Көркем әдебиет Айна ертегі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегі

Ерте-ерте, ертеде бір сұлу болыпты. Жаны мөлдірден мөлдір. Өзі әлемнің сұлулығын бойына жиған сұлу екен. Ол күлгенде әлем күліп, мұңды жан мұңын ұмтыпты. Солған гүл тіріліп, ұйқыдағы жан ояныпты. Өлген адамды ғана оята алмайды екен. Ол аруға адам түгіл аңдар аңтарыла қарап, құстар ұзыыын боп шұбатылған әсем көйлегінің етегін тұмсықтарымен тістей ұшып, құндыз мамық терісін табанына төсейді екен. Оны ешкім ренжітпепті. Ренжітуге қимапты. Ал, жігіттер сөз айтуға бата алмай, ол аруды сыйлапты. Оның сондай ғажап алқасы болыпты. Ол алқа жарқырағанда әлем түгел жарқырайды екен. Ол қыздың бір жүзігі болыпты. Ол жүзіктің мөлдірлігін мөлдір мұң деп те, мөлдір көл деп те, мөлдір көз деп те жеткізе алмаймыз.
Жақсыны қанша жақсы болса да күндеушілер табылады. Оның бұл жүрісін, өзгеге тек қуаныш сылайтынын көре алмағандар да болыпты. Арудың өзін құшу, әрине, мүмкін ғой, бірақ оның ағыл да тегіл махаббатына ие болу, әппақ жүрегінен орын алу үшін анау-мынау жігіт жарамайды. Өзгелер оның осы қылығын ұнатса да, сынай бастайды. Өздері ертегі, жырларында арман ететін кейіпкерлерін көрсе де, оны қабылдауға, онымен өмір сүруге дәрменсіз екендеріне ашулары келіп, қызды кінәлауға сылтау іздейді. Тіпті таппаған соң «сен неге біздей болмайсың?!» деп дүрсе қоя береді. Олар арудың киімдерін киіп алсақ, ол көріксіз боп қалады деп ойлайды. Сосын қыздың қызыл шарқатын, әппақ көйлегін, сары орамалын тартып алып, оған дөрекілік көрсетіп, жанын жаралайтынды шығарды. Тіпті, біреуі әдемі алқасын жұлып алып, оны отқа лақтырады. Ал, бірі жүзігін тартып алып, оны көлге лақтырады. Өздері тағуға болмайтынын білетін еді олар, өйткені жақсы жандардан «сыбағасын» тартады ғой. Қыз сонда да еш мұңаймапты. Тіпті жыламапты да. Тек, күлімсіреп, шарқатын алған адамға қалай орауды, орамалын алған адамға бйлауды үйретіпті. Тіпті, оларға қосымша тағы сыйлық сыйлапты. Қыздың бұл қылығына олар таңданыпты. Қателіктерін мойындап, аяғына бас ұрыпты. Тартып алғандарын да қайтарыпты. Қыз олардың алғандарын алмай, керісінше, қонақ қылыпты. Біраздан соң олардың пенделіктері тағы да оянып, тағы да әлдене ойластыра бастапты. Әлбетте, бұл топ тым аз еді, Құдайға шүкір. Енді олар қыз жасаған жақсылықтарды теріске шығаруды көздепті. Таныс емес жандарға да амандасатын қасиетін ақымақтық, үйіне келген қонағының аяқ киімін де тазалап қоятын қылығын әсіре жағымпаздық, біреудің жақсы жағын көретін қылығын саралауға қабілеті нашар, таяздыққа балапты. Қуаныштарына айналған сол қызды жанында көлі бар бір таудағы үңгірге апарып қамап тастапты. Оған әлгі сұлу құндыздар жәрдем етіпті. Суға тастағанда, балықтар ол қызды көріп, ғашық болып, алып қалғысы келіпті. Бірақ, қыздың судан мөлдір жасын көріп, шыдамай жағаға әкеледі. Су астында қыз өз жүзігін тауып алады. сосын оны отқа тастайды. Қыздың оттан ыстық жүрегіне таңданған оттың тіл-аузы байланғаннан сөйлей де, жана да алмай тоқтап қалыпты. Қыз ол жерден алқасын тауып алады. Әбден қиындық көріп, оларды көргеніне де қуанып отырған қызды көктен әлдеқандай бір жігіт келіп алып кетіпті. Содан бері жер бетінде ондай қыз жоқ екен. Білетіндер, оның аты Жарық болған деседі. Біреулер Сәуле еді дейді. Қазақ жақсы көрген жанын жарығым, сәулем дейді ғой. Егер сіз күндіз аспанға қарасаңыз, жарқырап тұрған жарық күнді көресіз. Ол - арудың алқасы. Түнгі аспанды айдын қылып жүзген ай арудың жүзігінің көзі. Айдың кейде суда бейнесі дірілдеп тұрса, ол бір кездері суда болғанда, оның сол жерде қалған нұры деп біліңіз. Күн оттай ыстық болса, отқа түскендіктен емес, ару жүрегіне жақын болғандықтан дейді. Ал, қыз жер бетіне сол күйі келмей кетті деп ойласаңыз, қателесесіз. Қыз жер бетіне күнде келіп, жарығын себеді екен. Ол жер бетіне керек екенін білетіндіктен, бәлсінуге ұялады.
Қыз өзіне қастандық жасағандарды да жақсы көріп, оларды да өз жарығынан кенде қалдырмайды екен. Адамдар оны әлі күнге дейін қатты аңсайды. Қыз жер бетінен қалай көтеріледі, сол мезет қараңғылық орнайды. Кеште ол кеткенде оның орнын жоқтатпау үшін жасанды жарыққа жүгіреді. Ал, ең ізгі құндылығы - білімін, иманын жүрек жарығы деп атапты. Күнде ұйқыға жатар алдында олар ертеңгі көрер жарығына сеніп жатады. Сізде де солай ғой, иә?
Кемпірқосақты білесіз. Қызылды-жасыл көркем жаратылыс. Жаздың махаббатқа толы жаңбырынан соң көрінеді бізге. Бірақ ұстатпайды. Міне, бұл сәуле-жарықтың су-айнаға қарағанда шағылысқан жанарының қиығы ғана. Кемпірқосақ шыққанда ол сұлу сыңғырлай күліп, шаттанып жатыр деп қабылдаңыз.




© 2010-2022