ағаштың суреттері, ойын.

Билингвистика: Алма- яблоко ,ертегі- сказка.

Іс -әрекет сатылары

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылықты оятатын сәт



Ұйымдастыру кезеңі



Ғылым орталығы.



Ертегі оқу.

Сұрақ қою.



Сергіту сәті.


Ойын:


Өнер орталығы.


Сұрақ қою.


Сергіту сәті.



Қау. ержесі



Шаттық шеңбер

Қоршаған өмір әлемі

Не деген көркем, әдемі

Сол сұлулықты сақтайық

Мадақтайық, мақтайық Балалар бүгін біздің көңіл-күйіміз өте тамаша болуы керек. Көңіл- күйлерің жақсы ма? Ендеше қол шапалақтайық.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Алма»ертегісі.

Кітап орталықта біз алма ертегісі туралы толығырақ білеміз, ал өнер орталықта алма суретін салып көреміз. Сондықтан, кім қандай орталықта жұмыс істегісі келеді өздерің таңдап, қарточкаларды алып бөлінеміз.

-Балалар ғылым орталығына қош келдіңіздер!

Өлең оқу:

Өлең не туралы?

Табиғатты қорғамасақ не болады?

Балалар менің қолымда кітап. Сол кітап жай кітап емес сиқырлы кітап. Сол кітаптың ішінде ертегілер көп екен. Сол ертегінің бірін мен қазір оқып беремін сендерге «Алма» ертегісі деп аталады, ал сендер мұқият тыңдандар. Сосын мен сендерден не түсінгендеріңді сұраймын.

Сұрақ- жауап.

1.Ертегі не туралы?

2.Алманы кім бірінші көреді?

3.Қоянға кім көмектеседі?

4.Қарға алманы жерге түсіріп алғанда, кім оны ұстап алады?

5.Кірпі қоянға алмасын береме?

6.Кірпі мен қоян дауласып жатқанда кім келеді?

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп женайық

Қалтамызға салайық

Ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегіні кім айтып береді?

Шарты:

Алма кетті домалап

Көше бойы аралап

Кім алманы табады

Сол ойынан шығады.

Балалар, өнер орталығына қош келдіңіздер.

Балаларға алманың суреттерімен көрсетіп сабаққа деген қызығушылықтарын оятамын.

Алманың пішіні қандай?

Алманың түсі қандай?

Алманы сендер жақсы көресіңдерме?

Бас бармақ- әкем

Балаң ү йрек- шешем

Ортан терек- ағам

Шілдір шүмек- әпкем

Кішкентай бөбек -мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балаларға керекті құралдарды таратамын.

Қарандашты ауызға

салмаймыз, саусақты сулап

өшірмейміз.

Практикалық жұмыс

Балалар қазір мен үлгілерді сендерге таратамын. Ал сендер оны алдарыңдағы ақ қағазға әдемілеп бастырасыңдар. Болған соң оны әдемілеп бояймыз. Керек жерінде балаларға көмектесемін.

Балалар қуанады.


Балалар қол шапалақтайды


Балалар екі орталыққа бөлінеді.



Балалар қуанады.

Өлең табиғат туралы, табиғатты қорғау керектігін айтылған.

Балалар қуанып, қызығушылығын ояту.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Аю алманы үшке бөліп береді, барлығы достасып тату өмір сұре бастайды.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Иә, ұнады ертегіні айта бастайды.

Балалар шеңберге тұрып ойынды ойнайды.


Суретке қарап сөйлейді.

дөңгелек

қызыл, сары, жасыл

иә.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.


Қау. ережесін естеріне түсірді.

Балалар өз жұмыстарына кірісті.

Рефлекстік түзету

- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге

ұнады ма?

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді

аяқтаймыз.

Иә, ұнады..

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Білу керек: Алма туралы ертегіні білу,

Болу керек: әңгімені тыңдай отырып сұрақтарға толық жауап беру,

Үйрену керек: алманың суретін салу, түрлі- түсті бояумен бояп үйрену.



© 2010-2022